Тақырыбы: Ы. Алтынсариннің педагогикалық іс-әрекеті



бет3/4
Дата26.10.2023
өлшемі26,48 Kb.
#188371
1   2   3   4
Байланысты:
ы.алтынсариннің педагогикалық іс-әрекеті
10-СЫНЫП 17-41 ТАҚЫРЫПТАР, 100 датадан ТЕСТ. (51-100)-1
Ғабдулғали Балғымбаев оқу-ағарту ісіне ерекше еңбек сіңірді. Ұлы ағартушының шәкірті ғана емес, оның ісін ілгері жалғастырушылардың бірі, ыбырайдан кейінгі соңғы қазақ инспекторы болып бекітілді.Инспекторлық қызметі кезінде 22 мектеп ашқандығы белгілі
Жамаледдин Бейсенов– Ыбырай Алтынсариннің шәкірті, ізбасары. Бұл кісі Ыбырай Алтынсариннің жолын қуып, мол білім нәрімен сусындады. 1891-1895 жылдары Орынбор қазақ мұғалімдер мектебінде оқыды. Оқушылар мектебін бітірген соң Қостанай екі кластық орыс-қазақ училищесінде мұғалімнің көмекшісі болып жұмыс істеді. 1905 жылы Жітіқара – Шұбар болыстық мектебінің меңгерушісі болды. 1912 жылдан Забеловский екі кластық орыс-қазақ училищесін басқарады.
Ахмет Байтұрсынов бүкіл қазаққа рухани мектеп болды. Жаңа мектептер ашудың жолдарын көрсетті. Ол – ағартушы, ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы.Ыбырай бстаған игі істі тағы да Ахмет жалғастырды. Қазақ халқының тарихында тұңғыш рет ол қазақ тілі және әдебиеті бойынша «Тіл құралы», «Сауат ашқыш» және «Әдебиет танытқыш» үш томдық көлемді де салмақты еңбек жазды.
Біләл Аспандияровкөрнекті педагог, ғалым, Қаз.КСР-нің еңбек сіңірген мектеп мұғалімі. Қостанай облысы Қарабалық ауданында туған. Қостанайдағы Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған екі кластық және Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. Ауылдық мектеп мұғалімі, Қостанай педагогикалық техникумның ұйымдастырушысы, жоғары оқу орындарының оқытушысы, Қаз.КСР ҒА тарих, археология, этнография институтының аға ғылыми қызметкері болды. Қазақ мектептеріне арналған орыс тілінің алғашқы оқулықтары мен әдістемелік құралдардың, тарих, педагогика, психология ғылымдары саласындағы «Русская книга для казахских школ», «Уроки русского языка для начальной школы», «Учебник русского языка для начальной школы», «Учебник русского языка для военно-обязанных казахов» деген еңбектерінң авторы. Аса көрнекті педагогтардың шығармаларын, «Логика» оқулығын қазақ тіліне тұңғыш рет аударды, алғашқы «Орысша –қазақша сөздік», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» авторларының бірі болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет