Тақырыбы: «сапаны басқару және бақылау»


Стандарттау жқніндегі нормативтік құжаттар талаптарын сақтауға мемлекеттік қадағалау жүргізуді ұйымдастыру



бет17/24
Дата07.02.2022
өлшемі119,54 Kb.
#94862
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
1 сабак

Стандарттау жқніндегі нормативтік құжаттар талаптарын сақтауға мемлекеттік қадағалау жүргізуді ұйымдастыру.
Нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын сақтауға мемлекеттік қадағалау жүргізген кезде белгіленген талаптарды сақтауға бағалау жүргізілуі тиіс.
Осы мақсатпен өнімнің сыртқы түрін қарау, оның сәйкестендірілуі жүргізіледі және оларға сынау жүргізу үшін өнім үлгісі таңдалады.
Іріктеу әдісі мен іріктелген үлгілердің саны нақты өнімнің стандарттар талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Егер өнім стандарты тұтас бақылауды қарастырса немесе үлгілерді таңдау үшін мөлшерлерді белгілемесе, онда іріктеу көлемін тексерілетін объектің басшысы келісім бойынша мемлекеттік инспектормен анықтайды, бірақ тексерілетін топтамадан 10% өнімнен кем немесе тұтас бақылауда үш бұйымнан кем емес.
Үлгілерді іріктеу Б қосымшасы нысаны бойынша актімен ресімделеді.
Нормативтік құжаттар талаптарына өнімнің сәйкестігін бағалау стандарттармен ескерілген бақылау және сынау негізінде жүргізіледі.
Өнімді сыртқы қарау тексерілетін объекттің мамандарын тартып мемлекеттік инспектормен бақыланады.
Үлгілерді сынау тексерілетін өнімді сынайтын кез келген тіркелген зертханада жүргізіледі.
Тіркелген зертхана жоқ кезде сынауларды аттестталған зертханаларда жүргізу рұқсат етіледі.
Іріктелген үлгілерді басқа өнімдерден оқшалайды, буып түйеді, пломбылайды немесе мөр басады және сынау бағдарламасы көрсетілген іріктеу актінің көшірмесімен және В қосымшасы нысаны бойынша жолдама бағытхатымен сынауға жібереді.
Үлгілер алынған өнім топтамасы, сынау біткенге дейін тарутуға жатпайды, тез бұзылатын өнімдерді қоспағанда.
Сынау көлемін тапсырмаға байланысты, тексеруді басқаратын мемлекеттік инспектор белгілейді.
Дағдыдағыдай, сынаулар нормативтік құжаттарда белгіленген тек міндетті талаптар бойынша жүргізіледі.
Тұтынушылар шағымдары бойынша тексерулерді жүргізген кезде өнімнің тұтыну қасиетін негіздейтін өнім сәйкессіздігіне сынаулар осы көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
Пайдаланылған шығындардың құны мен сынаулар жүргізуге шығындар тексерілетін объектілердің шығындарына жатады.
Сынау жүргізу мүмкін болмаса тіркелген немесе аттестатталған зертханаларда өнімді сынау тексерілетін объект базасында олардың мамандары күшімен мемлекеттік инспектор бар кезде жүргізіледі.
Ондайда сынау жүргізу алдында мемлекеттік инспектор тексерілетін объектті өлшеу құралдары, өлшеу әдістемесі, сынау жабдыұтары, мөлшерленген дәлдікпен бақылау жүргізуге дайындығын қамтамасыз етуіне көзі жетуі тиіс.
Өлшеу бақылауы, сыртқы қарау және өнімді сәйкестендіру сынаулары нәтижесі, Г қосымшасының ұсынылатын немесе еркіндік нысаны бойынша хаттма құрастырылады. Сынаудың құрастырылатын хаттамасы немесе сынау жүргізген, тіркелген зертханамен берілген хаттама тексеру актісіне қосымша болып табылады.
Сынау нәтижелері үлгілер іріктелген өнім топтамасына таратылады.
Сыртқы қарау мен өнім сынау нәтижесі бойынша бұзылулар белгіленбесе, онда тексеру бітеді және осы стандарттың 6.4 тармағына сәйкес акт ресімделеді.
Нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына өнім сәйкессіздігі фактілері табылған кезде табылған бұзылулуардың себебі белгіленеді және толық бағдарлама бойынша тексеру жүргізіледі.
Міндетті сертификаттауға жататын өнімді бақылау процесінде, сонымен қатар тексеріледі:
-уәкілетті органмен берілген сертификаттың барлығы, өнім түпнұсқалығы, ресімдеу дұрыстығы, тіркеу және күшінің мерзімі;
-сәйкестік белгісін қолдану құқықтылығы;
-инспекциялық бақылауды ескеретін, сертификаттау сызбасы бойынша сертификат берген сертификаттау жөніндегі органдармен инспекциялық бақылау жүргізуді растайтын құжаттар барлығы.
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарын сақтауға тексеру жүргізген кезде тексерілетінобъектіде бір мезгілде Мемстандарт бекіткен әдістемелер бойынша сынау және өлшеу құралдарының күйі мен қамтамасыз етілуі тексеріледі.
Дайындаушы-кәсіпорынның сапа жүйесі немесе өнім, сериялық өндірісі белгіленген тәртіпте сертификатталса, оны өндірушіде мемқадағалау органдарымен келесі жағдайларда тексеріледі:
-оларға тұтынушылар шағымдары немесе жоғарыдағы мекемелерден тапсырма болған кезде;
-егер сертификаттау жөніндегі органдар қызметтерін тексеру нәтижесінде оны өнімге сәйкестік сертификатын беру негіссіздігі немесе сертификаттау жөніндегі органдар жағынан сертификатталған өнімдерге инспекциялық бақылауды жүзеге асырған кездегі бұзылулар белгіленген кезде.
Сертификттау және сынау зертханалары жөніндегі тіркелген органдар қызметіне мемлекеттік бақылауды тіркелген таралған олардың қызметтері сәйкестігін анықтау мақсатымен,сонымен қатар Қазақстан Республикасның мемлекеттік сертификаттау жүйесі талаптарын сақтауды тексеру мақсатымен жүргізіледі.
Сертификттау жөніндегі тіркелген органдарға тексеру жүргізген кезде белгіленеді.
- өнім,сапа жүйесі, өндірісті сертификаттау жөніндегі органдарда тіркеу аттестаты барлығы.
- нормативтік құжаттың қажетті қоры және оны көкейтесті ету дер кезінділігі барлығы.
- нажетті персоналмен оның біліктілігі барлығы.
- сертификаттау органдарына бекітілген сертификаттау тәртіптері мен ережелерін анықтайтын құжаттың барлығы.
- сертификттау жөніндегі органдар туралы Ережелерде мемлекеттік сертификаттау жүйесінің құжаттарында белгіленген талаптарды сақтау.
- тіркеу саласына сәйкес өнімге сәйкестік сертификтын беру негізділігі мен рәсімдеу дұрыстығы .
- берілген сертификттарды беру дұрыстығы.
- нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына сәйкессіздігіне өнімге сертификат беруден бас тартқан жағдайда.
- қосалқы мердігерлермен жұмыс ережелері.
- сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау жүргізу дұрыстығы.
- ішкі аудит жүргізу.
Тіркелген сынау зертқаналарында тексеру жүргізген кезде белгіленеді.
- сертификациялық сынау жүргізу құқығына сынау зертханаларының тіркеу атестатының барлығы.
- зертханаларды тіркеу саласында, сертификациялық сынауларға жататын өнім түрлерінің сәйкессіздігі.
- қажетті персоналмен оның біліктілігі барлығы, лауазымдық нұсқаулықтар, біліктілігін көтеру нысаны.
- сертификациялық сынауларда қолданылатын сынау жабдықтары мен сынау әдістемелері, құралдар күйі мен өлшеу әдістемелері, өлшеу құралдары сынауларды тексеру дер кезінділігі, стандарттық үлгілерді қолдану дұрыстығы,
- сыналатын үлгілердің іріктеу актілері мен үлгілерді белгілеу жүйесі,
- өнім үлгілері нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне сынаулар жүргізу толықтығы,
- сынаулар жүргізу бағдарламасы мен әдістемелерді сақтау.
- сертификациялық сынаулар хаттамаларының дұрыстығы мен рәсімдеу дұрыстығы.
- сынаулар сапасына ішкі бақылау және зертхана сапасын басқару жүйесіне ішкі тексеру жүргізі.
- тұтынушымен, басқа сынау зертханаларымен, сертификаттау органдарымен өзара іс қимылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет