Тақырыбы: Ш. Есенов атындағы ктиу кітапханасының интернет-залындағы Қазақстан ғылымының түрлі бағыттары бойынша соңғы 5 жылда (2010-2015) жарық көрген ғылыми мақалаларды (монографияларды) қарап шығу. Тексерген



Дата08.10.2023
өлшемі24,96 Kb.
#184141
түріМонография
Байланысты:
срО Д
20.10, англ, Ресурс6.4, Тақырыбы - сын есім, file 00127DL50348401521, 626262622222222226226, Өтініш НИШ, S dnyom znaniy, 53fd365b8c564f8f88bba98d4358fe8a, Жас маман, Токугава кезіндегі Жапония (1), 47C6277F-D8EA-48C0-B57A-0746474D885A (1), konstitucia-zh-kopiya-kopiya, М.Мағауин - Әйел махаббаты, жемістер мен көкөніс



Тақырыбы: Ш. Есенов атындағы КТИУ кітапханасының интернет-залындағы Қазақстан ғылымының түрлі бағыттары бойынша соңғы 5 жылда (2010-2015) жарық көрген ғылыми мақалаларды (монографияларды) қарап шығу.


Тексерген: Толетова.Ж
Орындаған: Ермаганбет.Д

Ақтау
2023 жыл


Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 ж. 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның әлемдегі дамыған отыз ел қатарына қосылуы бойынша нақты міндеттерді айқындап берді. Осы үдеріске Қазақстан ғылымы айтарлықтай үлес қосуы тиіс.
Елбасы айтып өткендей: «Ғылымға негізделген экономиканың құрылуы
– ең алдымен, қазақстандық ғылым әлеуетінің жоғарылауы».
Осыған байланысты ғылыми саланың дамуының жаңа векторлары
белгіленді:
ғылымды тікелей экономикамен, инновациямен байланыстыру,
– ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру мен өндіріске енгізу,
– еліміздің үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы аясындағы нақтылы жобалардың санын көбейту.
Республикадағы ғылыми саланың дамуында соңғы жылдар өзгерістерге толы болды. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңына сәйкес ғылымды басқару мен қаржыландырудың озық халықаралық тәжірибеге мейлінше бейімделген жаңа механизмдері іске қосылды. Олар ғылыми саланың дамуына қолайлы жағдай қалыптастырып, ғалымдардың бастамашылдық танытуына дем беріп, ғылыми идеяларды жүзеге асыру мүмкіншіліктерінің аясын кеңейте түсті.Ғылымды басқарудың жаңа жүйесінің негізгі құрылымдарының –Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясының, ҚР БжҒМ Ғылым комитеті, ғылым дамуының басымдықтары бойынша Ұлттық ғылыми кеңестердің (ҰҒК), «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы» АҚ (МҒТС ҰО) жұмысы жолға қойылды. 2013 жылы ЖҒТК бекіткен ғылым дамуының 2011-2013 жж. арналған бес басым бағыты бойынша ғылыми зерттеулер жүзеге асырылды:

  • энергетика;

  • шикізат пен өнімді терең өңдеу;

  • ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар;

  • өмір туралы ғылымдар;

  • зияткерлік әлеует

2013 жылы 22 шілдеде ЖҒТК отырысында ғылым дамуының 2014-2016 жылдарға арналған басым бағыттары мақұлданды. Осы орайда алғашқы екі басымдыққа өзгертулер енгізілді:
– энергетика және машина жасау,
– табиғи ресурстардың ұтымды пайдаланылуы, шикізат пен өнімді
өңдеу.
Ғылыми жобаларды іріктеудің жаңа жүйесі бойынша шетелдік сарапшыларды қатыстыра отырып, 2013-2015 жылдары гранттық қаржыландыруға арналған 4-конкурс өткізілді. Конкурсқа берілген ұсынымдар санының өсуі зерттеушілер белсенділігінің артып келе жатқанын көрсетеді. 2012 жылғы алғашқы конкурсқа 1990 зерттеуші қатысқан болса, соңғы конкурсқа 2744 ұсыным берілді. Олардың ішінде ҰҒК шешімімен 435 жоба қабылданды. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 2013 жылы 13 бюджеттік бағдарлама администраторының 101 ғылымитехникалық бағдарламасы (министрлік, агенттік) жүзеге асырылды. Іске асырылған бағдарламалар аясында 2013 жылы 342 қорғау құжаты алынды, 307 әзірлеме енгізілді, 6484 ғылыми мақала жарияланды. Қазақстандық ғалымдардың рейтингі жоғары халықаралық басылымдардағы жарияланымдық белсенділігі едәуір өсті: 2011 жылы – 894, 2012 жылы –1405, 2013 жылы – 1874 жарияланым жасалды. Бұған ғалымдардың әлемдік ақпараттық ресурстарға – Тhomson Reuters, Springer, Elsevier базаларына шыға алу мүмкіндіктері септігін тигізеді.
Ғылымға бөлінетін қаржы көлемі айтарлықтай ұлғайды: ол 2,5 есеге дейін 2010 жылы 20 миллиард теңгеден 2013 жылы 53 миллиард теңгеге дейін өсті. Осылайша, мысалы, 2012 жылы гранттық қаржыландыру 14,5 миллиард теңгені, ал 2013 жылы 18,1 миллиард теңгені құрады. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру 2012 жылы 23 миллиард теңге, 2013 жылы 28 миллиард теңгені құрады.«Қазақстан жолы – 2050» Жолдауда ғылымды қаржыландыруды кезеңкезеңімен өсіріп, ЖІӨ-нің 3%-ына дейін жеткізу қарастырылған. Кадрлық қамсыздандыру ісі біршама тұрақтады. Ғылыми қызметкерлер саны ұдайы өсумен келеді: 2009 жылғы 15,8 мыңнан қазір 23,7 мыңға жетті.Жастар ғылымға бет бұра бастады. 35 жасқа дейінгі ғалымдардың үлесі 38%-ғадейін, ал 45 жасқа дейінгілердің үлесі 56%-ға дейін өсті.2011 жылдан бастап, республикада ғылыми кадрлар дайындаудың жаңа жүйесі – PhD докторантура жұмыс істей бастап, бір ғана PhD философия докторы ғылыми дәрежесі белгіленді. Философия докторларын дайындау еліміздегі ірі университеттерде іштей оқу формасы бойынша жүргізілді: 2013 жылы 13 жоғары оқу орнында 29 диссертациялық кеңес, 2014 жылы 24 жоғары оқу орнында 52 диссертациялық кеңес жұмыс істеді. 465 докторант оқуын аяқтап, олардың ішінде 217 докторанттың ғылыми дәрежесі бекітілді. Сондай-ақ қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтарын беру жүйесі де жолға қойылды
Қазіргі уақытта ғылым саласындағы басым бағыттардың бірі әлемдік ғылым кеңістігіне кірігу болып табылады.Ғылым мен техника саласында Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Корея, Жапония, Германия, Франция, Польша, Ресей, Украина және т.б. елдермен 30-дан астам мемлекетаралық келісімдер жасалды. Осындай интеграцияның маңызды құралы – бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізу, халықаралық ғылыми жобалар мен бағдарламаларға қатысу. Мысалы, Назарбаев Университетінде ЛСА Жапон компаниясы күн фотоэлектрлік жүйесін пайдалана отырып, экологиялық таза энергияны енгізу жобасын жүзеге асыра бастады. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары Ядролық зерттеулер біріккен институтымен (ЯЗБИ) ынтымақтастықта табысты жұмыс істейді. Үндістанменғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.
Келісім бойынша үнді тарапынан Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде заманауи суперкомпьютер орнатылды.Президент тапсырмасына сәйкес дарынды шетелдік ғалымдарды жұмысқа тарту бойынша, соның ішінде үздік қазақстандық ғалымдарды елімізге қайта оралуға ынталандыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Отандық ғалымдардың ауқымды халықаралық жобаларға қатысуы үшін жағдайлар жасалып жатыр. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) Орталық кеңсесі қазір Астана қаласында орналасқан. Мұның аймақтық ғылымның дамуына тиімді әсер етері сөзсіз.

Ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 6 атаулы сыйлығы, мемлекеттік ғылыми стипендиялар (50 – жас ғалымдарға арналған, 25 – көрнекті ғалымдарға арналған) ғалымдарды ғылыми жұмысты сапалы жүзеге асыруға айтарлықтай ынталандырады.





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет