Тақырыбы: «Зиянды заттарға жол жоқ». Мақсаты


Тыныс алу жолдары тазалығының негізгі ережелері



бет4/4
Дата28.02.2023
өлшемі32,4 Kb.
#170523
1   2   3   4
Байланысты:
«Зиянды заттарға жол жоқ» тәрбие сағаты
«Зиянды заттарға жол жоқ» тәрбие сағаты
Тыныс алу жолдары тазалығының негізгі ережелері.
- Бір қалыпты және терең тыныс алу керек;
- Үлкен күш жұмсауды қажет ететін қозғалыс әрекеттері тыныс алу ырғағымен сәйкес келуі керек;
- Шаңғы тебу, ескек есу, баскетбол ойнау, т.с.с. жаттығулармен айналысқан өте пайдалы;
- Таза ауа сіздің денсаулығыңызға пайдалы;
- Мұрын қуысы арқылы дем алған дұрыс;
- Түшкіріп, жөтелгенде мұрныңды беторамалмен жап;
- Үйде де, көшеде де шаңмен күрес;
- Дұрыс тыныс алу үшін дене бітімінің де дұрыс қалыптасуының рөлі зор;
- Жұқпалы аурумен ауырған адамдармен қарым-қатынас жасағанда сақ болу керек (сырқат пайдаланған заттарды пайдалануға болмайды, дәкеден жасалған арнайы таңғыш тағып жүру керек);
- Темекі шегу сенің тыныс алу мүшелерінің үшін де, денсаулығың үшін де өте зиян.
Шыныққан шымыр адамның 6 белгісі.

  1. Өте сирек ауырады;

  2. Көзінен от жалындаған, терісі де таза жан;

  3. Ұйқысы да тыныш;

  4. Алқынып-аптықпай 5 шақырым жерге дейін жүгіре алады;

  5. 80 жастан кем жасамайды;

  6. Егер сырқаттанып қалса, тез сауығып кетеді.

Қорытынды
“Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен” деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын сезіп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегенділіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік дегім келеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет