Тақырыбы: Қоғам және адам хақында қазақ ойшылдарының топшылаулары



бет2/11
Дата03.01.2022
өлшемі73,29 Kb.
#108530
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2 Лекция Қазақ ойшылдары 2
ТАҚЫРЫПТЫҚ ТЕСТ????, ТАҚЫРЫПТЫҚ ТЕСТ????, ТАҚЫРЫПТЫҚ ТЕСТ????
ГИПЕРМӘТІН №2


  1. Абай шығармаларындағы қоғам және адам тақырыбы.

Қазақ халқының ұлы ақыны және ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының ағартушылық қызметі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өтті. Оның философиялық-әлеуметтік көзқарастары осы кезде қалыптасты. Ол бағзыдағы кемеңгер ойшылдардың шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, оларды қазақ өміріндегі аса маңызды әлеуметтік мәселелерді түсіндіруге қолданды. Сол кездегі қазақ қауымын толғандырған басты мәселелерге жауап беруге ұмтылды.

Абай әлеуметтанудан арнаулы еңбектер жазбағанымен шығармаларында алуан түрлі әлеуметтік мәселелерді қозғап отырған. өзінен бұрын және кейін өмір сүрген ақын – ойшылдармен салыстырғанда Абай қоғамдық құбылыстардың даму қағидалары туралы, оларды басқару, қоғамның құрылымы, адам, тарихтаға бұқара халықтың және тұлғаның қалыптасуы, оның жоғарғы әлеуметтік-моральдық қасиеттері туралы терең ой қозғады. Яғни адамдарды ғылым және біліммен қаруландырып, олардың сана-сезімін, білімін дамыту, қоғамның дамуына байланысты білімнің ерекше маңызды рөлі, т.б. туралы бірінші болып терең ой-пікір айтқан және қоғам құбылыстарының даму қағидаларының бағыты туралы алғаш рет мәселел қозғап, өзінше шешкен. Абай сол кезде қазақ халқының саяси, мәдени, экономикалық жағынан кенже қалу себебін оның көшпенділігінен, бытыраңқылығынан екендігін халыққа түсіндірмекші болды.

Қоғам туралы мәселе Абайды терең толғандырған. Оның пікірі бойынша, біртұтас құбылыс ретінде қоғамның табиғи негізін халық құрайды. Қоғамның әлеуметтік құрылымы бірыңғай емес, ол бір-біріне қарсы тұрған жіктерден, яғни байлар мен кедейлерден тұратыны ақиқат, дейді Абай.

Қоғамның жіктерге бөлінуі ежелден бар. Сондықтан олардың арасындағы күрес толастаған емес. Қоғам біртұтас, бірыңғай құбылыс ретінде оның ішкі құрылымы алуан түрлі көкейкесті мәселелерді шешуді қажет етеді. Олардың қатарына мүлік арқылы жікке бөлінуі және жеке меншік, таптық құрылым, мемлекеттік басқару және сот ісін жүргізу, қоғамдағы еркіндік, бостандық, теңдік және адамдардың достығы, т.б. жатады.

Абай дүниенің объективтік заңдылығын мойындады, дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпты тұрмай өзгеріп отырады деп біледі.

Абайды адам проблемасы қатты ойландырғанын байқаймыз. Қырық үшінші нақыл сөзінде, тән азағы ішіп-жеу болмаса ол өсіп қуаттанбайды, ал, адамның жан азығы – білуге құмарлығы, бұл болмаса оның малдан айырмашылығы жоқ. Білмекке құмарлықты қанағаттандыру – дүниенің көщге көрінген және көрінбеген қасиеттерін танып білуі, өздену, сұрап білу, ғылымға ұмтылу, дүние сырын білу, бұлар көкірекке сәуле, көңілге сенім береді деп толғанды ол.

Тән азығы мен жан азығының адам өмірінде бір-бірімен байланысты екендігін Абай терең ұғынған: тілек, мақсат, арман сияқты өмірдің күштері адасның денсаулығы, жүйке-жүйелерінің саулығына байланысты қалыптастырылады. Адам бойындағы туа біткен болмысы дамымай ескерусіз қалса, қуаттың (қабілеттің) қайсысы болса да жоғалады, болмаса ешнәрсеге жарамай қалады. Егер оны үнемі ескеріп, күтіп, күнде тексерсе, ол кәдеге асады.

Абай қазақ қоғамының болмысына терең үңіле білді.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол –

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдында,

Оған қайғы жемеңіз.

Өсек, өтірік мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның, білсеңіз.

«Ғылым таппай мақтанба».

Абайдың ойынша, елдің жақсы, жаман болуы оның ынтымақ берекесіне байланысты. Ол ел берекелі болса – жақсы жайлау, ол бір – көл дейді. Абайдың байқауынша, ел еңбекпен көркейеді, елдің шырқын бұзатындар еңбек етпейтін арамтамақтар, еңбексіз жатып ішу адам баласын аздырады: «Тамағы жоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дейді.

Абайдың айтуынша күллі (38-қара сөзінде) адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек. Әуелі надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – залымдық дейді. Надандық – білім, ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.

Жалпы, Абай әлеуметтік мәселелерге моральдық тұрғыдан келеді.

Абайдың әлеуметтік көзқарасында: байлар мен кедейлердің арасындағы айырмашылықтарын, олардың жағдайын, қоғамдағы алар орындарын салыстырып, сауатсыздардың көзін ашып түсіндірмек болған.

Абай жалпы билік ұғымына қалай қарады? Абайдың өмірлік шұғылданған кәсібі – билік, кәдімгі дала биі еді. Әрине, әділ би болды. Қандай қоғамда қандай билік үстем құрады, ол неге негізделеді және би мен заңның арақатынасы қалай ажыратылады немесе неге негізделеді. Билердің шешімі Абай үшін тек қана басқару үшін емес, сонымен қатар халықтың дәстүрі мен танымынан тамыр тартқан «толық ұғым» (концепция).абай үшін бір елдің заңы екінші елге жетекші бола алмайды. Сондықтан да ол қазақ дәстүріне жат патшалық заң – законды жақтырмай, оның отаршыл пиғылына сенімсіздікпен қарап:

Абай Ресей заңына сенімсіздік білдіреді. өйткені отарлық билікті қамтамасыз етуге, соны қорғауға арналған заңда тұрақ болмайды. Ол мемлекеттің күнделіктісаясатына орай бейімделіп отыратындығын, бір ғана жақтың – отаршыл биліктің ғана мүдесіне қызмет ететінін Абай түсінеді.

Сол кездегі билікке, салтқа, заңға қарсы шығуының өзі абайдың рухани тәуелсіздікке ұмтылғанын байқатады.

Хандықты жою – қазақтың мемлекеттігін жоюға және халықтың санасындағы мемлекеттік тұтастық ойлау жүйесін өшіруге алып келеді. Онда ұлттық үстемдік, мемлкеттік тұтастық, бірлік, мемлекеттік мүдде, идеология және ұлттық мақтаныш жатыр. Мұны Абай түсінген. Ол: «Сәулең болса кеудеңде, Мына сзөге көңлің бөл. Егер сәулең болмаса, Мейлің тіріл, мейлің өл. Танымассың, көрмессің, қаптаған соң көзді шел» - деп қатулана сөйлейді. Сондағы айтпағы:

Көп шуылдақ не табар,

Билемесе бір кемел? – деген ой.

«Сәулең болса кеудеңде»

Абай биліктің жағдайын және оның баптарын жақсы білген. өзі де заң шығаруға қатысқан.

Абайдың экономикалық прагматизмді (пайдалылықты) жақтауының себебі, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанға сауда капитализмі еркін ене бастаған. Бұл әлеуметтік қозғалыс басында саудагер таптары болса, бұл тапқа бірте-бірте қазақ жастары да араласа бастаған. Абайдың: пайда деп, мал деп туар ендігі жас, еңбекпен малын сатып түзден жимас, дегенде жастардың сауда ісіне ықыласын бейнелеген. Абайдың арманы малды еңбекпен табу. Жастар жалған жолға түспей, адал еңбекпен мал тауып жұртқа жақса дейді.

Осылайша, Абай әкімшілік және сот мәселелері бойынша өз пікірлерін ашып айтты. Қызметті және басының мүддесіне пайдаланушы жергілікті әкімдердің сайлауларда болатын айла-амалдарын, қулық-сұмдықтарын, алаяқтығын, соттардың әділетсіздігін, сатылшығтығын өлеңдеріңде және қара сөздерінде батыл сынады.

Қазақ халқының мешеулігіне қайырған Абай патриархалды-феодалдық әдет-ғұрыптарды, надандықты, артта қалғандықты, кертарпалықты ызамен сынады. Оларды қазақ халқының прогресс жолындағы басты кедергі деп санады. Қазақстанның дамуына жол ашып, оны мешеуліктен құтқарудың негізгі құралы – орыс білімі арқылы халықты ағарту деп білді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет