Тақырыбы: Желтоқсан желі! Мақсаты



бет6/13
Дата05.02.2023
өлшемі54,61 Kb.
#167512
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Желтоқсан желі! Тәрбие сағаты

Журналдың 5-ші беті 
Cыпатаев Ербол Мұқажанұлы (10.03.1964 ж. Алматы облысы Панфилов ауданының Еңбекші ауылы - 23.12.1986 ж. Алматы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1981-1982 жылдары Кеңшарда жүргізуші болып істеді. 1982-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болды. 1985 жылы Алматыдағы энергетика институтына оқуға түсті. 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. 18 желтоқсан күні ауыр жараланып ауруханаға түсіп, сонда қайтыс болды. Қазақстан тәуелсіздік алған соң ғана Сыпатаев жөніндегі шындық айтыла бастады. Ол туралы баспасөз беттерінде, Желтоқсан көтерілісіне байланысты жарық көрген жинақтар мен кітаптарда жазылды. 
Видео ролик К.Рыскулбеков
Журналдың 6-шы беті:
 
«Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың ақталуы» 
Маздаған жүректе оты жастар еді, 
Көтерген ұлт намысын бастар легі. 
Жандары аязда да лаулап жанған
Ақ жолына әділет құштар тегі. 
Шықты алаңға желтоқсанда шындық деп, 
Жауабына қан ағызды шылық кеп. 
Тебіренді қала, дала, сілкінді тау, маң дала, 
Шегіне жеткен саясат-сайқал сұмдық деп. 
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның. 
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың
Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың. 
Өсер ұлдыңқайсәтте де бірлік болмақ қалауы, 
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы. 
Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы. 
Мұғалім: Желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық. 
Қара мынау ғажапқа, 
Теңдік тиді қазаққа. 
Езгідегі ұрпағың, 
Енді айналмас мазаққа. 
Өзіңдікі елің де, 
Өзіңдікі жерің де. 
Өзіңді өзің еткен бақ
Тәуелсіздік төріңде. 
Мұғалім: Қазақстан жоғары Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды. Бұл күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет