Тақырыбы: Жазба жұмыстарын жүргізудің жолдары


Сөзді болмыспен салыстыру ұстанымы



бет4/4
Дата05.12.2022
өлшемі23,74 Kb.
#161394
1   2   3   4
Байланысты:
лекция 7-9
қ.т.о. әдістемесі, Дежавью, Soft power 1, Бастауыш сыныптарда ғылыми, Формирование воспитательно, Өндірістік (пс.-пед.) практика Педмамандықтар-20 СО (1), 25-05-2020.rus, 12 лек ландш, инерция, инерттілік және Ньютонның 1 заңы, Искусственный отбор Дидактический материал 2
Сөзді болмыспен салыстыру ұстанымы. Лексиканы оқытқанда сөз мағынасы өмірмен тікелей ұштастырылуы талап етіледі. Әрине, бұл ұстанымды қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты 2 түрлі жағдайда жүргізілуі мүмкін. Оның бірі сөзге лайықты келетін суретті табу да, екіншісі суретке қарап отырып, оның атын (сөзді) табу. Бұл екі әдіс те оқушылардың ойлануына, білгенін есте сақтауына көмектеседі.
Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны салыстыру ұстанымы арқылы лексикалық құбылысты нақтылап, анқытап дәлелдеп тануға, сөйлеу, жазу кезінде лексикалық қателерді болдырмауға көмектеседі. Сөздердің лексикалық және грамматикалық белгілерін салыстырып түсіндіргенде, әрқашан талданатын сөз сөйлем ішінде, контексте ғана қарастырылуы керек. Өйткені жеке тұрған сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары беймәлім болып келеді. Мысалы, егеу, жамау, сабау, жабу, оқу т.б. сияқты сөздер бірде зат есім, бірде етістік болып қолданылуы сөйлем ішінде ғана байқалады.
Семантикалық ұстаным сөздердің әртүрлі сөздермен мағыналық байланысына қарай лексикалық парадигма жасау қабілетімен байланысты. Лексикалық парадигма дегеніміз айналадағы заттар мен құбылыстардың бір-біріне қатысы қандай болса, оларды білдіретін сөздердің де бір-біріне қатысы сондай болады. Мысалы, өзара қатыстылығы арқылы бір атауға топталатын сөздер болады: таңертең, сәске, түс, екінді, ымырт, кешқұрым сөздері бір күн ішінде болатын мезгіл атаулары. Сөйтіп, лексикалық парадигма дегенде осындай өзара мағыналық байланысы бар, бір тақырыпқа қатысты сөздердің тобын айтамыз. Сондықтан семантикалық ұстаным көпмағыналы сөздер мен омонимдерді, көпмағыналы сөздер мен антонимдерді, синонимдер мен антонимдерді, синонимдер мен түбірлес сөздерді үйренуде қолданылады.
Диахрониялық ұстаным – тіліміздегі сөз байлығының пайда болу, жасалу, қалыптасу тарихын халық өмірімен салыстыра түсіндіруге негізделген. Олар – басқа тілден енген сөздер, көнерген сөздер мен неологизмдер, кәсіби сөздер туралы ұғымдарды түсіндіру барысында қолданылады. Демек, диахрониялық ұстаным – оқушыларға сөздің тарихын, шығу тегін, не пайда болу себебін ашып түсіндіру жолымен лексикалық мағынаны анықтау.
Лексиканы өткен кезде сөздің тура, ауыспалы мағынасына ерекше мән беріледі. Мынандай мысал келтіре отырып, салыстыру әдісін пайдалана отырып түсіндіруге болады:
1) Ол ата-анасын құрмет тұтады (тура мағына).
2) Отан ананы қорғайық! (ауыспалы мағына)
Сөз мағынасын түсіндіргенде сөз бен ұғымды түсіндіру, олардың тепе-тең екендігін мысалдар келтіре отырып түсіндірген жөн. Сөз біткеннің бәрі мағына бере бермейтіндігін де айтып түсіндіру қажет. Ал омоним, антоним, синонимдерді өткен кезде көбінесе салыстыру әдісін пайдалануға болады. Мұғалімнің көркем әдебиеттен мәтіндерді оқып, синоним сөздерді тапқызып, орнына басқа синонимдес сөздерді қойғызып, мәтіннің көркемдік ерекшелігіне талдау жасатқызуы да өз нәтижесін береді. Лексиканы оқытуда әрбір лексикалық категорияны түсіндіру лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны қатар қойып салыстыру арқылы жүрсе ғана ұтымды. Сонымен қатар лексиканы оқыту кезінде мұғалім оқушыларды сөздікпен жұмыс істей білуге үйретуі қажет. Сөздердің шығу тарихын, сөз мағыналарын сөздіктерді қолдана отырып меңгерткізу оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Ал ғалым М.Дүйсебаева («Қазақ тілін оқыту методикасы», 1988) мынадай жаттығу түрлерін ұсынады:
1.Берілген сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарын таптыру.
2.Түбірлес сөздердің қай сөз табына жататынын анықтату.
3.Сөздің түрлену барысын немесе сөз жасау барысындағы айырмашылықтарын ажырату. Тұжырымдар:
1. Тілдің сөздік құрамы мен қорын негізгі зерттеу нысанына алатын тіл білімінің жеке саласы – лексика.
2. Қазақ тілінің лексикасын оқыту 4 ұстанымға сүйенеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет