Қолданылған құрал-жабдықтар: «Үздік бестік» кестесі, компьютер, дискілер, нөмерленген асықтар, дорба, бағалау парағы, сағат; марапаттау қағаздары; суреттер салынған конверттер.
Ойынның барысы:
Жүргізуші: -Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым!Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды-танымдық ойынымызға қош келіпсіздер!
Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенінін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен басталады.
Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның қалыпты дамуы, әлемдегі ең беделді мемлекеттер қатарына ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналатыны анық.
Міне, бүгінгі біздің интеллектуалды-танымдық «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты ойыны да осыны меңзейді. Жоғары да аталған қасиеттер сіздердің де бойларыңызда бар екені және тәуелсіздік таңының жарық жұлдыздары сіздер екені анық. Олай болса, ортаға ойынға қатысушы топтарды шақырайық. Ортаға «Жарық жұлдыз» және «Тәуелсіздік тірегі» топ мүшелері шығады, орындарына жайғасады.
\Топтарға арналған үстелдер әзірленеді және әр үстелде топтың атауы жазылған кесте көрсетіледі\
Әр топ өздерімен таныстырып өтеді.
Жүргізуші: - Рахмет, құрметті ойыншылар, бүгінгі ойында сіздерге үлкен сәттілік тілейміз.
Ал енді, ойынымыздың әділқазы алқасы және ойын барысымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.
Әділ қазы алқасының мүшелерімен таныстыру.
Ойын төрт кезеңнен тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: |