Тақырыбы: Желтоқсан желі! Мақсаты


Үзеңгі дос жыры. (Бауыржан Үсенов)



бет3/13
Дата05.02.2023
өлшемі54,61 Kb.
#167512
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Желтоқсан желі! Тәрбие сағаты

Үзеңгі дос жыры. (Бауыржан Үсенов)
Дүр сілкінді қойдан да қоңыр аймақ
Бағы жана ма? Қала ма соры қайнап?
Ұран жазып, қып - қызыл ту көтеріп,
Біз де келдік алаңға «Елім - айлап»...
... Жауды алаңға тілектің нөсері кеп
Шешеннен соң сөйлейді шешен үдеп
«Демократияны бұғаудан босатыңдар!
Әр халыққа - өзінің көсемі!» - деп.
Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр
Көлеңкеміз, күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен? Қайдан келген?
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл...
... Көп адамның бір босап қалды – ау іші
Іске аспады алдау мен арбау ісі
Брежнев алаңы күңіреніп,
Шықты осылай халықтың жан даусы.
Тәртіп қорғау санаға екті нені?
Өз халқына ойпырмай кекті ме еді?
Азаматты сойылмен қанға бояп,
Шаштан сүйреп қыздарды тепкіледі.
Түсті табан астына қолдан байрақ
Сенім бізді әкепті сорға айдап,
Бұл сұмдықты көргенше тірі жүрмей
Өлген жақсы - депсің сен сонда, Қайрат.
Аспанда тұрды төбеде нала құсып,
Сақшылар жүр бөрідей ала түсіп,
Жасырмаймыз, жазықсыз аруларға
Араласып кеттік біз ара түсіп.
Бар болғаны сол еді «қылмысымыз»
Савицкийді көрген жоқ бір кісіміз.
Кейін соның қазасы таңылғанда
Аң - таң болып қан жылап тұрды ішіміз.
Нөсер бұлты жетпеді көшіп қырдан
Шыбық өлді кеудеде өсіп тұрған.
Шындық деген жоқ екен сотыңда да
«Атуға» деп міз бақпай кесік қылған.
Біреу қорғап дүние - ай жақ ашпады
Қайрат сені осылай аластады.
Құрбандыққа күні бұрын белгіленген
Артық адам сен болдың Алаштағы.
Ақтық сөздің арманы – хатта қалды.
Көріп жүрміз қиып - ап сақтағанды
Қайрат, Қайрат сен мені естимісің?
Есін жиған халқымыз -«Зэк» ұрпағын
Не азапты бауырым, көтермедік?
Соны жырлап өмірім кетер менің.
Камераңа қанішер салмағанда
Бізбен бірге ақталып кетер ме едің?!
Шайқады ғой біздерді шайтан арба
Соның бәрін жеткізіп айта алам ба?
Түсіп кетсе есіме, қаным қайнап,
Атып шыққым келеді қайта алаңға.
Болат: Ия, сол кездегі желтоқсанның 17-18 күнгі бет қаратпас таулы өңірдің ылғалды аязы да, жалдамалы жендеттердің (насоспен) сүсорғышпен атқылағанда тиген жерін қанжардай тіліп түсер мұздай сулары да азаттық аңсаған жастардың жалындаған жүректерін суыта алған жоқ. Олар ұлтын сүйді. Тіпті қажет десеңіз, олар күллі адамзат баласының жанын, тәнін жеңгенімен рухын ешбір озбыр күш жеңе алмайтынын дәлелдеп шықты. 
Тағдырлары қыстың алғашқы үсігіне тап болған сол кездегі жастар, түрлі оқу орындарының көкөрім студенттері, Исатай мен Махамбеттің, Қабанбай мен Бөгенбайдың, Кейкі мен Кенесарының ұрпақтары екенін көрсетті. Қалай десек те, бүгінгі тәуелсіздікке бастаған сара жол сол бір жылғы Алматыда өткенжастар көтерілісінен бастау алғаны белгілі. Ия, бізге еркіндік оңай келген жоқ. 
Медеу: Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма
Жігіттер ай, айтып айтпай не керек
Жазған екен маңдайыма сорыма,
Біріншіден мен анамды сағындым,
Екіншіден бұл құдайға не қылдым
Бостандықта еркін жүрген жан едім
Енді міне абақтыға жабылдым,
Әкетай ау Пайғамбардай жасың бар
Туа бермес сіз секілді асылдар
Қартайғанда жүрегіңізді жаралап,
Кесір болды ай біз секілді масылдар.
Айналайын, қарындасым, қарағым,
Қолда кісен, мен айдауға барамын.
Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,
Айтшы жаным, қандай жанға баладың.
Айналайын, інішегім, құлыным,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,
Кетіп барам мен айдауға құлыным.
Айналайын ағалар мен жеңгелер,
Сіздерге кім бұл өмірде тең келер.
Сүмірейіп сот алдында отырған,
Бауырыңды енді кімдер ескерер.
Өздеріңе аман — саулық тілеймін,
Өздеріңмен бірге болсын тілегім
Өздеріңе тіл қата алмай достарым,
Қайғы мұңлы өмірімді бастады.
Күнәдан таза басым бар,
21 - де жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!
Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген хош бол, таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
Ардақ: Бұл күндері барлық алаңға шыққандар бейбіт мақсатпен шыққан еді. Ұлттық намыстан басқа ештеңе ойламаған жастар-студенттер, жұмысшылар «Ел мен жер біздікі, неге бізді басқа жақтан келген біреу басқарады?» деген сұраққа жауап іздеп шарқ ұрды. Кеуделерін намыс кернеген олардың жүздеп, тіпті мыңдап көбейе бергенінен қорыққан биік алаңдағы жастарды «Нашақорлар», тіпті «маскүнемдер» деп елге жалған ақпарат таратты. Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген 
Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет