Тақырыбы: Қазіргі олимпиадалық тұлғалар


Міне, жоғарыдағы мәліметтерге қарап отырсаңыз тәуелсіздіктен бері қазақ спортшылары Олимпиададан 19 медаль жеңіп алған. Оның 5-еуі алтын, 5-еуі күміс, 9-ы қола медаль



бет5/7
Дата21.12.2022
өлшемі39,59 Kb.
#163539
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дене 1 реферат-1
sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, дәрістер, Плацента
Міне, жоғарыдағы мәліметтерге қарап отырсаңыз тәуелсіздіктен бері қазақ спортшылары Олимпиададан 19 медаль жеңіп алған. Оның 5-еуі алтын, 5-еуі күміс, 9-ы қола медаль.
Енді санаулы күннен кейін Бразилияда Рио-де-Жанейро олимпиадасының алауы тұтанады.
Бекзат Саттарханов Бокс, Сидней-2000 Сидней олимпиадасының ең үлкен сенсацияларының бірі – Бекзат Саттарханов. 20 жасында олимпиада ойындарының чемпионы атану – санаулыларға ғана бұйыратын бақыт. Бұған дейін оңтүстікқазақстандық жас боксшыны көпшілік танымайтын десек қателеспейміз. Сондықтан Бекзаттан Сиднейде мамандар алтын жүлдені күтпеген еді. Финалдық кездесудің алдында оның қарсыласы американдық боксшы Рикардо Хуарестің мысы басым болып көрінді. Себебі, Хуарес бір жыл бұрын ересектер арасында әлем чемпионы атанған болатын. Ал Саттархановтың ең үлкен жетістігі - 1998 жылы жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында күміс медаль олжалады. Алайда, шаршы алаңда Хуарес керісінше қорғануға мәжбүр болды. Бірінші раундтан соң есеп 5:2, қазақ жігіті алда. Екінші кезеңнен соң таблодағы көрсеткіш 15:4-ке жетті. Хуарес үшінші раунда ғана ұйқыдан оянғандай болып, қарсыласына қарай ұмтылды. Американдықтың шамасы есепті 22:14-ке дейін қысқартуға ғана жетті. Бекзаттың талантына тәнті болған беделді мамандар «бұл жігіт үш дүркін олимпиада чемпионы атанады» деп те болжам айтқан.


Ермахан Ыбрайымов Бокс, Сидней-2000 Ермахан Ыбырайымовтың олимпиаданың алтынын жеңіп алудағы жолы ауыр болды. Оның алдындағы олимпиада ойындарында жартылай финалға қарсыласына жол беруге мәжбүр болды. Алайда намысқа тырысқан Ыбрайымов Сидней алаңында жеңіске лайық екенін дәлелдеді. Жартылай финалда американдық Джермэйн Тейлормен жұдырықтасқан Ыбрайымов алғашқы раундты 3:3 есебімен аяқтаса, екінші раундта қарсыласын төпелетті-ай кеп. Есеп 16:8. Бұдан соң американдық тек қашумен болды. Ақыры есеп 29:14-ке жеткенде Тейлорды аяған төрешілер кездесуді тоқтатып, Ермаханның қолын көтерді. Дегенмен, келесі жекпе-жектің орны бөлек еді. Қазақ боксшысының қарсыласы румын Марин Симион өте шымыр әрі техникалық тұрғыдан шебер спортшы ретінде танылған. Ермахан секілді Атлантадағы олимпиада ойындарында қол жүлдені қанжығасына байлаған Симион 1999 жылы әлем чемпионы атанды. Өте тартысты өткен кездесуде жерлесіміздің мерейі үстем болды. Үшінші раундтан соң румын боксшысы 19:18 есебімен алда қеле жатқан. Алайда, төртінші раундта Ермахан тегеурінді соққыларымен қарсыласын есеңгіретіп, 25:23 есебімен жеңіске жетті. Былғары қолғабын шегеге ілген соң Ыбрайымов 2002-2004 жылдар арасында ұлттық құрама команданың бас бапкері болды. 2008 жылы Бейжіңдегі ойындарда ауыр атлет Илья Ильин мен боксшы Бақыт Сәрсекбаев мықтылығын дәлелдеп, елге жеңіспен оралды.
Ольга ШИШИГИНА Жеңіл атлетика, Сидней-2000 Әйелдер арасындағы қазақстандық жеңіл атлетика тарихында небір жарқын спортшы қыздарымыз болды. КСРО чемпионаттарында жеңімпаз атанып, Олимпиада ойындарына жолдама алғаны қаншама. Сол жұлдыздар тобында Ольга Шишигинаның орны ерекше. Ол әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен жалғыз қазақстандық жеңіл атлет. Сиднейде Шишигинаның алдына жалғыз-ақ мақсат қойылды - 100 метрге кедергілермен жүгіруден алтын медальды жеңіп алу. Австралияға Ольга жеңістен негізгі үміткерлердің бірі ретінде аттанғанымен, сарапшылардың пайымдауынша мәре сызығын нигериялық атлет Глори Алози кесуі тиіс еді. Алғашқы 50 метрде шынында да оқиға спорт мамандарының ойындағыдай өрбіді: ысқырық естілісімен Алози алға қарай ұмтылды. Бірнеше кедергіден сәтті секіріп өткен нигериялық спортшы қыздың аяғы кенет соңғы кедергілердің біріне тиеді. Ал бұл дегеніңіз уақыттың жоғалуын білдіреді. Қашықтықтың соңғы метрлерінде бірінші орынға Шишигина озып шығып, олимпиада чемпионы атанды. Ольганың оның алдындағы жетістіктері де жоғары: 1994 жылы Хиросимада өткен Азия ойындарындағы жеңісі, 1995 жылдардағы жазғы (Гетеборг) және қысқы (Барселона) әлем чемпионаттарының күміс медаль иегері. Одан кейін 1999 жылғы жабық жайда өткен (Маэбаши, Жапония) әлем чемпионатында алтын жүлдені олжалады. Ұзақ жылғы үзілістен соң Шишигина тағы да биікке көтерілді. 2007 жылы Канаданың Эдмонтон қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді. Алайда, көп ұзамай чемпион спортшымыз жарақат алуына орай үлкен спортпен қоштасты. 


Бақыт Сәрсекбаев Бокс, Бейжің-2008 Сәрсекбаев Өзбекстанда туып, өсті. 2002 жылы осы елдің құрамасында Азия ойындарының қола жүлдегері атанса, 2003 жылы Афро-Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Бірақ соған қарамастан Сәрсекбаевты Өзбекстан бокс федерациясы олимпиадаға аттанаты ұлттық құрама алмай қойды. Бұдан соң Бақыт азаматтықты өзгерту жайлы шешім қабылдайды. 2004 жылдың желтоқсан айында Қазақстан чемпионы атанады. 2006 жылы студенттер арасында әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Сол жылы Қатар астанасы Дохада өткен Азия ойындарында алтыннан алқа таққан жалғыз қазақ боксшы да осы Сәрсекбаев. 2008 жылы Бейжің олимпиадасы енді басталған тұста американдық боксшы, 2007 жылғы әлем чемпионы Джордж Андраде «Нью-Йорк таймс» газетіне берген сұхбатында «менің жалғыз қарсыласым Бақыт Сәрсекбаев, себебі ол нағыз әлемдік деңгейдегі боксшы. Өзге қарсыластарды қаперіме де алып отырғаным жоқ», деп мәлімдеме жасады. Алайда, Андраде жартылай финалда кореялық Ким Чон Джуға жол беріп қойды. Өз кезегінде Кимді жартылай финалда Сәрсекбаев талқандады. Ал ақтық жекпе-жекте қазақ боксшысы кубалық қарсыласы Карлос Бантеураны айқын басымдықпен тізе бүктірді. Олимпиададағы жеңісінен соң Бақыт бокстан кеткені жайлы мәлімдеме жасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет