Тақырыбы: Қоғам және адам хақында қазақ ойшылдарының топшылаулары



бет5/11
Дата03.01.2022
өлшемі73,29 Kb.
#108530
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2 Лекция Қазақ ойшылдары 2
ТАҚЫРЫПТЫҚ ТЕСТ????, ТАҚЫРЫПТЫҚ ТЕСТ????, ТАҚЫРЫПТЫҚ ТЕСТ????
ГИПЕРМӘТІН №5
Адамның әлемді тану жолындағы тәжірибенің атқаратын қызметі, оның табиғатын, өзара қатынасы туралы талдау жасағаңда Абай тәжірибені шындық пен білімнің айқындаушы белгісі деп қарайтын гносеол. орыс философиясының қол жеткізген табыстарына сүйенеді. Абай сананы, «өз рухын» адам надандыққа қарсы күресте, қажырлы еңбек арқылы үнемі нығайтып отыруы керек деп есептейді. Бір жағынан «сана ерікпен бірігуі қажет», екінші жағынан - сана мен еңбек әрқашанда бір жерден көрінуі керек. Ары таза, еңбекқор, білімді адамдар үшін табиғат құпияларын танудың шегі жоқ. Ақын білімді адам құбылыстар мен заттардың өзінен бұрынғы беймәлім жаңа қырлары мен қасиеттерін тануға кең мүмкіндік алатынын атап көрсетеді. Ол ғылымды: «Адамның білімі қақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпен болады», - деп қарады. Әлемді тануға құштарлық адамның бойына біткен табиғи қасиеті деп есептеді ойшыл. Бірақ, оның бұл мүмкіншілігі үнемі жетілдіріп отыруды тапап етеді. Бала рухани қасиеттерін жетілдіру үшін оның өзін қоршаған ортамен, оның қасиеттерімен, адамдардың қызметімен танысуы керек. Адам табиғат құбылыстарының құпияларын ұғу немесе соған байланысты белгілі бір дәрежеде жорамал жасау арқылы өзінің қызметін нығайта түседі: «Дүниенің көрінген Һәм сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады». Дегенмен ол қоршаған ортаны тануға болатындығын мойындай отырып, сонымен қатар таным қызметінің мүмкіндіктері шектеулі екенін, барша танымның толық аяқталмайтындығын да ескертеді. Ол мұның себебі материалдық әлемнің шексіздігі мен таусылмайтындығында, бітпейтіндігінде деп біледі: «Бұл ғаламды көрдің, өлшеуіне ақылың жетпейді, келісті көрімдігіне және қандай лайықты жарастықты законімен жаратылып, оның ешбірінің бұзылмайтынын көресің. Бұлардың бәріне ғажайып қаласың және ақылың жетпейді». Абай әлемнің шексіздігін мойындау арқылы танымды «үнемі өзгеріп отыратын тур» ретіңде түсініп, «танымның үздіксіз сипаты»туралы жорамал жасайды. Абай таным барысында игерген білім мазмұны туралы айтқанда олардың шынайы болуына баса көңіл бөледі. «Шыңдық пен өтірікті анықтау» жолы - таным жолы болып табылады. Ол адам таным арқылы шындыққа жетеді дегенге сенді. Ақын «хақиқат... Һәмманы білетұғын ғылымға ынтықтықтан» туыңдайды деген тамаша тұжырым жасайды. Бұл тұжырым Абайдың гносеол. пікірінің сырын ашып, оның топшылауынша шындық бейне мен объектіні түсінуге көмектеседі, өз түпнұсқасына сай, яғни, шыңдықтың біздің санамызда бейнелеуіне сәйкес қалыптасады, тек рационалды таным мен сезімнің тұтастығы ғана таным нәтижесі мен сәйкестігінің басты шарты бола алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет