Тақырыбы: Желтоқсан желі! Мақсаты



бет5/13
Дата05.02.2023
өлшемі54,61 Kb.
#167512
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Желтоқсан желі! Тәрбие сағаты

Журналдың 3-ші беті: 
Асанова Ләззат Алтынайқызы (27.07.70, Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжазық а. — 25.12.86, Алматы) — Желтоқсан көтерілісінің (1986) құрбаны. 1985 ж. Алматыда П.Чайковский атынд. муз. уч-щеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты. Көтеріліс қатыгездікпен жанышталғаннан кейін басқа да ұсталған 87 адам қатарында Асановаға Қазақ КСР ҚК-нің 65-бабымен айып тағылып, (Көтеріліске қатысып ұсталғандар жөніндегі Қазақ КСР ІІМ-нің құжаты, (1211-177, 23.02.1990) қамауға алынды. Ләззатжазалаушылардың қолынан қаза тапқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана Асанова Ләззат жөніндегі шындық қалпына келтіріле бастады. Ләззаттың ерлігіне арналған ән (“Қаһарман қыз — Ләззат қыз”. Музыкасын жазған Жоламан Тұрсынбаев, өлеңі — Абдрахман Асылбектікі), ол жөнінде баспасөз беттерінде ғалымдар мен мемлекет, қоғам қайраткерлерінің пікірлері жарық көрді . 
Журналдың 4-ші беті 
Мухамеджанова Сабира Желтоқсан оқиғасының тағы бір қызғалдақ құрбаны-Сабира Мухамеджанова. Ол 1970 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылындағы Ленин жолы атындағы 8 жылдық мектепті үздік бітірді, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты, осы арқылы мұғалімдер мен оқушылар арасында зор беделге ие болды. 1985 жылы сегіз жылдықты үздік бітірісімен, Өскемен қаласында мұғалімдер даярлайтын оқу орнының қазақ бөлімінде оқиды. 1986 жылдың 19 желтоқсанында Өскемен қаласындағы әмбебап дүкенінің маңайына жиналған жастар Алматы оқиғасының шындығын білуге, ізгі-тілек, ниетін білдіруге барған. 16-желтоқсан күні өткен жиналысқа анасымен бірге барған Сабира атып тұрды Ол: (Саңқ-саңқ етіп) 
-Бәріне кінәлі мен. Алаңға мен үгіттеп апардым. Оларды оқу орнынан қумандар. Шеруді де мен ұйымдастырдым, -деп таймастан. Күтпеген жерден кесіп айтқан Сабираның сөзінен жұрт тынып қалды. Оларды семсердей сөздің сесі басты.-О, не дегенің, қызым-ау,- деген анасының шарасыз даусы ғана естілді. Кенеттен Сабира жиналысты тастай салып жүгіре жөнелді. Дүрбелеңге үн қосқаны үшін, өзінің ар-намысына, анасына атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына, училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмаған Өскемен педучилищесінің 1-курс студенті Сабира Мухамеджанова да мерт болады. Біз Сабира әпкемізді желтоқсан құрбаны ретінде мәңгі есте қалдырамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет