Тақырыбы: есімше, КӨсемше, ТҰЙЫҚ етістік және етіс, рай категориялары



бет4/6
Дата08.02.2022
өлшемі196,06 Kb.
#98331
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
етіс
Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, Негізгі және туынды үстеулер тарихы, Негізгі және туынды үстеулер тарихы, 800123, терапия барлык сурактар, ата аналарга хаттама-1, 3 сынып ҚМЖ жаңа., § 48 Н.В.Гоголь. «Ночь перед Рождеством»
Тұйық етістік – жақпен де, шақпен де байланысты болмайтын, зат есімдерше түрленетін, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрі. Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, жаз+у, сұра+у, кел+у, сұрама+у, айтыспа+у, жүгірме+у, даурықпа+у, алыстат-у, байла-у, күл-у, жалға-у, оқ(ы)-у, т.б. Бұл сөздер іс-әрекеттің атауы болып тұрғандықтан, тұйық етістік мағынасында да, зат есім мәнінде де жұмсалады. Мысалы, Тұсау –жылқы малына қолданылатын құрал. Тұсау (не?) – зат есім. Жылқыны тұсаулады. Тұсаулады (қайтті?) – етістік. Тұйық етістік септеледі, тәуелденеді, бірақ жіктелмейді.
ТҰЙЫҚ ЕТІСТІКТІҢ ЕМЛЕСІ
1. Дауысты ы, і дыбыстарына біткен етістікке тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбірдегі ы, і дыбыстары түсіп қалады: оқы – оқу, тоқы – тоқу, бекі – беку, жібі – жібу;
2. Қатаң п, қ, к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңғы дыбыстары ұяң б, ғ, г дыбыстарына өзгереді: жап – жабу, тақ – тағу, сеп – себу, төк – төгу, үк – үгу;
3. Етістіктің түбірі и, й, і дыбысына біткен жағдайда тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, сөздің соңғы дыбысы өзгереді: ки – кию, той – тою, кейі – кею, үй – үю;
4. Жу, бу, қу етістіктеріне тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда жуу, буу, қуу, түрінде жазылады.
Рай категориясы
Етістіктің семантикалық, грамматикалық құбылыстары күрделі болып келетін түрі – рай категориясы. Екі тілді тіл білімі сөздігінде:
«Рай – етістіктің сөйлеп тұрған адамның тұрғысынан алып қарағанда шындық болмысқа деген қатысын көрсетеді. Рай модальдық қатынасты, сөйлеушінің іс-қимыл, әрекетке деген субъективтік қатысын көрсететін грамматикалық тәсіл», – делінген
Академик В.В.Виноградов рай тұлғасы туралы:
«Ол іс-әрекеттің модальдығын, яғни іс-әрекеттің сөйлеуші жақ белгілеген шындыққа қатынасын айқындайды», – деп анықтама берді
Қазақ тіл білімінде академик В.В.Виноградовтың пікірін профессор А. Ысқақовтың қолдағанын, рай мен модальдықты бірлікте қарастырғанын автордың мынандай анықтамасынан
байқауға болады: «...сөйлеуші лебізінің, я сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдер арқылы берілу жүйесі модальдық (рай) категориясы деп аталады.
Белгілі ғалым И.Маманов райды модальдықтың объективтік және субъективтік болып бөлінуіне қарай топтайды. И.Мамановтың ойынша «ашық рай сөйлеушінің қимылдың болу-болмауы туралы объективті шындықты баяндауын көрсететін етістіктің арнайы формасы». Яғни, қимыл объективтік шындыққа қатысты болады.
Ал, райдың басқа түрлері сөйлеушінің бір іске субъективті көзқарасын білдіреді. Басқаша айтқанда, сөйлеушінің бір істі қалауы, өкінуі, шарт қоя сөйлеуін көрсетеді
Қазақ тіл білімінің ірге тасын қалаушы, ірі қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлы өзінің «Тілқұрал» оқулығында етістіктің рай тұлғасының он бес түрін атап көрсетті: тұйық рай, билік рай, ашық рай, шартты рай, ереуіл рай, реніш рай, қалау рай, сенімді рай, сенімсіз рай,
болжал рай, мұң рай, көніс рай, азалы рай, теріс рай, қалау рай .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет