Тақырыбы: Жазба жұмыстарын жүргізудің жолдары



бет1/4
Дата05.12.2022
өлшемі23,74 Kb.
#161394
  1   2   3   4
Байланысты:
лекция 7-9
қ.т.о. әдістемесі, Дежавью, Soft power 1, Бастауыш сыныптарда ғылыми, Формирование воспитательно, Өндірістік (пс.-пед.) практика Педмамандықтар-20 СО (1), 25-05-2020.rus, 12 лек ландш, инерция, инерттілік және Ньютонның 1 заңы

Тақырыбы: Жазба жұмыстарын жүргізудің жолдары
Мақсаты: Оқушының жазу орфографиялық сауаттылығын арттырудың басты көзі – жазба жұмыстарды жүргізу жолдары мен оларға қойылатын басты талаптарды студенттерге ұғындыру.
1. Жазба тіл мәдениетін игерудің басты қағидалары
2. Жазба жұмысының түрлері, оған қойылатын негізгі талаптар Негізгі ұғымдар: жазба жұмысы, тіл мәдениеті, сауаттылық, емле ережелері, тыныс белгілер.
Дәріс мәтіні:
1. Мектептерде оқушылардың тілін дамыту айтылым және жазылым арқылы іске асырылады. Айтылым және жазылым тілінің бір арнада тоғысып, байланысуы сөз мәдениетінен көрініс беретіні белгілі. Сөз мәдениеті ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып бөлінеді. Жазба тіл мәдениетін игеруде оқушы бірнеше қағидаларды есте ұстауы қажет:
1. Ауызекі сөйлеу тілінде нақышты сөз өрнектеріне қоса ым-ишара, мәнерлі қимылқозғалыстар адамның жан-дүниесіне әсер етсе, ал жазба тілде ойды оқырманға дәл жеткізу үшін әрбір сөз, әрбір тыныс белгісі өз орнында келіп, ой мен сезімге бірдей дөп тиіп жатуы қажет.
2. Дұрыс жазу үшін баяндайтын оқиғаның мазмұнын толық, жан-жақты, егжейтегжейіне дейін біліп алу керек. Айтар ойды жалаң, жаттанды сөздермен жазуға әуестенбей, өз тілімен ұғындыра білген жөн.
3. Тілдік құралдарды дұрыс қолдана білу үшін, ең алдымен оларды талғай да, таңдай да білу қажет. Бұл – керекті сөздерді саралап сұрыптау, керекті тәсілді таңдай білу, оны орнымен тіркестіріп, басқа сөздермен байланысқа түсіре білу деген сөз. Жазғаны дұрыс болу үшін грамматиканы үйреніп, талдай білу керек.
4. Жазудағы сауаттылық әдетте емле (орфография), тыныс белгілерінің (пунктуация) дұрыс қолданылуына қарай белгіленеді. Ойды жазбаша түрде дұрыс қағазға түсіру үшін әрбір тыныс белгілерін өз орнына қоя білу керек.
Сондықтан ойды дұрыс құрып, сөз мағынасын жете түсініп, сауатты жазу - жазба тіл мәдениетінің негізі.
2.Жазба жұмыстарын талапқа сай сауатты өткізу мұғалімнен үлкен шеберлікті, әдістемелік сауаттылықты қажет етеді. Сондықтан жазба жұмыстарының кең тараған түрлеріне:
1. Мазмұндама
2. Шығарма
3. Диктант
Мазмұндама жаздыру – тіл пән мұғалімдерінің ең бір күрделі жұмыстарының бірі. Мазмұндама өткізілу мақсатына байланысты:
• Үйрету
• Бақылау
Ал өткізілу тәсіліне байланысты:
• Ауызша
• Жазбаша
Мәтін мазмұнын жеткізуге байланысты:
Шағын
• Толық
• Мәтінге жақын
• Шығарма элементтерімен.
Мазмұндама жаздыру арнайы дайындықты қажет етеді. Мұғалім ең алдымен тақырыпты дұрыс таңдауы, оқушылардың білім деңгейі мен жас ерекшеліктерін ескеруі керек. Мазмұндама жазу мазмұндама мәтінін оқудан басталады. Мұғалімнің оқуы үлгі болып табылады, сондқтан мұғалім мәнерлеп оқудың талаптарын, орфоэпиялық норманы жақсы білуі шарт. Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі:
1) Мәтінді оқуға дайындық кезеңінде;
2) Мәтінді оқу барысында;
3) Оқып шыққаннан кейін.
Сонымен, мазмұндама жаздырудың негізгі кезеңдерін атайтын болсақ, олар:
1. Мазмұндама жаздыруға әзірлік кезеңі: мәтін тақырыбын хабарлау, мазмұндама жұмысының мақсатын түсіндіру, мәтін авторы туралы кіріспе; мәтінді оқу, мазмұнын айту, оқушы зейінін жазылатын мазмұндаманың сюжетіне аудару, мәтіндегі негізгі ойға талдау жасау; мазмұндама жұмысы жүйелі әрі сапалы болу үшін жоспар құру; сөздік жұмысын жүргізу, мәтін мазмұнын айту; мазмұндама мәтінін екінші рет оқу.
2. Мазмұндаманы жаздыру кезеңі.
3. Мазмұндама жұмысын талдау кезеңі. Мұнда жазба жұмысының қандай дәрежеде орындалғанына баға беріліп, қорытынды шығарылады.
Оқушылардың жазба тілін дамытуда шығарма жаздырудың орны бөлек. Белгілі әдіскер С.Жиенбаев мектепте оқушылар жазатын шығарманың анықтамасын беріп, оның көркем шығармадан айрымашылығын төмендегідей ашып көрсеткен еді: «Шығарма деп оқушы өз жанынан шығарып жазғанды айтамыз. Мектепте сабақ ретінде жазылатын шығарма мен кәдімгі көркем шығарма жазудың айырмашылығы бар, оқушыға шығарма жаздырғанда, белгілі бір тақырып беріледі. ...Мектеп баласына жаздыратын шығарма толық мағынада авторлық шығарма дегенге келіңкіремейді... Ал оның шығарма деп аталатын себебі: мұнда бала, бір жағынан, мектепте оқыған сабақтарына сүйене тұрса да, сонымен қатар материалдарды өзінше жоспарлап, өз білгенінше мазмұндайды».
Шығарма жазу көркем мәтінді нақтылы түсінуге, оқушылардың әдебиет жөніндегі өз білімін кеңейтуіне, оқығанын талдай білуге, өз сезімін, ойын жазбаша түрде бере білуге үйретеді. Шығарманың бірнеше түрлері, соның ішінде мектепте кең тарағаны:
а) әдеби тақырыпқа байланысты шығарма;
ә) шығармашылық әңгіме түріндегі шығарма;
б) пейзаждық шығарма;
в) поэзиялық туындылар бойынша жазылатын шығарма. Әдіскер Б.Ш.Кәтенбаева еркін тақырыпқа жазылатын шығармаларды былайша топтастырады:
1) Әр оқушының қалауына байланысты оқиға негізінде жазылатын шығарма. Аталған шығарма авторы оқушының өзі болады, жазба жұмысы бірінші, үшінші жақпен жазылады.
2) Белгілі бір табиғат көріністеріне, қоғамдық өндіріс орындарына, еңбек ардагерлеріне, оқушының қол жеткен табыстарына байланысты шығарма.
3) Сурет бойынша шығарма.
4) Көркем әдеби шығармалар мен ғылыми-публицистикалық әдебиеттерден оқығандары негізінде шығарма.
5) Тыңдалған әңгіме, оқылған лекциялардан жазып алынған жазба-шығарма. Шығарма жаздырудың да мазмұндама жұмысы сияқты дайындық, жазу, аяқтау, тексеріп бағалау, талдау кезеңдері болады. Шығарма жоспары да мазмұндама сияқты үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Кіріспе бөлімі негізгі ойға бағдар береді де, негізгі әңгімеге әкелер баспалдақ болады. Негізгі бөлім шығарманың түпқазығы, идеясы және соған байланысты мәселелерді ашады. Мұнда тақырыпқа сай айтылатын негізгі ой нақты дәлелдермен алға тартылады. Ал қорытынды бөлімде түпкі шешім, нәтиже шығарылады.
Шығарма жазуға үйретудің негізгі сатыларына келер болсақ:
1) Шығарма тақырыбын таңдап алу және оны талдау.
2) Шығарма идеясын анықтау.
3) Шығарма жоспарын жасау.
4) Шығарманы аяқтау және қорытындылау.
5) Жазылған шығармаға талдау жасау.
Сауаттылыққа үйретудің тағы бір негізі – диктант. Диктанттың негізгі мақсаты – оқушылардың теориялық білімін сынау, бағалау, сауатты жазуға үйрету. Диктанттың өткізілу мақсатына қарай бірнеше түрлері бар:
1. Әріп диктанты
2. Буын диктанты
3. Сөз диктанты
4. Сөйлем диктанты
5. Сөздік диктанты
6. Түсіндірме диктант
7. Терме диктанты
8. Еркін диктант
9. Шығармашылық диктант
10. Көру диктанты
11. Өздік диктанты
12. Қатеден сақтандыру немесе ескерту диктанты
13. Бақылау диктанты
Диктант өткізудің де әдістемесі бар. Ең алдымен талапқа сай мәтін іріктелініп алынады. Мәтін іріктеуде төмендегі шарттар ескерілуі тиіс:
Диктант мәтіні мазмұнды, түсінікті, әдеби тіл нормаларына сай болуы.
✓ Диктанттағы сөз мөлшерінің сыныптар бойынша талапқа сай болуы.
✓ Сирек қолданылатын, жазуда қиындық келтіретін сөздердің мейлінше аз болуы.
✓ Диктант мәтінінің өтілген ережелер мен емлелерді қамтуы.
✓ Мәтін мазмұнының тәрбиелік мәнді болуы.
Диктант жазуда оқушыға қойылатын талаптар:
• Мәтінді мұқият тыңдап, түсініксіз жерлерін бірден сұрау керек.
• Сөйлемдерді зейін қоя тыңдап, қатесіз жазуға тырысу керек.
• Шала тыңдап, қасындыларға, мұғалімге кедергі жасамауы керек.
• Мұғалімнің диктантқа байланысты берген тапсырмаларын орындауы керек.
• Таза, ұқыпты жазуды естен шығармауы керек.
Тұжырымдар:
1. Мектептерде оқушылардың тілін дамыту айтылым және жазылым арқылы іске асырылады.
2. Жазба жұмыстарын талапқа сай сауатты өткізу мұғалімнен үлкен шеберлікті, әдістемелік сауаттылықты қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет