Тақырыбы: Тәуелсіздік тірегім



бет3/4
Дата13.03.2023
өлшемі22,43 Kb.
#172136
1   2   3   4
«Елім менің» әні орындайтын Жанас Шұғыла


Мұғалім: Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті, тәуелсіздікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.


Нұркен: Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік.
Сабира мен Ләззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік.


Аружан: Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік тандары
Бақ береді баршаға.
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолына
Менің Қазақстаным!


Ізбасқан: Тәуелсіздік еліміз
Мәңгі жасар жеріміз.
Тәуелсіздік жасаған
Аға, Әпкелеріміз.


Зере: Көк аспанда тулардың 
Желбіреген күні - бұл, 
Елім деген ұлдардың 
Елжіреген күні - бұл. 
Мансұр: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.

Флешмоб «Алға, Қазақстан»

Гүл: Тәуелсіздік елдеміз,
Қуанамыз күнде біз.
Ата-бабам қалдырған,
Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз!
Қымбат: Тәуелсіздік – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан – бұл азат ел танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егемен, сан ұлты бар.


Аружан: Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
27 жасың құтты болсын нұр елім.
27 жылда шықтың талай белеске,
Қазақстан жасай берші гүл елім.


Шұғыла: Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын, 
Алдымызда барлық үміт ақталсын 
Тату – тәтті бірлік болып қашанда 
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет