Тақырыбы: Бала психологиясының даму ерекшеліктері



Дата06.01.2022
өлшемі92 Kb.
#109686
Байланысты:
Тақырыбы
Даму психологиясы, Білім беру саласы басқарушыларының құжаттар түрлері, Білім беру саласы басқарушыларының құжаттар түрлері, Дана жұмысы, Емтихан, ТАРИХ АТА 2024

Тақырыбы: Бала психологиясының даму ерекшеліктері

  • Дайындағандар: Асанова А
  • Тоқтамысова Б
  • Қалапберген А
  • Тұрмахан А
  • Жәнібек Г

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ПСИХОЛОГИЯСЫ

  • Жұмабекова Ф.Н., Нұрғазиева Н.М., Жамалиева С.М. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту». – Астана, 2011. Аталған еңбекте мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясы қарастырылған. Баланың туған кезінен бастап мектепке оқуға дайындау мәселесі қарастырылған. Әдістемелік оқу құралы мектепке дейінгі мамандарды дайындайтын оқу орындарының оқытушыларына, тәрбиешілерге, психологтарға, магистранттарға, студенттерге арналады.
  • 1.1 БАЛАЛАР ПСИХОЛОГИЯСЫ – БАЛАНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ Педагогика, физиология, педиатрия ғылымдарымен қатар балалар психологиясы да баланың психикасының дамуын зерттейді. Балалардың жас ерекшеліктері үш кезеңге бөлінеді: Бірінші кезең – ерте балалық шақ - туғаннан бастап үш жасқа дейін; Екінші кезең – балалық шақ – үш жастан бастан он жасқа дейін; Үшінші кезең – ересек шақ. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы балалар психологиясының құрамдас бөлігі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы олардың туғаннан бастап жеті жасқа дейінгі дамуының психикалық ерекшеліктерін зерттейді.
  • Психология ғылымында психикалық даму қоғамдық-тарихи тәжірибе тұрғысынан қарастырылады. Баланың психикалық дамуы үшін адамзаттың бойына жинақтаған қоғамдық-тарихи тәжірибесі маңызды. Ағзаның құрылымы мен жұмыс істеуі балалардың жеке ерекшеліктеріне байланысты. Психикалық даму толыққанды болу үшін ми қыртысы мен жоғары жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі маңызды. Миға зақым келуі немесе дұрыс дамымауы өз кезегінде психикалық дамуды тежейді. Сондықтан, баланың іште жатқан кезінен бастап барлық жағдай жасалуы оның қалыпты дамуының кепілі.
  • Баланың психикасының дамуы ортаға да тәуелді. Бала өзінің белсенді әрекеті арқылы әлеуметтік тәжірибені меңгереді. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру арқылы бала қабілеттерге ие болады. Балалардың психикалық дамуының негізгі механизмі әлеуметтік, әрекеттің тарихи қалыптасқан түрлері мен формалары болып табылады. Қоғам әлеуметтік-тарихи тәжірибені мектепке дейінгі білім беру мекемелері арқылы жүзеге асырады

1.2 БАЛАЛАР ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ

  • Мектеп жасына дейінгі баланың дамуын зерттеу күрделі мәселе, оның өзінің ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер төмендегідей принциптерге бағынады: Ізігілік принципі. Жеті жасқа дейін баланың психикасына сыртқы жағымсыз ықпалдар әсер етеді, сондықтан да зерттеу барысы ізгілік принциптеріне негізделуі тиіс. Психолог немесе зерттеуші баланың мінезқұлқының ауытқуының шынайы себебін анықтайды.
  • Бала туғаннан бастап әлеуметті ортаға тап болады. Қоғам баланы адамның қолымен жасаған затттар арқылы білім, біліктілік, дағдыларды меңгеру 6 процесінен табысты өтуге үйретіп қана қоймай, тұлғаның тәрбиесіне де көңіл бөлінеді. Үйрету, тәрбиелеу, дамыту үнемі өзара тығыз байланысты.
  • Тиімділік және ғылымилық принциптері. Аталған принциптер психикалық дамуды, оның механизмдерін, заңдылықтарын балалар психологиясы тұрғысынан қарастырады. Тиімділік пен ғылымилық принциптері мектеп жасына дейінгі баланың толыққанды адам екенін, яғни әлемге өзінің көзқарасы барын, ойлау ерекшелігін ескергені дұрыс. Баланың ішкі әлемінің дамуын түсіну үшін зерттеуші арнайы психологиялық білім, ұғымдар, психология ғылымының негізгі идеяларымен қарулануы тиіс.
  • Бақылау психологиялық фактілерді мақсатты бағытталған қабылдау мен фиксацияны білдіреді. Кез-келген бақылаудың алдына мақсат қойылады. Бақылауды бастамас бұрын оны жүргізу схемасы жасалады, жасалған схема алынған мәліметтерді дұрыс талқфлауға көмектеседі. Бақылау барысында зерттеуші баланың табиғи әрекетін көре алады. Бұл бала тұлғасы туралы шынайы нәтиже алуға көмектеседі. Бақылау шынайылығы үш шартты сақтау барысында анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет