Тақырыбы: Математиканың басқа пәндермен байланысы немесе пәнаралық байланыс Мазмұны: кіріспе І бөлім Қазіргі кездегі математика ғылымының теориялық негіздері


Математика ғылымының қарастыратын мәселелерінің бастысы– пәнаралық байланыс тақырыбы



бет6/11
Дата12.06.2020
өлшемі139 Kb.
#73250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
stud.kz-53761
stud.kz-53761
1.2. Математика ғылымының қарастыратын мәселелерінің бастысы– пәнаралық байланыс тақырыбы
Математиканы оқыту процесінде балалардың білімі мен біліктерін, танымдық қабілеттерін дамыту үшін пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. Бұл – ғылымның әртүрлі салаларының арасында айқын шекара жоқ екендігі және олардың бір-бірімен тығыз байланыста болатыны туралы түсініктерді, сондай-ақ дүниеге ғылыми көзқарасты қалыпастыруға табиғат құбылыстарының біртұтастығын, өзара байланысын көрсетуге мүмкіндік туғызады. Сонда баланың бір сабақта алған білімі, әсері, ойы, қиялы, басқа пәнге келгенде тежеліп қалмай, әрі қарай жалғасып дами түсуі, яғни бір пәннен басқа пәндерге көшудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.

Математиканы оқыту процесінде белгілі бір пәнаралық байланысты іске асырылады.



Математика пәні - психология, педагогика, математикның бастауыш курсының теориялық негіздері пәндерімен тығыз байланысты. Өйткені, біріншіден, мектепте қарастырылатын математикалық білімнің мазмұнын таңдап алу, математика дамуының деңгейіне сәйкес анықталады, ал екіншіден, оқытудың әдістемесі білімнің мазмұнына орай іріктеледі, сондай-ақ математикалық түсініктер мен ұғымдардың мән-мағынасын және мазмұнын жете түсіну, оларды тәжірибеде пайдалану мүмкіндік туғызады.

Математика мен қазақ тілінің арасындағы байланыстар:

- грамматикалық және математикалық ережелердің пайдаланылуы;

- математикалық терминдер енгізу арқылы тіл байлығының арттырылуы;

-сөйлем құрастыру барысында үлгілеудің (модельдеудің) пайдаланылуы;

- сөйлем құрау, ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің дамытылуы;

- өлең жолдарындағы буын сандарының теңдігі;

- математикалық тілдің қалыпастырылуы.

Математика мен әдебиеттің арасындағы байланыстар:

- көркем шығармаларды сұрыптау және ортақ немесе дербес белгілерін салыстыру арқылы анықтау және ажырату, теңеулердің қолданылуы;

- халық ауыз әдебиеті үлгілерінің: жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, қаламақ, мақал-мәтелдер, ойын өлеңдердің және т.б. математика сабақтарында пайдаланылуы;

- көркем шығармалардың мазмұны арқылы баланың ішкі сезіміне түрткі салу, ақыл-ойын, санасын жаңғырту және дамыту;

- көркем шығармаларда сипатталатын ата-дәстүр, ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, үлгі-өнеге, тәлім-тәрбиелік материалдарды математика мазмұнына сіңіру;

- ауызша шығарылатын халықтық логикалық ежелгі есептердің мазмұнын саналы түсіну мақсатында ана тілін еркін пайдалану.

Математика мен дүниетанудың арасындағы байланыстар:

- дүниедегі құбылыстарға дәл де әділ баға бере білу;

- өзіндік пікір айту және оны дәлелдеу, өз көзқарасын білдіру;

- математикалық есептердің мазмұны арқылы өзін қоршаған ортамен, табиғатпен және қоғаммен баланы қарым-қатынасқа келтіру;

- айналадағы дүниеде танып білген, жинақтаған деректер мен мағлұматтарды математика сабақтарында пайдалану;

- еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, байлығын, шаруашылығының түрлерін , ғылым мен мәдениетін, табиғатын сипаттайтын фактілерді, деректерді, мәліметтерді және анықтағыш материалдарды пайдалану.

Математика мен бейнелеу өнерінің арасындағы байланыстар:

- заттарды түсіне, пішіне, өлшеміне қарай салыстыру;

- кескіндеу, бейнелеу, безендіру, құрастыру жұмыстары барысында математикалық дәлдіктің және симметрияның пайдаланылуы;

- көркем суретті байқау, көру, бақылау, ажырату, сезіне отырып қабылдау, салыстыру, теңеу;

- көркем сурет шығармалары арқылы геометриялық фигуралардың қолданылуы.

Математика мен еңбекке үйретудің арасындағы байланыстар:

- баланың еңбекке дайын болуын, математикалық білімдерін өмірде, нақтылы жағдайларда практикалық мәселелерді шешу үшін пайдалана алуын қалыптастыру;

- күнделікті өмірге және тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауда математикалық білім, білік, дағдылардың пайдаланылуы..

- құрастыру және бұйым жасау жұмыстарында математикалық дәлдіктің және симметрияның пайдаланылуы.

Метематика мен музыканың арасындағы байланыстар:

- саздық әуен мен ырғақта математикалық дәлдіктің және сан мен үлестің пайдаланылуы;

- нота сауатында математикалық білімнің пайдаланылуы;

- халықтық ән, би, күй, айтыс және термелерді математка мазмұнына сіңіру;

- саздық жанрларды ажырату, салыстыру.

Математика мен дене тәрбиесінің арасындағы байланыстар:

- баланың кеңістікті болжауы және сәйкес түсінікті пайдалануы;

- уақыт аралығы жайындағы тсініктердің қалыптастырылуы;

- баланың қимыл-қозғалысындағы реттік тәртіп және дәлдік;

- қозғалмалы ұлттық ойындардың қолданылуы.

Оқушылар білімді толық игеруі, біліктіліктері мен дағдылардың қалыптасуы, кеңістікті елестетулері, ойлау қабілеттерінің артуы математикалық ұғымдарды меңгеру проблемаларымен өзектес, сабақтас мәселелер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет