Тақырыбы: «Зиянды заттарға жол жоқ». Мақсаты


Оқушының тамақтану кестесі



бет3/4
Дата28.02.2023
өлшемі32,4 Kb.
#170523
1   2   3   4
Байланысты:
«Зиянды заттарға жол жоқ» тәрбие сағаты
«Зиянды заттарға жол жоқ» тәрбие сағаты
Оқушының тамақтану кестесі.
Оқушының сабаққа барар алдында еттен, балықтан жасалған тамақтар немесе сүт тағамдарын ішкені дұрыс. Өйткені бұл тағамдардың құрамында өсіп келе жатқан ағзаға пайдалы көптеген витаминдер мен минералдар бар. Қуатты ішкен таңертеңгі ас адамның ой еңбегі мен дене еңбегінің потенциалын көтереді.
Өсіп келе жатқан сендердің ағзаларыңа жүйелі тамақтанбау, диета сақтап, ашығудың қажеті жоқ. Ертең ерте мектепке асығып, тамақ ішпей кету ағзаны әлсіретеді. Теледидар алдында кітап оқып отырып, жүріп келе жатып құрғақ тамақтар жеуге болмайды.
Мыналардан бойыңызды тасада ұстаған жөн:
- Артық салмақ қосатын шамадан тыс калориялы тағамдардан;
- Біркелкі тамақтанудан;
- Қант пен тәттілерді шектен тыс пайдаланудан;
- Мал өнімдері мен шұжық майларын мөлшерден тыс қолданудан;
- Қуырылған, ысталған, тұздалған тағамдардан;
- Күніне 6 грамға дейін тұзды азайтқан дұрыс;
- Дайындалған тағамды бірнеше рет ысытудың қажеті жоқ. Өйткені, оның құрамындағы адам организміне пайдалы заттардың орнын тағамды бұзатын зиянды өнімдер алмастыруы мүмкін;
Спортпен шұғылдану бөлімшесі
Спорт (француз тілінен алынған) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.
Спорттың түрлеріне келер болсақ. Түрлерін атау.
Жазғы спорт түрлері: Қысқы спорт түрлері:
1. Велоспорт 1. Биатлон
2. Ат спорты 2. Тау шаңғысы спорты
3. Жеңіл атлетика 3. Шаңғы жарыстары
4. Гольф 4. Мәнерлеп сырғанау
5. Теннис 5. Фристайл
6. Футбол 6. Хоккей
7. Суда жүзу 7. Шорт-трек т.с.с.
Адамның тірек-қимыл жүйесінің тазалығы.
- Шынығу жаттығуларымен жүйелі айналысу керек;
- Есіңде болсын, шынығу жаттығуларымен шамадан тыс айналысқан да қауіпті;
- Әртүрлі еңбек қозғалыстарынан кейін, ағзаңды ширататын жаттығулар жасаған дұрыс;
- Дене бітіміңді дұрыс қалыптастыру керек;
- Ауыр заттарды көтеру зиян;
- Орындықта дұрыс отыру керек;
- Жеткіншектерге биік өкше, тар аяқ киім киген өте зиян.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет