Тақырыбы: Қызықты математика есептері



бет7/11
Дата03.04.2023
өлшемі2,16 Mb.
#173626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
қызықты матем

7


7-есеп (Эксперимент жасау әдісімен шешу)
27 алтын монетаның біреуі жалған және оның салмағы басқа монетадан ауыр. Күйентелі таразы көмегімен 3рет өлшеу арқылы және гирді қолданбай жалған монетаны анықтау керек.
Шешуі : 1өлшеу. Осы манеталарды әрқайсысы 9 болатын үш үймеге бөлеміз. Таразының екі басына 1 және 2 үймелерді қоямыз.2 өлшеу. Егер осы жағдайда таразы тең болмаса, басып тұрған жағын аламыз да оны үш үймеге бөлеміз( Егер таразы теңдікті көрсетсе, онда жалған монета 3-үймеде). Әр үймеде 3 монетадан болады. Алдыңғы амалды қайталаймыз да қай үймеде жалған монета бар екенін білеміз. 3 өлшеу. Енді осы үш монетадан тұратын үймені үшке бөлеміз. Таразы табақтарына бір бірден монеталарды қоямыз. Егер бір жағы басса, жалған монета сол жақта. Егер тең болса жалған монета үшінші монета болады.
Логикалық есептерді теңдеулер жүйесі арқылы да шешімін табуға болады.
8(а)-есеп . Аулада тауықтар мен лақтар бар. Олардың 19 басы және 46 аяғы бар. Аулада неше тауық және лақ бар?
Белгісізге белгілеу енгіземіз:
Бастары: тауық – х Аяқтары: тауық –
лақ – у лақ –

Теңдеулер жүйесін құрамыз



38 – 2у + 4у =46
2у=46 – 38
2у=8
у=4
х = 19 – 4 =15
х = 15
Шешімдерін зерттеу: тауық – 15, лақ – 4
бастарының саны: 15 + 4 = 19,аяқтарының саны: 2 =46
Есептің жауабы: 15 – тауық, 4 – лақ


Ертегі есеп
8(ә)-есеп.«Қаз бен түлкі»ертегісін оқи отырып, мынадай есепті байқаймыз.
«Түлкісін аярлыққа бермейтін дос
Көрейін сенде қанша ақыл мен ес.
Балапан, көжек санын өзің тапшы
Аяқтары 94, басы 35» [5]

  1. Есептің мәтінін түсіну.Түлкінің айлакерлігі, қаздың ақылдылығы, балапанда – 2 аяқ, көжекте -4 аяқ

9-есеп. Ақдананың ойлаған санынан ең үлкен бір таңбалы санды азайтып, нәтижеге ең кіші екі таңбалы санды қосқанда 100 шықты. Ақдана қандай сан ойлады?
Шешуі: сан – х, алып, теңдеу құрамыз
(х-9) + 10 =100
х – 9 = 90
х = 99
Жауабы: 99


10-есеп. Түлкі 33 тышқан аулады. Ол аулаған тышқандарын тышқан санын әр түрлі етіп, 6 үймеге бөліп үйді. үймелердің ең үлкенінде 8 тышқан бар. Келесі үймедегі тышқандар маны оның алдыңғы үймедегі тышқандар санынан 1 тышқан кем. Ең соңғы үймеде неше тышқан бар?
Шешуі: Барлығы – 33 тышқан бар
8 7 6 5 4 3

Жауабы: Соңғы үймеде 3 тышқан бар


11-есеп.Бастапқыда автобуста 14 адам болды. Автобус қозғалды, одан ол тоқтады. І- ші аялдамада 6 адам кірді,8 адам шықты. Кейінгі аялдамада 7 адам шықты, 4 адам кірді. Келесі аялдамада 1 кісі кірді. Бүтін жолда кісілер қанша, аялдама қанша?
Шешуі:
Аялдама: 1+1+1+1=4
Адамдар: (14+ 6 )- 8- 7+ 4+ 1=10 адам
Жауабы: 4 аялдама
10 адам.
Логикалық есептердің саны да, шығару да тәсілдері де алуан түрлі. Математика ғылымында логикалық есептер бірнеше түрге бөлінеді, соларға жеке – жеке тоқталайын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет