Сонымен, ойынымыздың ІІ кезеңіне көшейік.
ІІ кезең:
«Суреттер сыр шертеді тереңінен» атты бұл кезеңде сіздер мына дорбадан нөмірленген асық аласыздар және сол нөмір түбіндегі конвертті ашып суретке қол жеткізесіздер. Конверт ішінде қазақ халқының өнер, мәдениет қайраткерлері мен тарихи тұлғаларының суреттері. Сіздердің негізгі әрекеттеріңіз суретке мұқият қарап, менің беретін ақпаратыма құлақ асу.Әр суреттегі тұлғалардың өмірбаяны мен Отан үшін, еліміздің тәуелсіздігі үшін атқарған қызметі жайлы, өз заманында әлемдік үлкен сахнаға шығып қазақты танытқан өнері, ерліктері жайлы айтамын, ал сіздер өз кезектеріңізде тұлғаның аты-жөнін айту керексіздер. Ойынды І -ші кезеңде басым ұпайға ие болған топ бастаса болады. Ал, іске сәт.
№1. Дінмұхамед Қонаев. Қазақтың біртуар ұлы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Алматы қаласында, қызметкерлердің отбасында өмірге келген. Мәскеудің түсті металл алтын институтын тәмамдаған. Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. Ол 1955—60 және 1962—64 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960—62 және 1964—86 жж. Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді. Ол 1986 ж. Қызмет орнынан босатылды.
№2. Қасым Аманжолов. Соғыстан кейінгі қазақ әдебиетінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан, ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті қайраткерлерінің бірі. Ақын, журналист, драматург, сазгер, аудармашы және пародист. 1911 жылы 10 қазанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Семей мал дәрігерлік техникумын (1930) бітірген, Орал педагогикалық институтында (1931) және Ленинградтың орман шаруашылығы институтында (1932) оқыған. Оның ең мықты туындылары, майдангер ақынның қасіретіне толы.Көптеген өлеңдері соғыстың ауыр жылдарында жазылған («Елге хат», «Қоштасу», «Май майданда», «Ағайға» т.с.с.). Арнайы музыкалық білім алмағанымен, ол суырып салма дарынына ие сазгер болған, ол домбырамен сүймеледей отырып, тамаша әндер жазатын.
№3 Қалқаман ұлы Бұқар жырау 1693-1781. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ халқының рухани мәдениетінің көрнекті өкілінің бірі, әдебиетімізде аты әйгілі, ірі тұлға..Ол-ХҮІІІ ғасыр поэзиясының көрнекті өкілі. Ол қазақ халқының басын қосып ел болу, сыртқы жаулардан қорғану мәселелерін өз жырларында тірек еткен. Ол ел тарихында «Ақ табан шұбырынды, Алқа көл сұлама» аталған қатерлі заманда, халық көсемі Абылайдың қасында болды.Қиын сәттерде ақыл-кеңес беретін қабырғалы биі аталған. Ол жұртты татулық-бірлікке, адамгершілікке үндеген-насихаттық жырлары да сан алуан.
№4. Қашаубаев Әміре (1888 -1934). Қазақтың атақты әншісі, актер әрі музыканты. Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауының алабында туған. Шыққан тегі Орта жүз ішіндегі Тарақты руы.Ол есейе келе 1921-1924 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы «Ес-аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түседі.Бүгінгі күні, ол кісінің атымен Семей қаласындағы облыстық филармония аталады. 1925 ж Халық Ағарту комиссары Луначарскийдің шақыруымен Парижде болатын дүниежүзілік көрмеде қойылатын концертке қатысады. Онда ол «Ағаш аяқ», «Дудар», «Екі жирен» т.б. әндерін айтып, өзінің ерекше дауысымен Париж халқын таң қалдырып, қазақ деген халықтың атын әлемге паш етеді.
№5. Бағланова Роза.
Қазақстан мен ССРО-ның халық артисі. 1922 жылы Қызылорда облысында туған.1941ж. Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Оның шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдары басталды. 1947-1949 жж. Абай атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 1949-1960 жж. Жамбыл атындағы Республикалық филармонияда жұмыс істеді. 1960 жылдан Қазақконцерт солисі. Ол сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, ССРО-ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерді шырқаған.
№6. Шерхан Мұртаза. 1932 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Талапты ауылында туған.Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1955 жылы Мәскеудегі Ломоносов атындағы мемлекеттік университетті бітірген. 1975-1994 жылдары республикалық «қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газеттерінің бас редакторы, теледидар және радио мемлекеттік комитеті торағасы.1994-1995 жылдар Қазақстан Республикасы жоғары кеңесінің депутаты. Қазір Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне депутат. Ол Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, орден, медальдармен марапатталған, «Қазақстан халық жазушысы» атағы берілді. Ол «Табылған теңіз», «Белгісіз солдаттың баласы», «Қырық бірінші жылғы келіншек» әңгіме повестерінің авторы. Жазушының көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рұсқұловтың өмір жолына арналған «Қызыл жебе» романы бар. - Жарайсыңдар, тәуелсіздік таңының жұлдыздары, тамаша ойын көрсете білдіңіздер. Ой-өріс көкжиегінің биіктігі осы кезеңде керемет байқалды десем артық емес шығар. Әділқазы ұпай санын айта өтсін.Құрметті сарапшыларға рахмет, міне құрметті көрермендер ойынға қатысушы жастардың жан-жақтылығын, ой ұшқырлығын байқаған шығарсыздар? Көрермендермен жұмыс. Олай болса, келесі кезеңге көшпес бұрын сіздердің де жанкүйерлер ретінде осы ойыншылардың қоржынына үлес қосуларыңызға мүмкіндік берелік. Ол үшін мен сіздерге 1 минут уақыт беремін және мына алдарыңыздағы шатаспа кестесінен Тәуелсіз Қазақстанымыздың қала аттарын тауып айтуыңызды сұраймын. Қай топ жанкүйерлері көбірек қалаларды атаса сол топтың қоржынына 3 ұпай қосылады. Шатаспа кестесі тақтаға ілінеді.
СКЕӨНМЕ, ЗАТАР, ЛҚҒОАТДНРЫА,ӨБҚТЕА, ЗҒНАЖҚЕЗН, НТЕШТАК,ШО, КБКЕШИ, ЕЫТШМКН, АТӘБВСЕ, АНТСАА, АШБЛХА, ТУАЫРА. (Сәтбаев, Балхаш, Астана, Шымкент, Өскемен, Тараз, Талдықорған, Ақтөбе,Жезқазған, Ташкент, Бишкек, Ош, Атырау).
Достарыңызбен бөлісу: |