Тақырыбы: «Excel кестелік процессоры. Күрделі өрнектерді есептеу. Крамер әдісі»
Мақсаты: күрделі өрнектерді есептей білуге, сызықтық теңдеулер жүйесін Крамер әдісін пайдаланып шеше білуге үйрету.
Негізгі түсініктер:
ТРАНСП ( )функциясы ұяшықтардың тігінен (вертикальный) орналасқан диапазонын көлденеңінен (горизонтальный) орналастырады, немесе керісінше түрлендіреді. Бұл функция көбінесе матрицаларды түрлендіруде қолданылады. Матрицаны транспонирлегенде оның жолдары бағандарға, бағандары жолдарға ауысады.
Жаттығу жұмыстары.
1-жаттығу . А матрицасының транспонирленген AT матрицасын табыңыз.
А матрицасының элементтерін енгізіңіз /15- сурет/;