Тақырыбы: «Білім беру моделі-оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамыту негіздері»



бет3/8
Дата27.10.2022
өлшемі4,79 Mb.
#155132
1   2   3   4   5   6   7   8

 Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары және қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Білім берудің жаңа үлгісін ендіру тұлғаны дамыту үдерісі ретінде тәрбиеге басты назар аударылуда. Әлем тәжірибесіне сүйене отырып PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы құрылды. Жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сатысында оқушының білімді күтілетін нәтижеге қарай сапалы меңгеруі, білім берудің әлеуметтік мәнін ұғыну арқылы кіріктіру мәселесі әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейде көтеруді талап ететіні сөзсіз. 12 жылдық білім беруде әлемдік тәжірибені ескере отырып, ұлттық ерекшеліктерді сақтау, оқытуды нәтижеге бағыттау үшін субъектілік қатынасты ұйымдастыра алатын мұғалімдерді дайындауға басымдық беріліп отыр.

Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады. Осыған орай, Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт негізгі механизмін бөліп көрсетеді.

  • «Математикалық сауаттылық»- ауызша, жабаша қабілеттерін қалыптастыру арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере білу қабілетін шындайды.
  • Математика- барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика – оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді. Математика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, математиканың негізін қалыптастыру, ұғындыру, түсініктерін тереңдетуде бастауыш сынып мұғалімдерінің математикалық білімдері терең болуы керек. Сонда ғана математикалық сауаттылығы қалыптасқан тұлға тәрбиелей аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет