Тақырыбы: Жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы Тапсырмалар



Дата22.02.2023
өлшемі20,64 Kb.
#169778
Байланысты:
анатомия и физ
1 такырып, Биология презентация, 101 Арайлым курсовой БТ-20-1 (1)

Тапсырма №1


Тақырыбы: 1. Жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы Тапсырмалар


  1. Жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы.

Жүйке жүйесі (нервная система) - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.
Жүйке жүйесінің маңызы.
1 Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, сілекей, сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің барлығы да тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.
2 Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен, зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді; тынысалу мен жүрек соғысы жиілейді; қан аз баратындықтан, асқорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды.
3 Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесінің әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті (машина, трамвай, троллейбус және т. б.) өтіп кеткенше тоқтап күтіп тұру; аса ыстық немесе суықтан қорғану; денені зақымдайтын заттарға жоламау және т. б. Адамның ойлауы, саналы мінез-құлқы жүйке жүйесінің күрделі дамуына тәуелді (бағынышты).



  1. Жүйке жүйесінің анатомиясы және эволюциясында қолданылатын ұғымдар мен терминдер.

Анализаторлар (талдағыштар) - белгілі ақпаратты қабылдауға және тануға арнайы құрылған құрылымдардан тұратын жүйке жүйесінің күрделі (қабылдағыш, өткізгіш жолдары, орталықтар) бөлігі.
Аксон - жүйке жасушасының ұзын талшығы.
Афференттік (сезімтал) жүйке - қозуды орталыққа жеткізетін жүйке.
Бипорлярлы - қос тармақты нейрон .
Вегетативті жүйке жүйесі -ішкі ағза қызметін, заттар алмасуын, өрбу үрдістерін реттейді.
Дендрит - жүйкенің тармақталған қысқа өсіндісі.
Дистанциялық қабылдағыштар - бұл ақпаратты тітіркендіргіш көзінен әлдеқайда алыстан қабылдайды.
Интерорецепторлар - ішкі ағзаларда, ұлпаларда, қан тамырларда орналасады, ішкі мүшелердегі өзгерістерді қабылдайды.
Нейроглия - нейрондар аралығын толтыратын жасушаларды атайды.
Синапс - өзара жүйке жасушалары не жүйке мен шеттегі қызмет атқарушы жасушас түйіскен жерінде серпіністі өткізетін арнай ұласуды атайды
Экстерорецепторлар (грек. exterus-сыртқы) - дене сыртында, теріде, ауыз және көздің кілегей қабықтарында орналасқан, сырттан келіп түскен тітіркендіруші әсерлерді қабылдайды.
Эфференттік (қозғалтқыш) - қозуды орталықтан эффекторға жеткізетін жүйке.
Жүйкелік (нервтік) реттеу жолы – жүйке жүйесінің қатысуымен мүшелердің , ұлпалардың, клеткалардың қызметін реттеу жолы.
Нейрон – ми мен жұлын ұлпаларының клеткалары.
Нерв немесе жүйке талшығы – денесі ми немесе жұлында, ганглийде орналасқан нейронның екі немесе бірнеше ұзын талшықтарынан (аксоннан) тұратын жүйке. Нервтер шеткі, яғни перифериялық жүйке жүйесін құрады. Нервтер көп: мидан 12 жұп, ал жұлыннан 31 жұп нервтер шығады. Бұлардың кейбіреулері не сезгіш, не қозғалтқыш талшықтардан, ал кейбіреулері әрі сезгіш, әрі қозғалтқыш талшықтардан тұрады.
Нерв импульстері – жұмысшы мүшенің немесе ұлпаның қызметін, әрекетін тудыратын, бірінен соң бірі жүріп жататын қозу толқындары.
Медиатор — нерв ұштарынан жұмысшы мүшеге (ет, без т.б.) немесе бір нейроннан екінші нейронға қозуды өткізетін биологиялық белсенді зат.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет