Тақырып. Қазақстан азамат соғысы жылдарында. Әдебиеттер



бет3/3
Дата23.12.2023
өлшемі1,31 Mb.
#198816
1   2   3
Байланысты:
Дәріс 12. азамат соғысы, жэс

Антон Иванович Деникин
Осыдан кейінгі міндет – Орал мен Орынбор облыстарын азат ету Түркістан майданының 1 және 4 армияларына жүктелді. Бірінші армия колчакшыларға қарсы Ақтөбе бағытында шабуылдады. 1919 жылы қыркүйекте бірінші армия Ақтөбе майданымен Мұғалжар станциясында (Орынбор – Ташкент темір жолы) түйісті. Нәтижесінде Түркістан Орталық Россиямен қайта қосылып, Ақтөбе майданы жойылды.
  • Орал облысын азат етуге төртінші армия мен 25-ші В.И. Чапаев дивизиясы жіберілді.
  • Ал 1919 жылы қарашада Қызыл Армия Үлбішін мен Жымпитыны азат етсе, осы жылдың соңында Орал облысы ақ гвардияшылардан толық азат етілді.
  • Сөйтіп, 1920 жылы қаңтарда Орал майданы жойылды.

Василий Чапаев
1919 жылы күзде Шығыс майданының бесінші армиясы (қолбасшысы М. Н Тухачевский) Солтүстік және Шығыс Қазақстанды азат етіп, Петропавл, Ақмоланы жаудан босатты.
1919 жылы қарашада Семейде Колчак өкіметі құлатылып, Кеңес үкіметі қайта орнады, ал 1920 жылы наурызда Семей облысы түгел азат етіліп, Жетісу майданы жойылды.
Михайл Николаевич Тухачевский

Азамат соғысының салдарлары:

  • 1) Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты
  • 2) Мал саны күрт азайды
  • 3) Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады.
  • 4) Қатігездік пен зорлық – зомбылықтың күшейтілуі (ақвардияшылар тарапынан) үрей және ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды.

Тақырып : Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан.
1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезінде жаңа экономикалық саясат қабылданды.
Жаңа экономикалық саясаттың белгілері: - Азық – түлік салығының енгізілуі. - Сауда еркіндігі. - Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру. - Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту. - Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. - Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.
Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда (2,5 есе) аз болды. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл – селолардың қалалармен байланысты нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.
6 және одан кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды. Көлік салығы мен ақшалай түтін (шаңырақ) салығының орнына біріңғай заттай салық белгіленді. Салық мөлшері азайтылып, 1924 – 1925 жылдары өнімнің 1/8 бөлігі алынса, 1927 – 1928 жылдары өнімнің 1/13 бөлігі алынды, ал 1924 жылғы қаңтардың 1 – нен бастап тек қана салықтың ақшалай формасы енгізілді. Салықтан жиналған қаражаттар қорғаныс ісіне, Халық ағарту ісіне, ауылшаруашылығына, ірі өнеркәсіпті дамытуға жұмсалды.
Осы жылдары құрылған ауылшаруашылық несиесі қоғамы (кредит кооперациясы) көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3 -5 жылға несие, қарызға тұқым берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие берді.
ЖЭС нәтижесінде: 1) Егіс көлемі 1924 жылы – 2,1 млн. – ға, 1928 жылы – 4 млн. – ға өсті. 2)1924 – 1928 жылдары мал саны 24,8 млн. – нан 41 млн. – ға жетті. 3) Шаруа қожалықтары 1924 жылы - 737 мың – нан 1928 жылы – 1 млн. 333 мыңға жетті. 4) Астық өндіру 1924 – 1925 жылдары 64,618650 пұттан 1928 – 1929 жылдары – 240 млн. пұтқа артты.
Шаруалардың жіктелу процессі күшейді: 1) Батырақ – кедей қожалықтары 2 есеге азайды. 2) 1928 жылы шаруалардың ¾ бөлігі орташаларға айналды. 3) Кулак – бай қожалықтар 6,6 % - ден 14,8 % - ға көбейді.
Жаңа экономикалық саясат жылдары өнеркәсіпте де өзгерістер болды. Халық шаруашылығының Қазақ Орталық Кеңесі 8 тресті – «Қожмехтрест», «Илецксоль», «Павлодарсоль», «Ақжал – золото», «Каззап – золото», «Казахсаксаултрест», «Казспирт» трестері мен екі кәсіпорынды – Сантонин заводын, Қарғалы шұға фабрикасын біріктірді. Сонымен бірге Одақтық маңызы бар «Эмбанефть», «Алтай–казполиметалл», «Атбасцветмет» трестері құрылды.
Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:
1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді. 3. Өркениетті кооператорлар құрылысы (қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді. 4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет