Тақырыбы: Бірлескен топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі



бет2/3
Дата21.09.2022
өлшемі149,08 Kb.
#150262
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Венера 22
Венера 44, Венера 33

.Топқа бөлу Топқа бөлу: «студент », «Ұстаз», «институт» сөздері бойынша 3 топқа бөлемін.Топ атауларын төмендегіше болуын қалаймын, себебі институтымызда мінсіз, заман ағымына сай,ұлағатты ұстаз болып,сегіз қырлы,бір сырлы білімді саналы мінсіз студент тәрбиелеген алдыңғы қатарлы білім кемесіндегі мінсіз институт болуына тілектеспін. Топтарды осылай атасақ келісесіздер ме? 1 топ «Мінсіз студент » 2 топ «Мінсіз ұстаз» 3 топ «Мінсіз институт » 3 сөз арқылы топтарға бөлініп отырады. 3 минут

Миға шабуыл: Тақтадағы суреттерге қарауды ұсынамын 1. волейбол 2. футбол 3. хоккей Сіздер мына суреттерден қандай ой түйіндер едіңіздер? Студенттер суреттерге қарап, өз ойларын білдіреді 3 минут

  • Коучинг мақсатын таныстыру Қалай ойлайсыздар бүгінгі коучингіміздің тақырыбы қандай?
  • Осы кезде тақырыпты хабарлаймын.
  • «Бірлескен топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі»
  • Студенттер өз ойларын айтады

Болжау ағашы . Кері байланыс:
1.Қалай ойлайсыздар,сабақ барысында топтық жұмысты қолдану қаншалықты тиімді? 2.Өз сыныбыңызда топтық жұмысты қолданасыз ба?
3. Топтық жұмыс барысында көшбасшы оқушының рөлі қаншалықты маңызды деп ойлайсыздар?
Студенттер сұраққа жауап бере отырып, сабақ барысындағы тақырыптан алған әсерлерін зерделей отырып, шынайы түрде жауап береді. 3 минут
Постер қорғау .«Гүл» жинау әдісі 1-тапсырма
Топтарға ватман таратылады.
Постерді әзірленуге – 5 минут; қорғауға – 5 минут беріледі
1-топ Топта жұмыс істеу ережелері
2- Топ Топтық жұмыстың тиімділігі мен маңызы
3-Топ Топтық жұмыстың тиімсіздігі
Студенттер сұраққа жауап бере отырып, сабақ барысындағы тақырыптан алған әсерлерін зерделей отырып, шынайы түрде жауап береді және оны гүл формасында құрастырады. 12 минут
• Ынтымақтастық
• Өзара әрекеттестік
• Топты
ұйымдастыру
ережесі
• Топтарда жұмыс
істеу ережесі
• Топтың саны
• Топтағы жұмыс
нәтижесі
Топта жұмыс істеу не
үшін қажет?
Топтарды қалай
ұйымдастыруға
болады?
Топтағы бірлескен
жұмыс
Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет?
«Ынтымақтастық» және «бірлескен оқу» дегеніміз не?
Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен оқу соңғы
нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы
болып табылады.
Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып
табылады. Адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген
мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп, атап көрсетілетін,адамдардың
жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен топ
пен жауапкершілік топ мүшелерінің арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың негізгі
аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне
негізделген
Бірлескен оқудың мәні
Ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды
шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының
бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет
ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы
әңгімелесу арқылы білім алады.
Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен
оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін
меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес,
құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.
Жалпы алғанда, топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге
асырылады:
Әлеуметтік
•Тәжірибемен және
идеялармен алмасу;
•Мәселені бірлесіп
шешудің амалын табу;
•Барынша жоғары
ұжымдық нәтижелерге
қол жеткізу
Танымдық
•Жұмыстың баламалы
амалдары туралы
идеяларды ұсыну және
пікір алмасу;
•Маңызды дағдыларды
және түсініктерді дамыту
Эмоционалдық
•Топтың жекелеген
мүшелерінің білімі мен
тәжірибесіне сүйену;
•Күрделі тапсырмаларды
орындау үшін қолайлы
ортаны қамтамасыз ету
Топтағы бірлескен жұмыс жүргізу себептері
Жеке қажеттіліктер
Тапсырманы орындау
Команданы құру
*Тапсырманы анықтау ;
*Жоспар құру ; *Жұмысты және ресурстарды бөлісу ; *Жұмыстың сапасын және қарқынын бақылау; *Жоспарға сәйкес орындалуын тексеру ; *Жоспар түзету .
*Стандартты орнату ; *Тәртіп сақтау; *Командалық рухты дамыту; *Ынталандыру мақсаттылық дамыту ; *Рөлдерді бөлісу , топ ішіндегі қарым – қатынасты дамыту
*Жеке проблемаларға назар аудару ; *Топ мүшелерінің пікірін бағалау ; *Топ мүшелерін оқыту және оларға көмектесу ; *Топ мүшелерінің қабілеттерін тану және ашу .
Топтарда қалай жұмыс істеуге болады?
Топтық жұмыстан барынша көп басымдылық алу үшін, мұғалімдер мен оқушылар
барлығынан хабардар болуы қажет және бақылау мен қарым-қатынас жасау барысында
жеке тұлғалық дағдыларын дамытып, өз ойларын білдіріп және басқаларға қолдау көрсету
өте маңызды
Қарым-қатынас: жазбаша және ауызша
әңгімелесу, тыңдау, ым мен қимылды пайдалану
Өзін-өзі таныту: үстемдік танытпай, топтағы
жұмысқа белсенді қатысу үшін өзіне-өзі сенімді
болу
Басқаларды қолдау: топтың қызметіне
үстемдік жүргізбей, топ жұмысына белсенді
қатысу үшін шиеленіскен жағдайларды шешу
Басқаларды бақылау және басқалар туралы
хабардар болу. Топтың басқа мүшелеріне
қарым-қатынас барысында ықылас таныту.
Топтық жұмыс барысында дамыйтын дағдылар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет