Тақырыбы: «Әлихан Бөкейхан-ұлт көшбасшысы»



Дата24.11.2023
өлшемі2,09 Mb.
#193376
Байланысты:
әлихан слайд
Базарбай Ғабит.срс

Тақырыбы: «Әлихан Бөкейхан-ұлт көшбасшысы»

Ұлттың жоғын ұйықтап жүріп емес, ояу жүріп іздеу керек.

Әлихан Бөкейхан


ғұлама ғалым ормантанушы
экономист
мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы
тарихшы, этнограф
әдебиеттанушы
аудармашы, әрі публицист

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: ­ Әлихан Бөкейхан туралы мәліметтерге өскелең ұрпаққа жеткізіп насихаттау. Зерттеу жұмысы бүгінгі ұрпақтың жүрегіндегі еліне жеріне деген адалдылық батырлық сезімдерін оятуға бағытталған.

Зерттеу жұмысының нысаны: Зерттеу жұмысының нысаны Әлихан Бөкейхановтың ХХ ғасырдың басындағы саяси көз-қарастары, саяси жұмыстары және ұлт зиялылардың азаттық жолындағы күресі.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Отан тарихында Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту үшін күрес мәселесін жеке тақырып ретінде қарастырылуынан туындайды. Қазақстанда хандық биліктің дағдарысқа ұшырауы және Ресейдің отарына айналу кезеңіндегі саяси-қоғамдық, ой-пікірлердің ерекшеліктері мен мемлекеттілікті жаңғырту мәселесі көрсетілуі. Қазақ халқының өз дербестігін, тәуелсіздігін жоғалтқан кезеңнен бастап қазақ халқының тәуелсіздік пен еркіндік үшін жүргізген күрестері Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыспен тарихи сабақтастықта, бірлікте қарастырылуы. XX ғасыр басындағы Әлихан Бөкейхановтардың және басқа да зиялыларының саяси-құқықтық, қоғамдық ой-пікірінің қалыптасу ерекшеліктері және даму эволюциясы және олардың мемлекеттік-құқықтық, көзқарастарына жаңа деректік негізде баға беру, Кеңес дәуіріндегі ұлт – зиялыларының дербестікке ұмтылған идяларына баға беру.

Зерттеу жұмысының әдістері: Жұмыстың барысында нақты кезеңді қарастыру жағдайында диалектикалық әдістемемен тарихи шындық негізге алынды. Қоғамдық тарихи процестердің диалектикалық даму заңдылықтарын , тарихи құбылыстарды обьективті тұрғыда қарастыру бағыты көзделді. Бұл орайда нақты талдау ,салыстырмалық , көпқырлылық ,жүйелік ұстанымдары кеңінен қолданылды.Жоғарыда көрсетілген әдістердің жиынтығымен қоса зерттеу жұмысында мәселеге қатысты ғалымның жаңа тарихи көзқарасы тұрғысында қарастырылды.

Зерттеу жұмысының негізгі міндеттері: 1. Әлихан Бөкейханның жас ұрпаққа батырлығын таныту; 2.Оқушылар Әлихан туралы мәліметтерге ие, бірақ бізге аманат болып қалу үшін қазақ халқының соңғы хандығы туралы толық, түбегейлі таныстыру; 3.Қазақ халқының тарихындағы өшпес, рухани қазынамыз, елі үшін күрескен Кенесары Қасымұлының даңқын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білу.

Жұмыстың қорытынды ұсынысы: 1) Мектептің жоғары сыныптарында қайтадан Алаштану пәні міндетті түрде енгізіліп, оқушылардың санасына құйылу керек; 2) «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасына «Алаш қозғалысы» тақырыбына сағаттар көбірек бөлінсе; 3) Алаш арыстары тек меретойлар, ғылыми конференциялар кезінде қозғамай, күнделікті ақпарат құралдары мен теледеидар беттерінде кеңінен насихаттаса; 4) Алаш қозғалысы туралы деректі фильмдер көбірек түсіріліп, әр апта сайын көрсетіліп отырса

«Ұлылар мекеніне саяхат» тарихи танымдық экспедициясы аясында Әлихан Бөкейхандай арыстың дүниеге келген жері Қарағанды облысы «Ақтоғай» ауданына бардым.

Әлихан Бөкейханның ел басқару ісіндегі 5 ұстанымы 1) Алаш ұлттық демократиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен «жер, жер және жер» болуы керек. Жерсіз Отан жоқ. 2) Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс. 3) Қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек. 4) Қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні, менталитеті өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек . 5) Ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге негізделген, заңға сүйене отырып, Жапония үлгісіндегі ұлттық демократиялық мемлекет құру.

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы

Ресей ФҚҚ орталық мұрағаты Әлихан Бөкейхан туралы материалдардың құпиясын ашты

Әлихан Бөкейхан Алаштың ардақтысы

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет