Тақырыбы: Қызықты математика есептері



бет10/11
Дата03.04.2023
өлшемі2,16 Mb.
#173626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
қызықты матем

Теңдеу біз үшін ойлайды
Егер сендер теңдеудің кей кездерде біздің өзімізден гөрі алдын ала болжағыштығына күмәнданатын болсаңдар, мына есепті шығарып көріңдер.
Әкесі 32 жаста, баласы 5 жаста. Қанша жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 10 есе үлкен болады?
Ізделіп отырған мерзімді х арқылы белгілейік. х жыл өткен соңәкесі 32 + х, ал баласы 5 + х жаста болады. Әкесінің жасы ол кезде баласының жасынан 10 есе үлкен болуы себепті, мынадай теңдеу шығады:
32 + х = 10 (5 + х)
Мұны шешіп, х = -2 болатынын табамыз.
«Минус 2 жылдан соң» деген «екі жыл бұрын» деген сөз. Біз теңдеу құрған кезімізде, болашақта ешқашан әкесінің жасы баласының жасынан 10 есе үлкен бола алмайтынын ескермегенбіз – ондай қатынас тек өткен уақытта ғана болуы мүмкін еді. теңдеу бізден өткен ойлампаз болды және де өзіміз жіберіп алған ағаттықты ескертті.
Сиқырлы шаршы
Тапсырма:1,2,3 сандары үш қайтарадан, тоғыз тор көзден тұратын кесте берілген. Осы сандарды тоғыз тор көзден тұратын шаршыға көлденеңінен де,тігінен де, диагональдары бойынша да қосындысы ға тең болатындай етіп орналастырыңыздар.[№3,2014 ж, Алгорифм журналы]

Жауабы:


1

1

1

2

2

2

3

3

3




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет