Тақырыбы: «Табиғатты аялайық!»



бет16/30
Дата20.12.2021
өлшемі57,64 Kb.
#104236
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
Байланысты:
00079117-93d70a61 (1)
www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, 16-osh bzhb debiet 8-syn, 0004c188-adfe861e, Саясаттану, Тест, ҚМЖ 5 сынып
Мұғалім: 
Өте жақсы, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз. 
Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз. Ойынның аты: «Мейірімді жүрек» деп аталады. 
VII слайд ( «Өзін-өзі тану»пәні бойынша) 
Сергіту сәті «Мейірімділікті табиғаттан үйрен» немесе « Мейірімді жүрек»ойыны. Әр бала қасындағы көршісіне, досына оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді жазып жүрекшені ұсынады. Мысалы: Сен мейірімдісің, Сен әдемісің, Сен ақылдысың!..т.б. 

ІІ бөлім 
IV. Ой-толғау
VIII слайд 
А)«Мен табиғатты сүйемін немесе табиғатпен сырласу» 
(Бұл тапсырмалар оқушыларға алдын-ала берілген болатын, мына беріліп отырған шағын шығармалар солардың ішінен таңдап алынғаны) 
Оқушы: «Табиғат! Сен дүниедегі ең сұлусың, ең әдемісің! Сенің жұпар ауаң да, жүгірген аңың да, айналаны әсем әнге бөлеген құсың да әдемі! Мен сенен әдемілікті үйрендім. Осындай әдеміліктің ортасында өмір сүрген адамзат баласының қаншалықты бақытты екенін білсең ғой. Мен кей кездері армандаймын, шіркін, ақын болғанымда ғой, сенің әрбір тасыңды да, топырағыңды да жырға қосар едім деп. 
Бірақ мен сенің сұлулығыңды жүрегімнің түкпірінде сақтаймын!» 
Оқушылардың пікірі тыңдалып болған соң: балалар, сендер табиғаттың әдемілігін осылай жырласаңдар, Жанна оны өлеңмен былайша өрнектепті. Кәне, бәріміз тыңдап көрейікші. 
Жанна : (интерактивті тақтамен әзірленген табиғат суреттері көрсетіліп, мына өлең жолдары баяу музыка әуенімен оқылады) 

Күн сәулесі төгілгені әдемі, 
Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі. 
Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі. 
Биік –биік шыңдарым да әдемі. 

Айдын көлде аққу қандай әдемі 
Сұңқар құстың самғағаны әдемі 
Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі 
Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі 

Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі. 
Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі 
Асыр салып ойнайтын жазым қандай әдемі. 
Сары түске боялған күзім қандай әдемі. 

Осылайша табиғатқа бір қарап 
Табиғатпен сырласуда әдемі. 
Жер-Ананы аяласаң жан-тәнмен 
Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет