Тақырыбы: Жазба жұмыстарын жүргізудің жолдары


Тақырыбы: Фонетиканы оқыту әдістемесі



бет2/4
Дата05.12.2022
өлшемі23,74 Kb.
#161394
1   2   3   4
Байланысты:
лекция 7-9
қ.т.о. әдістемесі, Дежавью, Soft power 1, Бастауыш сыныптарда ғылыми, Формирование воспитательно, Өндірістік (пс.-пед.) практика Педмамандықтар-20 СО (1), 25-05-2020.rus, 12 лек ландш, инерция, инерттілік және Ньютонның 1 заңы, Искусственный отбор Дидактический материал 2
Тақырыбы: Фонетиканы оқыту әдістемесі
Мақсаты: Қазақ тілінің жеке саласы – фонетиканың заңдылықтарын оқыту әдістемесін студенттерге ұғындыру.
1. Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері
2. Фонетикалық жаттығулардың өзіндік ерекшеліктері.
Дәріс мәтіні:
Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Әрбір тілдің дыбыстық жүйесінің өзіндік сипатын, түрлі заңдылықтарын білудің маңызы зор. Тіліміздегі дыбыстарды, олардың жасалуын, қолданылу ерекшелігін білмей әдеби тілдегі сөздердегі жазылу, айтылу заңдылығын игеру мүмкін емес.
Ал оқушы тілдің дыбыстық жүйесін жақсы игеруі үшін фонетика-графикалық талдаудың ойдағыдай жүргізілуі қажет. Мұғалімнің оқушының жазбаша да, ауызша да сауатты болуына ерекше назар аударғаны жөн. Ол үшін күнделікті сабақта дыбыстықәріптік талдаулар жүргізіліп, оқушының дыбыстық жүйені саналы түсінуіне толық мүмкіндік жасалуы керек. Сондықтан фонетикалық талдауға мынандай талаптар қойылады:
1.Фонетиканы оқытумен орай мысалды үнемі сөйлем түрінде алмай, сөз тіркесі арқылы да айтайын деген ойын дәлелдеуге бағыт беру тиімді.
2.Оқушыларға берілетін мысал мен жаттығуларды прозалық, поэзиялық шығармалардан алған тиімді. Поэзиялық шығармалармен қатар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар алу оқушыны өте қызықтырады, дұрыс сөйлеуге үйренеді, логикалық ойын жетілдіреді.
3.Сабақта алынатын мысалдардың дұрыс жазылуына, дұрыс айтылуына ерекше назар аудару қажет. Ол үшін сабақ үстінде ретіне қарай мектеп оқушыларына арналған орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктерді үнемі пайдаланып отыру керек.
4.Оқушының фонетика-графикалық талдау жасай білу дағдысын қалыптастыра отырып, күнделікті сабақта ішінара талдату, яғни өтіліп отырған тақырыпқа ерекше көңіл аударту дағдыға айналуы тиіс. 5.Жазбаша және ауызша сауаттылық тіл білімінің дыбыстық жүйесін жақсы игерумен тікелей байланысты.
6.Дауысты және дауыссыз дыбыстардың жергілікті ерекшелікке байланысты екінші бір дыбыспен алмасып айтылатын жағдайы болады. Яғни оқушы фонетиканы оқу арқылы:
• Әдеби тілдің түрлі дыбыстық заңдылықтарымен танысады.
• Дауысты, дауыссыз дыбыстардың жетілуін оңай ажыратумен бірге, түрлі орфографиялық ережелерді есіне сақтап, сауатты жазу дағдысын меңгереді.
2.Тіл білімінің фонетика бөлімін өтіп жатқан кезде талдау көп жүргізілуі керек. Мысалдар сөйлем түрінде де, жеке сөз түрінде де берілуі тиіс.
Фонетикалық талдау:
• Ішінара
• Толық болып бөлінеді.
Мұның ішінара талдауы күнделікті сабақта жүргізіледі де, толық талдау көлемді тақырыптар өткеннен кейін немесе тоқсан аяғында жүргізіледі. Толық талдау жүргізілгенде сөз дыбыстық құрамына, буын түріне, тасымалдануына, сөз екпінінің түсуіне қарай талданады.
Күнделікті өтілетін әр тақырыптың ерекшелігіне қарай сабақта ішінара фонетикалық талдау жүргізіліп отырылады. Мәселен, өтіп жатқан тақырыбымыз «Жуан және жіңішке дауысты дыбыс» болса, онда талдау жуан немесе жіңішке, аралас буынды болып келуіне арналады. Сабақта орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктерді пайдаланған жөн.
Ф.Оразбаева мен С.Рахметованың «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» (Алматы, 2005) мынадай пікір айтылады: «Мұғалім дыбыс тілдің материалдық көрсеткіші, сөз құраудың негізі екенін мысалдар келтіре отырып, түсіндіргені тиімді. Мысалы, тал, сал, бал, қал т.б. сөздерді бере отырып, -т, -с, -б, -қ дыбыстарының сөз жасаудағы рөлін ашып көрсетсе, оқушылар әр дыбыстың өзіндік ерекшелігі барлығын меңгереді».
Ал ғалым А.Исабаев («Қазақ тілі дыбыс жүйесі методикасының негіздері», 1973) дыбыс жүйесі бойынша талдау мазмұнына қарай екіге бөлінетіндігін көрсетеді:
1. Дыбыстар жүйесі бойынша талдау. Бұған тіл дыбыстары, дыбыс пен әріп, дауысты мен дауыссыздар: дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай бөлінуі, иектің қызметіне қарай бөлінуі, тілдің қалпына қарай бөлінуі, үнді, ұяң, қатаң дауыссыздар тобы енеді.
2. Үндестік заңы бойынша талдау. Бұған буын жігі, екпін, буын үндестігі, дыбыс үндестігі: түбір мен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпал, сөз тіркестерінің аралығындағы ілгерінді ықпал т.с.с. жатады. Қорыта келгенде, фонетиканы өту үстінде сабақта талдаудың жоғарыда көрсетілген негізгі түрлері жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет