Тақырыбы: Математиканың басқа пәндермен байланысы немесе пәнаралық байланыс Мазмұны: кіріспе І бөлім Қазіргі кездегі математика ғылымының теориялық негіздері


ІІ Бөлім Математика ғылымын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру әдістемесі



бет7/11
Дата12.06.2020
өлшемі139 Kb.
#73250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
stud.kz-53761
stud.kz-53761
ІІ Бөлім Математика ғылымын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру әдістемесі

2.1. Математика ғылымын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Қазіргі заманда ғылымның дамуына байланысты мектепте оқушыларға білім беру процесі өз дәрежесінде болуы керек. Өйткені жалпы білімнің мазмұны әртұрлі саладағы ғылымның өзара әрекеті, даму процесінің жаңа тұрғыда жетілуінее ықпал жасайды. Сондықтан қазіргі уақытта мектепте оқыту үрдісі пәнаралық сипат алуы тиіс.

Осы орайда пәнаралық байланыстың өзіндік шығу тарихына тоқталуымыз қажет.

ХҮІ ғасырдан бері қарай пәнаралық байланысқа аса көңіл бөлген мынадай ұлы педагогтарды тауға болады: Я.А.Коменский, Дж.Локк, И.Г.Песталоцци, Ж.Ж.Руссо т.б. Мысалы, Я.А.Коменскийдің пікіріне сүйенсек: «Өзара байланысы бар нәрселердің бәрі сондай байланыс күйінде оқытылуы керек», - деп жазды.

ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында прогресшіл педагогтар, атап айтқанда, Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, Н.Г.Чернышевский т.б. өздерінің ғылыми құнды еңбектерінде пәнаралық байланысқа зор көңіл аударуда болды.

К.Д.Ушинский пікіпінше, ол «қандай да ғылым болмасын беретін білімдер мен идеялар әлемге және өмірге табиғи түрде қабысып, жарқын, мүмкіндігіне қарай кең құлашты көзқарас дарытуы керек», - деп есептеді.

Еліміздің зор қайраткерлері АбайҚұнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уалиханов сынды ақын, жазушыларымыз сол өмір сүрген замандарында қазақ халқына білімнің қаншалықты маңызды екендігін уағыздаған.

Қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин – халқына білім беріп, мәдениетті ел қатарына жеткізуді армандап, бүкіл ғұмырын сол жолға арнаған адам. Оның «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылық» деген екі еңбегі бар. Бұл еңбектерде тұлғаның өзіндік даму қабілетін қалыптастыратын айналадағы болып жатқан құбылыстар туралы, еңбек іс-әрекеттері туралы мол мағлұматтар берілген.

Мысалы, «Қыпшақ Сейтқұл», «Білімнің пайдасы» т.б. әңгімелерінде мағлұматтардың маңыздылығы пәнаралық негізде болуымен сипатталады. Бұл әңгімелерді берілген мақал-мәтелдердің немесе жұмбақтарды алсақ, мазмұнына қарай тақырыптарға бөліп тастаған (адам, білім, еңбек, оқу т.б.). Яғни ұлы ұстаз ана тілі мен орыс тілін қатар алып, оқушының қалыптасуына, жетілуіне зор көңіл аударған.

Бүгінгі таңда пәнаралық байланыс мектепте оқыту процесінің негізгі мәселесіне айналып отыр.

Пәнаралық байланысқа ғылыми еңбектерде алпыстан астам анықтамалар берілген. Мысалы, «Педагогикалық сөздіктегі» анықтамаға сүйенсек, онда былай берілген: пәнаралық байланыс оқу бағдарламаларының өзара үйлесімділігі.

Пәнаралық байланыс ұғымы мынадай бөліктерден тұрады: байланыс құрамы, байланыс амалы, байланыстың бағыттылығы.

І. Байланыс құрамы. Оған байланыстардың маңызды объектілерін жатқызамыз (оқу пәндері арасындағы құрамы мен тақырыбы).

ІІ. Байланыс амалы. Бұны яғни, бір пәннен екінші пәнге хабар беру амалы деп түсінуге болады.

ІІІ. Байланыстың бағыттылығы. Бұнда мағлұматты бір пәннен екінші пәнге хабар беріп отыру бағыты.

Бұдан шығатын қорытынды, пәнаралық байланыс негізі оқыту процесінің бір проблемасы ретінде қаралады.

Қазіргі кезде білімді игеру процесі бұрынғы алынған білімдер мен кейінгі білімдер арасындағы байланыс, қатынас болып саналады.

Қазіргі уақытта пәнаралық байланыс педагогика ғылымдарының негізгі мәседелесі болып отырған жағдайда оны жан-жақты қарастыру барысында мынадай көрнекті философ, педагог еңбектеріне талқылау жасауды жөн кріп отырмыз. Мысалы, философ Б.М.Кедров өзінің еңбектерінде пәнаралық байланыс ұғымына жаңа әдістемелік тұрғыдан қарауды талап етеді.

Пәнаралық байланыс бұл тек білімнің мазмұнына ған қатысты болмауы керек, оның ықпалы оқыту үрдісінің барлық құрамды бөліктерімен байланысты.

Көптеген зерттеушілердің И.Д.Зверев, В.Н.Максимова, В.В.Давыдов, Р.Г.Лемберг, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин т.б. пәнаралық байланыстың мәніне көзқарастары әртүрлі қалыптасқан пікірлері бар.

М.Д.Зверев пен В.Н.Максимова пәнаралық байланыс әдіснамалық қағидалардың бірі, ақыл-ой қызметінің ерекше түрі деп түсіндіреді.

Қазіргі заманда жалпы білім беретін мектептерде білім мазмұны ұстанымдары басшылыққа алынады:

- пәнаралық байланысты оқыту үрдісі кезінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру барысында қазіргі заманға сай ғылымаралық байланысты ұғындыру ұстанымы;

- қазақ халқының немес өз ұлтының бұрыннан қалыптасып келе жатқан мәдени мұрасын меңгерту ұстанымы;

- ҚР-ның мемлекеттік тілін, ұлтаралық, халықаралық қатынас құралдары тілдерін оқып үйрену ұстанымы;

- білім мазмұнын біртұтас жүйе ретінде қарастырып, жеке индивидтің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету ұстанымы;

- білім мазмұнының дүниежүзілік жалпы және рухани мәдени тұрғыда болу ұстанымы.

Білім мазмұны ең біріншіден, қоғамның, мектептің алдына қойған мақсаттарымен анықталады. Бүгінгі заман талабына сай үздіксіз білім берудің әдіснамасы негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім берудің мақсатын, мазмұнын, міндетіе қайтадын жаңарту көзделіп отыр.

Пәнаралық байланыстың міндеті оқу-тәрбие үрдісі арқылы іске асады. Пәнаралық байланыс тек оқыту мазмұнымен шектелмейді, сонымен қатар оқушы мен мұғалімнің оқу процесінің бір бөлшегі болып табылады.

Оқыту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың көптеген амалдары бар: көрнекі құралдар, сұрақтар, ситуациялар, әңгімелер, тарихи оқиғалар. Мысалға пәнаралық байланысқа негізделген сұрақтар әр пәннен бұрын алған білімдерін қайта естеріне түсіріп, жаңа оқу материалын меңгеруге, оларды жүзеге асыруға жағдай туғызатын мазмұнда болуы керек.

Ең бастысы қазіргі уақытта әрбір ұстаз нақты деректерді, нақтылыоқиғаларды түсіндіріп қана қоюмен шектелмеуі керек. Ол деректердің өзара байланысын, бір-біріне әсерін, басты әлеуметтік, экономикалық немес рухани отақ белгілерін бір-бірімен байланыстыру,ортақ заңдылықтарын ашуды көздеуі тиіс.

Сонымен, қорыта айтқанда, пәнаралық байланыс мектептегі оқушылардың өмірлік көзқарастарын қалыптастыруда, жалпы экономикалық – экологиялық білім беруде қазіргі мектептебасты орын алады. Жалпы, өскелең ұрпақты жетілдіруде мектептің білім мазмұнын одан әрі жаңарту, жоғары деңгейге көтеруде, оның қоғамдағы даму процесінен үнемі оқып отыру мақсатындағы ізденістерде ғылымдар жүйесінің бір-бірімен тығыз байланысты болуы пәнаралық байланыстың негізінде қарастырылуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет