Тақырыбы: Тәуелсіздік тірегім



бет2/4
Дата13.03.2023
өлшемі22,43 Kb.
#172136
1   2   3   4
Гүл: «Нашақор»- деп, «ұлтшыл»- деп,
Қазаққа күйе жаққан күн,
Базары кетіп, бір түнде
Қайғыға халық батқан күн.
Көрініс: Қайрат пен тергеуші
Тергеуші: Ізбасқан
- Сен 13 - желтоқсан күні, сағат 10 - да қайда болдың?
Қайрат: Мансұр
- Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде
Тергеуші:
- Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.
Қайрат:
- Мен оны көргенім жоқ.
Тергеуші:
- Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.
Қайрат
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген затым бар.
Қазақ деген атым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар… (сүйреп әкетеді).
Видео «Желтоқсан желі ызғарлы»
Мұғалім:
- Дүниені дүр сілкіндірген 1986жылы болған желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22 - ақ жыл ғұмыр кешті. Ол елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996 жылы


9 - желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілді. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.


Зере: Әр қазақтың есінде сақталады 
Желтоқсандық өрендер ақталады 
Ел намысын қорғаған сарбаздарым 
Ерліктерің мәңгілік сақталады. 
Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алайық.


«Тәуелсіздік – тірегім» оқитын Дарқан Қымбат
Көзіме бүгін жас келіп тұр, халайық,
Әрбір істі зердеге алып қарайық.
Тәуелсіздік жолына жан пида еткен,
Ерлерімізді есімізге алайық.


Жүрмейікші жүнжіп босқа түнеріп,
Еске алайық, есімдерін білелік.
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ,
Алмайықшы екі қолдан жіберіп.


Жиырмадағы жалындаған жасында,
Қаншама жас азап шекті расында.
Желтоқсанның ызғары өтіп кеудеден,
Қарсы тұрды Колбин қосқан қосынға.


Соны ойласам елжірейді жүрегім,
Өздері өліп, қорғап қалды Ұлы елін.
Желбіресін көк байрағы халқымның,
Тәуелсіздік болсын мәңгі тірегім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет