Тақырыбы: «Бала – ата-ананың көз қуанышы, жүрегінің нұры, жанының бір жапырақ бөлшегі» Күн тәртібінде



бет4/5
Дата06.11.2023
өлшемі31,03 Kb.
#189940
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ата аналар тренг№1 жиналыс (1)
ата аналар жиналысы тренинг, ата аналар жиналысы тренинг
7. Тест «Сіз қандай ата-анасыз?»
Нұсқау: баламен қарым-қатынас кезінде жиі қолданатын сөйлемдерді белгілеп, оң жақ бағандағы ұпайларды есептеңіз:



Сұрақтар

балл

1

Саған неше рет қайталап айтуға болады?

2

2

Маған кеңес бере аласың ба?

1

3

Сенсіз қалай болар едім?

1

4

Кімге тартты екенсің?!

2

5

Сенің достарың қандай жақсы адамдар!

1

6

Енді, сен кімге тартқансың?..

2

7

Мен сенің жасыңда…

2

8

Сен менің қорғанымсың және көмекшімсің

1

9

Не қылған достар сенікі осы?

2

10

Не ойлап жүресің осы ылғи?

2

11

Ақылдым менің!

1

12

Сен қалай ойлайсың балам?

1

13

Бәрінің баласы бала да, менікі…

2

14

Менің балам қандай тапқыр!

1

Нәтижелері:
5-7 ұпай: баламен қарым-қатынасыңыз тұрақсыз. Оның дамуы кездейсоқ жағдайларға байланысты. Сізге ойлану керек!


8-10 ұпай: сіздің балаңызбен қарым-қатынаста кейбір қиындықтарыңыз бар. Оның проблемаларын түсінбейсіз және оның дамуындағы кемшіліктері үшін кінәны баланың өзіне аударуға тырысасыз.


11 Ұпай және жоғары: сіз балаңызбен өте жақсы қарым-қатынастасыз. Ол сізді өте жақсы көреді және бұл қарым-қатынас оның тұлға ретінде қалыптасуына жақсы әсер етеді

Әрине, бұл тест -іс жүзіндегі жағдайыңызды білдіреді.- Бірақ, негізінде қандай ата-ана екеніңізді өзіңізден артық ешкім білмейді!



 Қорытынды. Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата - ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған ата - аналарымыз аман - есен жүрсін деген тілекпен бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. 
Ананың кезі бар ма кекті болған, 
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан. 
Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек: 
«Құлыным,байқасаңшы»,- депті оған ... 
Адамның бауыр еті, жүрегі бала. Сондықтан да осы жүректі аялы алақандарыңызбен ұстап балаларыңызға деген ақ тілектеріңізді жеткізіп бір-бірлеріңізге беріңіздер

  1. І тоқсан қорытындысы

  2. Түрлі мәселелер (күзгі демалыс және техника қауіпсіздігі, оқушылардың үйірме, секцияларға қатысуы және т.б.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет