Тақырыбы: Гепатит. Бауыр циррозы. Гепатиттер



бет3/7
Дата07.02.2022
өлшемі88,26 Kb.
#84557
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Гепатит Бауыр цир лек

Патологиялық анатомия
Созылмалы гепатиттің екі түрі бар:

    1. созылмалы персистенциялық гепатит;

    2. созылмалы агрессиялық гепатит.

Гепатитің бірінші түрі кезінде қабыну инфильтраты портальды жолдарда орналасады. Бауыр клеткаларының құрылысы сақталады. Қабыну процесі ақырын, некрозсыз жүреді.
Гепатиттің екінші түрі кезінде қабыну бауыр клеткаларымен бірге порталды жолдары бұзылады. Бұл кезде бауыр дистрофиясы мен фиброзы тез дамиды. Бауыр үлкейіп, беті кедір-бұдырланып, құрылысы бұзылады.
Аурудың симптоматикасы
Созылмалы гепатит 3 синдроммен мінезделеді:

    1. астеновегетативтік;

    2. диспепсиялық;

    3. бауыр жетіспеушілігі синдромдарымен көрінеді.

Астеновегетатифті синдромға: әлсіздік, тез, (шаршағыштық) шаршау, жүдеу сияқты белгілер жатады.
Дискинезиялық синдромға: тәбеттің төмендеуі, жүректің айнуы, құсу жатады.
Бауыр жетіспеушілік синдромына: ұйқышыл болу, қансырау, дененің сарғаюы, асциттің пайда болуы жатады.
Бұл аурумен сырқат адамның бауыры үлкейіп, қабырғы доғасынан 5-8 см дейін шығып тұрады. Ремиссия кезінде қайта кішірейеді.
Бауыр байқауларындағы өзгерістер: белок саны көбейеді. Тимол байқауы, АЛТ, АСТ, ЛДГ мөлшері жоғарылайды. Ремиссия кезінде байқаулар қалыпты жағдайда келеді.
Персистенциялық гепатитте клиникалық белгілер онша айқын емес. Науқасты оң жақ қабырға астындағы аурулар мазалайды, диспепсиялық белгілер пайда болады.
Зертқаналық өзгерістер онша айқын емес.
Аурудың ағымы
Персистенциялық гепатит өте ұзақ дамиды (20 жылға дейін). Науқастардың жағдайлары бірқалыпты болады. Циррозға айналуы өте сирек кездеседі. Агрессивті гепатит жиі-жиі рецидив беріп отырады. Агрессивті гепатитпен ауыратын науқастардың 20-40% цирроз дамып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет