Тақырып Қазақстан республикасындағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіру ерекшеліктері


Шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламасы



бет2/3
Дата06.04.2020
өлшемі7,15 Mb.
#61645
1   2   3
Байланысты:
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІН НЕСИЕЛЕНДІРУ

Шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламасы:


  • Ағымдағы шотқа овердрафт;

  • Кеңседен шықпай-ақ кредит алу!;

  • Бизнес-айналым, бизнес-инвестициялар;

  • Коммерциялық жылжымайтын мүлік лизингі;

  • MAN компаниясының автокөліктерін лизингке беру;

  • MAN автокөліктерін лизингке алу! Жылдам әрі тиімді!;

  • Жедел шешім;

  • Қысқа мерзімді кредит;

  • Айналымға берілетін тәуекелді тендерлік кепілдік;

  • Бизнес-шешім;

  • Халық Банк және «БИЗНЕС-тің жол картасы - 2020»;

  • «Даму» қорының бағдарламалары (2, 3, 4, 5 транштар) [6].

«Қазақстан халық Банкі» АҚ орта және шағын бизнес субъектілерін несиелендіру бағдарламасын, сондай-ақ орта және шағын агробизнесті қаржыландыру бағдарламаларын жүргізеді.

Шағын және орта бизнестке көрсетілетің қызметтер:


  • Есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету


  • Салымдар

  • Конверсиялық операциялар

  • Туынды құралдар

  • Қымбат бағалы металдар мен коллекциялық монеталардың сатып алу /сату бағамы

  • Металл шот 
  • Қазынашылық өнімдер мен қызметтер.


Халық Банкінің қазынашылығы  өз клиенттерімен ашық әріптестік қатынасты толыққанды дамытуды мақсат етіп қояды. Қазақстанның биржалық валюталық рыногының және мемлекеттік бағалы қағаздар рыногының жетекшісі бола отырып Банк клиенттерге  ең тиімді ынтымақтастық талаптарын ұсынады. Банк клиенттері тәуекелдерді басқару және инвестициялау жөніндегі консультацияларды алады және клиент үшін ыңғайлы талаптар бойынша мәмілелер жасайды.

    • «Халық Кәсіпкер»

    • Бизнес Medium

    • Лизинг Classic

    • «Халық-Агро Техника»

    • «Бизнес-Контракт»

    • «Халык-Агро»

    • «Бизнес-Депозит»

Кредит беру


Қаржыландыру мәселесі бойынша 2012 жылғы 01 шілдеден бастап 01 қазан бойынша кезеңде Халық банкіге жүгініңіз, сонда кредиттік өтініміңізді қарастыру үшін комиссия...0 теңге құрайды! Сыйақының тіркелмелі мөлшерлемесі: жылдығы 13,0 %-дан. Сыйақының тиімді мөлшерлемесі: жылдығы 13,8 %-дан. Кредиттеудің ең жоғарғы сомасы: 120 000 000 теңгеге дейін. Кредиттеу мерзімі: 10 жылға дейін [7].

Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ алатын болсақ, несиелендіру бағдарламасы

«Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту, банктің стратегиямыздың, ұзақ мерзімді жоспарларымыз бен жуық арадағы іс-қимылдарымыздың негізі осы міндетті көздей отырып қаланады. Біз өз клиенттерімізді барлық қажетті өнімдермен және қызметтермен қамтамасыз етуге ұмтыламыз, жаңа, әлдеқайда жетік идеялар мен шешімдерді ұсынамыз. Қызмет көрсетудегі қолайлылық пен жайлылық – біздің ұжымымыздың ымырасыз міндеті. Сапалы және уақтылы қызмет көрсету арқылы біз клиенттеріміздің табысты болуына, соның нәтижесінде өзіміздің табысты болуымызға бар күшімізді саламыз».

Бизнес-клиенттерге несие беру:





- Түрлі мақсаттарға қаржы беру

- Мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландыру

- Жедел шешім қабылдау және сапалы қызмет көрсету

- Барлық сұрақтарыңыз бойынша қызмет көрсететін дербес менеджеріңіз



Банк өзінің қаражатының есебінен несиелейді, сонымен қатар "Даму" КДҚ-ның шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруға бағытталған бағдарламаларына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің ауылшаруашылығын бірлесіп қаржыландыру жобалары бойынша бағдарламасына қатысады [8].

Сонымен қатар, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕБРР) ірі масштабты жобаларды тікелей қаржыландырады, орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындарды қаржыландырады. Қаржыландыру негізінен несие түрінде жүргізіледі. Қазіргі кезде Еуропа Қайта Құру және Даму банкі Қазақстан Республикасындағы кіші бизнесті қолдауға атсалысып, шағын бизнесті несиелендіру бағдарламасын жүргізеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты шағын кәсіпорындарға қысқа және орта мерзімдік несиемен қамтамаыз ету. Несие жолағының көлемі 775 миллион АҚШ долларына шақ келеді. Сондай-ақ, бағдарламаның негізгі тапсырмаларының бірі болып, шағын кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге өз бизнестерін дамыту үшін тұрақты қаржыландыру көздерін ашу табылады. Бағдарлама айналым капиталын толықтыруға, шикізат сатып алуға, қосымша құрылғыларды сатып алуға шағын инвестициялар тарту, автотранспорт, өндірістік ғимараттар, ғимараттарды жөндеуден өткізу, қаржыландыру сияқты несиелендіру түрлерін жүргізеді. Бұл бағдарлама несиенің үш түрін жүргізеді:

1. micro (10000 АҚШ долларына дейін) 12 айға дейін теңгеде және шетел валютасында жүргізіледі;

2. Largt-micro (10000-нан 30000 АҚШ долларына дейін) 12 айға теңге бірлігінде, шетел және теңге бірлігінде 18 айға дейін жүргізіледі;

3. small (30000-нан 125000 АҚШ долларына дейін) теңге бірлігінде 12 айға, шетел және теңге бірлігінде 30 айға дейін жүргізіледі [9].

Қазіргі таңда, шағын бизнесті жүргізуде несиенің орны маңызды болып табылады. Президентіміздің биылғы Жолдауына байланысты шағын кәсіпкерліктің дамуы экономикалық және әлеуметтік жағдайға өз әсерін тигізеді. Сондықтан, кәсіпкерлікті дамытуға байланысты әртүрлі несиелендіру көздері қарастырылып жатыр.

Шағын бизнесті несиелендірудің шетелдік тәжірибесін қарастрайық. 

Қазіргі таңда экономикасы дамыған елдерде шағын кәсіпкерлікті дамытуда көптеген шаралар жүргізілуде. Экономикасы дамыған елдердің мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерлік экономиканың дамуына көп әсерін тигізетін факторлардың бірі. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық өсіміне әсер ететін қажетті шарттардың бірі ол қаржылық - несиелік қамтамасыз ету болып саналады. Шағын кәсіпкерліктің жақсы дәрежеде дамуы, мемлекет тарапынан жүргізілетін несиелік - қаржылық көмексіз өркендей алмайды. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйену Қазақстан кәсіпкерлері үшін қажетті бағыт болып есептеледі.

АҚШ-та шағын бизнесті несиелендіру шағын бизнесті несиелендіру Әкімшілігі арқылы жүзеге асырылады. Ал, Германияда шағын кәсіпкерлікті несиелендіру жолдары банк арқылы жүргізіледі. Ұлыбританияның тәжірибелеріне сүйенетін болсақ, қаржылық - несиелендіру көптеген несиелік мекемелер арқылы іске асырылады. Мысал ретінде, «қаржылық өндірістік және сауда кәсіпорындары» корпорациялары, әртүрлі клирингтік банктер тағыда басқа қаржылық мекемелер. Франциядағы шағын бизнесті несиелендіру негізінен шағын кәсіпорындарды дамыту банкі арқылы жүргізіледі. Бұл банктің капиталының көп бөлігі активтерді басқару және жартылай депозиттер кассасын иеленетін Франция мемлекеті болып табылады. Банктің негізгі бағыты - бұл мемлекет тарапынан шағын бизнесті қолдау.

Жапониядағы шағын кәсіпорындарды несиелендіру орталықтары ірі қаржы - несие орталықтары негізінде іске асырылады. Жапониядағы шағын кәсіпорындарды бір орталыққа бағыттау жүйесіне: орталық үкімет, жергілікті билік органдары, ірі бизнес, шағын бизнестің бірігу мекемелері жатады. Дамыған шағын фирмалардың көлемі 70% дейін жетеді. Сонымен қатар Жапониядағы шағын кәсіпорындарды қаржыландыру бюджеттік қаржыландыру есебінен көрінеді. Жапонияда мемлекет тарапынан орта және шағын кәсіпорындарға ерекше көңіл бөлінген және олар үшін жеке меншік банктерде қаржылық органдары құрылған.

Бастапқылары ретінде негізгі үш үкіметтік институт табылады:

- орталық кооперативтік банк сауда және өндіріс құрылғыларын қаржыландыру мақсатында құрылған (негізінен сауда және өндіріс жобаларын қаржыландырады, банк капиталының 2/3 бөлігі мемлекеттік жарналардан);

- шағын кәсіпорындарды қаржыландыру мақсатындағы ұлттық корпорация (кепілсіз қамтамасыз етуді қаржыландыруды жүргізеді, бұл корпорация ең кішігірім компанияларды қаржыландыру үшін құрылған);

- мемлекеттік қаржылық корпорациясы (инновационды және тәуекелді жобаларды жүргізетін шағын кәсіпорындар жобаларын қаржыландырады); сауда - өндіріс палаталарын иемденеді (мемлекет бойынша 500-ден жоғары), бұл корпорация жыл сайын шамамен 500 млрд. иен несие береді.

Экономикасы дамыған елдердегі шағын бизнесті қаржыландыру жүйесі маңызды әрі негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Солардың кейбіреулеріне жеке - жеке тоқталу көзделіп отыр.

АҚШ-тағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау.

АҚШ-та шағын бизнес проблемалары екі комитетке бөлінеді: барлық мемлекеттік құрылымдар, бұған: 4-5 мың қызметкерлер кіреді. Оларға:

- шағын бизнес әкімшілігі - ведомостволар, шағын және орта кәсіпорындардың проблемаларын шешу;

- шағын бизнес ісі бойынша конгресс комитеті.

Шағын бизнес әкімшілігінің негізгі міндеттемелеріне: шағын кәсіпорындарды қаржылық қолдаумен қамтамасыз ету; басқару бойынша техникалық және консультативтік қызметтер көрсету. Шағын бизнес әкімшілігі тек қана жеке кәсіпкерлікті дамытуға емес, сонымен қатар әртүрлі топтағы қаржылық институттарға да қолдау көрсетеді. Мемлекеттік кәсіпорындарға қаржылық көмек көрсету тікелей займдар беру келісімдері жүргізіледі. Бұл жағдайлар 80-ші жылдардан бері жүргізіліп келеді. 1958 жылы шағын бизнес инвестициялық компанияларын құру басталды. Қазіргі кезде АҚШ-та 450-ден астам шағын бизнес инвестициялық компаниялары жұмыс жасайды. Қаржылық қолдау көрсету формалары келесілерден тұрады:

- шағын кәсіпорындарға шағын бизнес әкімшілігінің меншіктік бюджетінен үлестік саудалар бекіту;

- несиелер бойынша кепілдер;

- арнайы бағдарламаларды қаржыландыру (экспортты бір жүйеге келтіру, өңдеу және зерттеулер, кадрлар дайындау, нашар дамыған территорияларды дамыту);

- шағын бизнеске инвестициялық компаниялардың капиталдарының қатысуы, өндірістік компаниялардың дамуы және бағалы қағаздардың кепілдігі.

Осындай мақсатпен шағын және кішігірім бизнесті дамыту реттеліп отырады.

Жапониядағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау.

Жапония мемлекеті өзінің экономикалық деңгейі бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленеді. Әлемдік әйгілі экономикалық айсберг болып айтылатын шағын және орта кәсіпорындар осында орналасқан. Олардың ішінде 55 %-ті өндіріс өнімдерін шығару, ал 60 %-і өндіріс көлемі болып табылады.Елде 6,5 млн. 6,5 млн. Шағын кәсіаорындар бар (жалпы өнімнің 90 пайызы). Жапониядағы шағын кәсіпорындардың құқықтық жағдайы арнайы заңдар мен жеңілдіктер арқылы жүргізіліп отырады. Үкімет аппаратында шағын бизнес істері бойынша өндірістік және ішкі сауда Министрлігі, құқықтық әкімшіліктік органдар, кішігірім кәсіпорындарды басқарумен айналысады. Жапондық заңнамалар тек қана меншік иелерін басқарумен шектелмейді, сондай-ақ, келісімдік қарым - қатынастарды орнатады. Елде шағын бизнесті бір бағытқа жүргізу саясатын орнатудың төрт орталығы бар:

- орталық үкімет;

- жергілікті билік органдары;

- ірі бизнес;

- кішігірім кәсіпорындардың өзіндік бірігуі.

Бір мақсатқа бағыттау барлық бұрынғы, соның ішінде жаңа шағын кәсіпорындарды басқару да жүргізіледі: тіркеулер, бекіту мен өсу деңгейі. Бұл үшін экономикалық рычагтардың жаңа түрлі жүйелері қолданылады: несиелер және займ жеңілдіктері (жалпы және бағытталған), әр түрлі салық жеңілдіктері, техникалық және консультативтік несие, ақпараттық-компьютерлік қызмет, кадрлар дайындау және басқалар. Олардың барлығы жалпы ұлттық заңнамалар және мемлекет желілері арқылы жүргізіледі. Жергілікті және орталық билік органдары кішігірім бизнес компанияларына субсидия, займ, несиелік кепілдер, салық жеңілдіктері және кадрларды оқыту көмектерін көрсету жұмыстарын жүйелейді. Субсидиялар (қайтарымсыз каржылық көмек) ғылыми - техникалық бағдарламалар негізінде ұсынылады, соның ішінде:

- өндірістің техникалық деңгейінің көтерілуі (жергілікті және орталық билік органдарына жүктеледі);

- өнеркәсіптегі өндірістік технологияларды жаңарту (орталық үкіметке жүктеледі);

- мемлекеттік зерттеу институттарымен бірігіп жаңа ғылыми техника және технологияны жетілдіру (жергілікті билік органдарымен қаржыланады).

Жеңілдіктер пайызындағы займдар келесі жобаларды ұсынады:

- жаңа өнім түрлерін және жаңа технологияларды өңдеу (жергілікті билік органдары);

- жаңа өндіріс түрлерін өңдеу (орталық үкімет);

- аймақтар экономикасын дамытуда шағын кәсіпорындар құру (орталық үкімет);

- кішігірім бизнес кәсіпорындар арасында өндірістік және техникалық корпорация құру (орталық үкімет).

Шағын бизнесті қаржылық қолдау жүйесінің негізгі элементі болып займдар мен несиелер, өнімнің жаңа түрлерін шығаруға арналған техникалық жаңартулар табылады [10,20 ].

Сонымен, қазіргі кездегі шағын бизнесті жүргізу еліміздің экономикасына үлкен әсерін тигізетін көптен - көп факторлардың бірі болып есептеледі. Қазіргі таңда елімізде шағын бизнесті жүргізу саласында көптеген бағдарламалар, сондай-ақ мемлекет тарапынан әртүрлі іс - шаралар атқарылып жатыр. Осыған байланысты еліміздегі шағын кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалар саны да өсіп келеді деп айтуға болады. Шағын кәсіпкерлік - бұл кәсіпкер тұлғаның өз бағытын әске асырудағы жетістіктерге жету шараларының орындалуы болып табылады. Сондай-ақ, шағын бизнесті қаржыландырудың негізгі көзі - бұл екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларды несиелендіруі, кәсіпорындардың әр түрлі мерзімдегі инвестицияларды тартуы болып табылады. Осындай қаржыландыру көздерін тарта отырып, кәсіпкерлік бағытты іске асырудағы ірі жетістіктерге жету көзделіп отыр. 
2 Қазіргі таңдағы ҚР шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау
2.1 ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциясы және оны қаржылық – несиелік қолдау механизмін талдау

Нарықтық экономиканың жетілуі, бәсекелес ортаның дамуына негіз болады. Нарықтық экономикаға көшкен соң республикада шағын және орта бизнес жүйесі құрыла бастады. Жыл сайын елімізде шағын және орта бизнес өсуінің беталысы байқалады.

Қазіргі таңда Қазақстанның шағын және орта бизнес деңгейі нарықтық экономикаға сай емес. Бұл кәсіпкерлердің материалды-техникалық базаның дамымауыменен ерекшеленеді, шағын кәсіпорынның бастапқы капиталы төмен болғандықтан, шығындарды жабуға мүмкіндік бермейді.

Жекеменшік жұмысын ашу үшін коммерциялық несие алу қажет, бұл несие ҚР Ұлттық Банкінің «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне минималды несиелендіруі туралы» 8.04.1997 жылы №100 жарғысы бойынша жүзеге асырылады. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің негізгі мәселелері болып, банктер үшін несие тәуекелінің жоғары болуы және шағын және орта бизнестің өтімді кепілдің болмауы. Банктер тұрақты табыс әкелмейтін кәсіпорындарға қаржы салғысы келмейді, өйткені жаңа фирма нарыққа шыққан уақытта, бар шағын және ірі кәсіпорындармен бәсекеге түсе алмайды, осыған байланысты жабылуына тура келеді. Тағы да бір айтып кететін мәселе, жұмысын бастап келе жатқан басқарушыларда басқару тәжірибесінің болмауы, бұл жағдай жоғары тәуекелге соқтырады.

Шағын және орта бизнесті несиелендіруде маңызды орынды ауыл шаруашылығы алады, бірақ ауыл шаруышылығына несие беру банк үшін үлкен тәуекел. Бұл бір жағынан табиғи өзгерістерге байланысты, ал екіншіден ауыл шаруашылығы өнімінің бағалары тұрақты болмағандығынан. Осының барлығы несиені қайтармау тәуекелін туғызады.

Мезгілді несиелерді жабу несиелері, өзінің жаратылысы бойынша сауда-өнеркәсібі кәсіпорындардың қысқа мерзімді несиелеріне ұқсас болып келеді. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы – бұл инвестицияны қажет ететін сала.

Қазіргі уақытта Қазақстанның коммерциялық банктері клиенттерге деген үлкен және жоғарғы деңгейлі қызмет түрлерін көрсетеді, негізгі экономикалық банктердің функциясы болып, ол кәсіпрындардың инвестициялық және тұтынушылық қаржыландыруын несиелендіруді жүзеге асыру.

Банктердің өз несиелік қызметтерін сату клиенттерге қызмет көрсетудің экономикалық жағдайға байланысты, өйткені банктік несиелер жаңа кәсіпорындардың пайда болуына, жұмыс орындарындарының көбеюіне және олардың экономикалық өмірқабілеттілігіне әкеледі.

ҚР-ң Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша 2017 жылы Қазақстанның коммерциялық банктері 978,1% млрд тенге салған. Ұлттық валютада несиелер 2018 жылы 2 есе өсіп, 435,4 млрд тенге құрған, ал шетел валютасында 17,8%, 542,7 млрд тенге құрады. Нәтижесінде тенгелік несиелердің жалпы үлесі 31,5%-дан 44,5%-ға дейін өсті.

Несиелердің мерзімі бойынша оң өзгерістер болғанын көріп отырмыз, өйткені ұзақ мерзімнің өсімі қысқа мерзімді несиелерге қарағанда алдынғы қатарда, ұзақ мерзімді несиелер 58,7% өсіп, 608,4 млрд тенге құрады, ал қысқа мерзімді несиелер 27,9% жетіп, 309,8 млрд тенгені құрады.

Қысқа мерзімді несиелердің жалпы үлесі 57,0%-дан, 62,2%-ға дейін өсті. Несиелік қызмет көрсету нарығында негізгі қарыз алушылар болып корпоративті клиенттер танылады. Кәсіпорынға жалпы несиелердің көлемінің жалпы несиеге үлесі 2017 жылы 91,3%-ға төмендеп, 87,5%-ға түсті. Бұл банктік өнім түрлеріні кеңеюіне себепші болады. Ол тұтынушылық және ипотекалық несиелендіру 2018 жылы мәліметтері бойынша коммерциялық банктердің шағын бизнесті несиелендірудің жалпы көлемі 33,9% өсіп 196,2 млрд тенге құрады.

Қазіргі уақытта отандық банктер жеке кәсіпкерлерге және шағын кәсіпкерлерге несие беруді жетілдіруде.

Жетілдіру бағдарламаның негізгі мақсаты – шағын және орта жеке кәсіпорындарына қаржылық қызмет көрсету, несиелер келесі мақсаттарға беріледі:


  • қызмет көрсету көлемін және өндірісті кеңейту;

  • көлікті, құрал-жабдықтарды, шикізатпен материалдарды сатып алу, сондай-ақ өндірісті жетілдіру;

  • құрылысты және жеке мүліктің жөндеу жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады.

Банктерге деген наразылықты талдауда ең маңыздысын атап кеткен жөн. Біріншіден, бұл қиындатылған және өтініштің ұзақ мерзімде қарастырылуы. Екіншіден , несие алғаны үшін сыйақының жоғары болуы. Үшіншіден, несиені қамтамасыз ету кепіліне қатаңдылықтың талап етілуі.

Маңызды себептердің бірі болып, банктер үшін жоғары деңгейлі тәуекел, өйткені шағын және орта бизнес субъектілеріне берілетін несие қысқа мерзімді болып келеді.

Шағын және орта бизнес субъектілерінде банктің көз қарасы бойынша өтімді өнімі жоқ. Шағын және орта бизнесті несиелендіруде маңызды орынды ауыл шаруашылықтары алады. Ауыл шаруашылыққа берілетін несиелердің көбісі қысқа мерзімді болып келеді.

Қазіргі күні коммерциялық банктер шағын кәсіпорындарға несие бергілері келмейді, өйткені несиені қайтармау тәуекелі бар, ал қарыз алушылар бұл банктерден несие алғысы келе бермейді, өйткені қысқа мерзімді бола отырып қымбатқа түседі.

Көптеген мамандардың ойлары бойынша шағын және орта бизнесті несиеледіру үшін банктік тәуекелділікті төмендету қажет.

Несиелендіруді дамытуды шектейтін нақты құралдардың болмауы, банктің қызығушылығын қорғай алмайды. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін, банктерге мемлекет қолдау көрсету керек, сонымен қатар салықтарды төмендету, Ұлттық банктің нормативтерін қайта қарастырып, соттық жүйенің тиімді болуы және т.б.

Бұл жағдайдан шығу және бұл мәселелерді шешуге қалай болады. Біріншіден, мемлекет банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіруге қызығушылығын көтеру қажет. Екіншіден бұл жүйеге шағын және орта бизнес субъектілерінне несие бойынша көрсетілетін кепілдікті еңгізу.

Көптеген Қазақстанның коммерциялық банктері шағын және орта кәсіпорындарды сенімді клиент ретінде қарастырмайды, егер мемлекет тәуекелдің бір бөлігін өзіне алса, аз болса да шағын және орта кәсіпорындарына жеңілдік болар еді.

Нәтижесінде Қазақстанда қалыптасқан жағдайға қарамастан, шағын және орта бизнесті дамытуда мемлекеттің алдына қойған мақсаттары, өз нәтижесін әкелуде және болашақта одан әрі дамуына сенімдіміз.

Көптеген дамыған елдерде банк өз капиталын, шағын және орта бизнесті несиелендіргенде табады. Кеш болса да қазақстандық банктер де бұл деңгейге жетеді.

Қазақстанның 2030 жылға дейін дамуының стратегиялық жоспарындағы ең маңызды мақсаттардың бірі – ауылдың ең елеулі проблемаларын шешу және кедейлік пен жұмыссыздықпен күресу. Бұл мәселелерді шешу үшін шағын және орта бизнесті дамытудың, Қазақстанның неғұрлым көп халық санын кәсіпкерлік қызметке жұмылдырудың маңызы үлкен.

Қазақстанның отбасылық коэффициенті 3,5 деп санайтын болсақ, 4 миллионнан астам адам өз еңбек ақыларын осы мекемелерден тауып отыр. Бұл еліміз халықтың төрттен бірін құрайды деген сөз.

Екінші деңгейлі банктердің аймақтар бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне берген несиелерінің құрылымында дербес кәсіпкерлік қаласы – Алматы ең үлкен орынды алады. Бүгінде бұл ұран шын мәніне сәйкес келеді (кесте 3).

Кесте 3


Екінші деңгейлі банктердің аймақтар бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне берген несиелері, млн тг

Аймақтар

01.04.18

01.07.18

01.08.18

01.09.18

01.10.18

Астана қаласы

2704

1632

9804

14592

14830

Алматы қаласы

50108

13543

95403

112467

120768

Ақмола

1775

208

1154

1636

1344

Ақтөбе

1904

1091

3798

7096

6255

Атырау

578

161

1744

3173

3084

Шығыс Қазақстан

3621

1111

7848

11288

12106

Жамбыл

506

569

1340

2203

1889

Батыс Қазақстан

787

394

2487

3412

3466

Қарағанды

1252

667

4044

8047

8267

Қостанай

1144

990

3975

6675

7387

Қызылорда

384

248

344

306

366

Маңғыстау

971

487

1785

2838

2987

Павлодар

2992

1054

5745

9907

10693

3 кестенің жалғасы



Солтүстік Қазақстан

861

1419

1900

1875

1916

Оңтүстік Қазақстан

1431

374

4703

10019

9444

Е с к е р т п е – [11] әдебиет негізінде автор құрастырған

Кесте мәліметтеріне сәйкес, мерзімдер бойынша Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында берілген несиелер көлемінің өскендігі көрінеді. Ал Алматы және Қызылорда облыстарының берілген несиелер мөлшері өте кішкентай деңгейде.



Қарастырып отырған мерзім аралығында екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікке экономика салалары бойынша несиелері құрылымы айтарлықтай өзгерген жоқ.

Сурет 1. Екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікке экономика салалары бойынша несиелері, млн.тнг [11].
Суреттен көріп отырғанымыздай, екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікке экономика салалары бойынша несиелерінің жартысына жуық бөлігі сауда саласындағы және өнеркәсіп кәсіпорындарға жұмсалады.

Сауда қызметі шағын кәсіпорындарға неғұрлым қол жетерлік, себебі үлкен капитал жұмсалымын, тауарлы-материалды запастарды қажет етпейді, сондай-ақ ақша қаражаттарының тез шалымдылығын қамтамасыз етеді.

ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша 01.01.2018 жылы екінші деңгейлі банктер шағын кәсіпкерлікке 144281 млн тенге берген. 2016 жылмен салыстырғанда, шағын бизнеске берілген несиелер сомасы 70222 млн тенгеге өсті (кесте 4). Бұл оң шарт, өйткені нарықтық инфрақұрылымның дамуына әкеледі.

Кесте 4


ҚР банктердің шағын кәсіпкерлік субектілеріне берілген несиелер 2014-2018 жж.аралығында (млн. тг.,%).




01.01.15

01.01.16

01.01.17

01.01.18

01.01.19

сома

%

Сома

%

сома

%

сома

%

сома

%

Барлық несиелер

соның ішінде:



24333

100

39857

100

24333

100

39857

100

144281

100

Тенгеде

-қысқa мерзімді

-орта және ұзақ мерзімді


17157
14555
2603

70,5


22322
12466
9856

56

17158
14555
2603

70,5

22322
12466
9856

56

56824
32878
23946

39,4

Шелел валютасында

-қысқа мерзімді

- орта және ұзақ мерзімді

7175
3100


4075

29,4

17535
7957
9578

43,9

7175
3100
4075

29,4

17535
7957
9578

43,9

87457
29126
58331

60,6


Е с к е р т п е – [12,15] әдебиет негізінде автор құрастырған

Кестеде көрсетілген мәліметтерде шағын кәсіпкерлік саласына екінші деңгейлі банктердің беталысы белгіленген. Бір неше ретке орта және ұзақ мерзімді несиелердің тенге сомасы өсіп 2018 жылы 22602 млн тенгені құрады.

Екінші деңгейлі банктердің қарыз алушы түрі бойынша несиелер көлемінің динамикасы келесі 5 кестеде көрсетілген.

Кесте 5

ҚР-нің банктері қарыз алушының түрі бойынша берілген несиелері (млн. тг.,%)




01.01.15

01.01.16

01.01.17

01.01.18

01.01.19

тенге

%

тенге

%

тенге

%

тенге

%

тенге

%

Барлық берілген несиелер

215554

100

273287

100

215554

100

273287

100

696281

100

Банктік емес заңды тұлғаларға

205797

95,4

260516

95,3

205797

95,4

260516

95,3

636786

91,4


Жеке тұлғаларға

9758

4,6

12770

4,7

9758

4,6

12770

4,7

59495

8,6


Е с к е р т п е – [12,16] әдебиет негізінде автор құрастырған

Кестеде көріп отырғанымыздай соңғы 5 жыл ішінде несиенің көп бөлігі заңды тұлғаларға берілген- 94% жалпы берілген несие сомасынан, ол сома 6 ретке өсіп 2018 жылдың басында 636786 млн тенге құрады. Жеке тұлғаларға соңғы 5 жыл ішінде несие беру сомасы 8 есе өсті, сонымен қатар 59495 млн тенге құрады. 2018 жылы берілген жалпы несиелер сомасы 42% өсті.

Банктердің несиелерді беру өзгерістерінің ұзақтылығын келесі 6 кестеден көруге болады.

Кесте 6


ҚР-ның екінші деңгейлі банктердің мерзімі бойынша несиелері




01.01.15

01.01.16

01.01.17

01.01.18

01.01.19

млн. тенге

%

млн. тенге

%

млн. тенге

%

млн. тенге

%

млн. тенге

%

Барлық берілген несиелер

215554

100

273287

100

215554

100

273287

100

686281

100

Қысқа мерзімді

179485

83,2

188080

68,8

179485

83,2

188080

68,8

311024

44,6

Орта мерзімді

30913

14,3

54264

19,8

30913

14,3

54264

19,8

-

-

Ұзақ мерзімді

5157

2,5

30942

11,4

5157

2,5

30942

11,4

385257

55,4

Е с к е р т п е – [12,16] әдебиет негізінде автор құрастырған

Кестен көріп отырғандай, соңғы 5 жылды салыстырғанда көрсеткіштері жақсарғаны байқалып отыр. Диаграмма түрінде 2 суретте көрсетілген.



Сурет 2. ҚР-ның екінші деңгейлі банктердің мерзімі бойынша несиелері


Кестеде көрсетілгендей 2014 жылдан 2018 жыл аралығында қысқа мерзімді несиелердің сомасы 5 есе өсіп, 2017 жылдың басында 696281 млн тенгеге жетті. Ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағы 55,4% өсті, ал қысқа мерзімді несиелердің үлес салмағы 44,6% көрсетті.

Көрсетіліп отырғандай ұзақ мерзімді несиелендіруге 50%-дан да көп үлесі келеді.

Екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлер үшін жалпы несиелендіру көлемінің үлес салмағы төмендеуде, бұл келесідей көрсетілген (кесте 7).

Кесте 7


ҚР-да шағын және орта бизнесті несиелендіру 2011-2018 жж., млрд тг

Көрсеткіштер

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

ҚР-да экономикасында жалпы несие көлемі

61

71,1

93,4

148,8

276,2

489,8

672,4


Соның ішінде:

Шағын және орта бизнес


0,0

22,9

23,4

39,9

74,2

122,0

145,4


Жалпы несиелендіру көлеміндегі несиелердің үлес салмағы


31,9

26,0

26,8

26,9

24,9

21,6


Заңды тұлғаларға несиелер бойынша ортаесептелген пайыздық ставка

35,9

1,4

17,4

20,8

19,1

15,4

16,2


Е с к е р т п е – [13,7] әдебиет негізінде автор құрастырған

Кәсіпкерлік саласын несиелендіру жағдайын зерттеуде, аймақтық аспектіге көңіл аудару қажет. Банктердің несиелік салымдарының өсу тенденциясы Алматы облысы бойынша байқалады, ол келесі 8 кестеде көрсетілген.

Кесте 8

Алматы облысы бойынша коммерциялық банктердің шағын және орта бизнеске несиелері және сыйақы ставкалары, млн.тнг.






07.18

08.18

09.18

10.18

11.18

тенге

%

тенге

%

тенге

%

тенге

%

тенге

%

Барлық несиелер (негізгі қарыз және мерзімі өткен қарыз)

соның ішінде:



1255


100


903


100


1074


100


1629


100


1244


100


Тенгеде

-қысқ мерзімді



1069

85,17

697

77,2

918

85,4

1337

82,1

1118

89,9

-орта және ұзақ мерзімді

186

14,83

206

22,81

156

14,6

292

17,9

126

10,1

Шелел валютасында

508

100

479

100

476




1270

100

427

100

-қысқа мерзімді

332

65,35

306

63,8

281




809

63,7

248

58,1

- орта және ұзақ мерзімді

176

34,65

173

36,2

195




461

36,3

179

41,9

Е с к е р т п е – [14,67] әдебиет негізінде автор құрастырған




Сурет 3. Алматы облысы бойынша коммерциялық банктердің шағын және орта бизнеске несиелері және сыйақы ставкалары [14,67].

2018 жылдың басынан бастап Алматы облысы бойынша банктердің салымы1,5 есе өсті, 2018 жылдың қараша айында 1244 млн тенгеге өсіп, соның ішінде қысқа мерзімді несиелердің сомасы 1,6 есе өсті, ал орта және ұзақ мерзімді несиелер 3,5 есе жоғарылады.

2019 жылдың 1 қаңтарында Алматы облысында шағын кәсіпорындардың саны 10842 бірлікке жетті, бұл 01.01.18 жылмен салыстырғанда 2,8% көп тіркелген кәсіпорындар ішінде жұмыс жасайтын 8891субъекті, 81,5% немесе 01.01.17 жылға қарағанда 27% көп болып келеді. Алматы облысы экономика саласына коммерциялық банктердің шағын кәсіпкерліктерге берілген несиелер сомасы келесі 9 кестеде көрсетілген.


Кесте 9

Алматы облысы экономика саласына коммерциялық банктердің шағын кәсіпкерліктерге несиелері, млн тг




01.01.17

01.05.17

01.07.17

01.11.17

01.01.18

01.02.18

Қысқа мерзімді несиелер

Барлық экономика салалары бойынша

1537,9

1625,8

1812,1

2462,9

2074,1

1847,2

өнеркәсіп

165,5

159,0

192,8

168,1

170,9

164,6

Ауыл шаруашылығы

261,9

175,7

173,7

218,6

196,4

179,3

Құрылыс

83,8

72,6

57,6

66,3

43,6

26,2

Көлік

28,7

32,3

29,7

17,5

38,5

37,6

Байланыс

2,4

0,5

7,6

9,1

7,1

7,1

Сауда

891,2

1019,0

1181,4

1776,7

1417,0

1224,3

Жеке қызмет ету

58,5

109,5

97,4

104,8

105,1

96,0

Тағы да басқа

45,9

57,2

71,9

101,8

95,5

112,1

Орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер

9 кестенің жалғасы

Барлық экономика салалары бойынша

757,7

904,5

1080,3

1145,9

1838,2

2039,9

өнеркәсіп

120,5

146,8

131,6

133,1

400,8

524,7

Ауыл шаруашылығы

123,2

77,8

99,3

130

151,2

13,2

Құрылыс

5,8

54,3

53,9

63,2

8,8

8,2

Көлік

20,1

40,6

40,2

25,1

35

39,2

Байланыс

-

-

-

-

-

-

Сауда

403,9

483,6

614,4

607,5

1010,6

1018,6

Жеке қызмет ету

8,9

61,8

85,1

94,4

96,8

110,8

Тағы да басқа

75,3

39,6

55,8

92,6

135

195,2

Е с к е р т п е – [14,68] әдебиет негізінде автор құрастырған

2017 жылдың басымен 2018 жылдың ақпан айының аралығында Алматы облысының коммерциялық банктері экономика салаларына: қысқа мерзімді несие сомасы- 1847,2 млн тенге берілген. Осының ішінде сауда кәсіпорындарына-66,2%, ауыл шаруышылығы дамуына- 9,7%, өнеркәсіпке- 8,9%, жеке қызмет етуге – 5,1%, көлік- 2,0%, байланыс- 0,3%, құрылыс- 1,4%, жалпы сомадан 6% экономиканың басқа салаларына. Орта және ұзақ мерзім бойынша несиелендіру келесідей көрсетілген: берілген несиелердің жалпы сомасынан сауда кәсіпорындарына- 49,9%,өнеркәсіпке- 25,7%, ауыл шаруашылығына – 7%, жеке қызмет етуге – 5,4%, көлік – 1,9%, байланыс- 0%, құрылыс- 0,4%, тағыда басқа- 9,5%.

Көрсетілген мәліметтер бойынша мынадай қорытындыға келдім, яғни несие берудің басым көпшілігі қысқа мерзімге беріледі. Кәсіпкерлерге берілетін ұзақ мерзімді несиелер үлкен қауіпті тудырады, өйткені несиені қайтармау тәуекелі бар. Тәуекелдің болу себебі, шағын кәсіпкерліктердің табысы көбінесе табиғи жағдайларға және де бағалардың тұрақсыз болуына байланысты. Осы себептерге байланысты ұзақ мерзімді несиелер қатаң тәртіп бойынша беріледі.

Сонымен, шағын және орта бизнесті несиелеу жағдайын талдау барысында мынадай қорытындыларға келуге болады:



  • шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген несиелер көлемі жыл сайын өсуде: республика ЕДБ-нің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің жиынтық мөлшері 2018 жылдың ақпан айында 205322 млн. теңгені құрады;

  • екінші деңгейлі банктердің аймақтар бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне берген несиелерінің құрылымында дербес кәсіпкерлік қаласы – Алматы ең үлкен орынды алады, әйтсе де Астана қаласында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында берілген несиелер көлемінің өскен дігі көрінеді;

  • екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікке экономика салалары бойынша несиелерінің жарты сына жуық бөлігі сауда және өнеркәсіп салаларындағы кәсіпорындарға жұмсалды.

2.2 «Қазақстан Халық банкі» АҚ жалпы қаржылық көрсеткіштерін талдау

«Қазақстан Халық банк» АҚ өз клиенттері – заңды және жеке тұлғаларға әр-түрлі қызмет көрсететін универсалды қаржы институты болып табылады. Қызмет көрсету тізімі: теңге және шетел валютасымен есептік-кассалық қызмет көрсету, заңды және жеке тұлғаларды несмелендіру, құжатты операциялар, «банк-клиент» электрондық жүйеде қызмет көрсету, валюта айырбастау, чектер, депозитарлық қызмет көрсету, сейфтік қызмет көрсету, банкаралық несиелендіру және қатысу. Банк персоналы білікті мамандардан тұрады.

Банк міндеті – Қазақстанның барлық териториясындағы банктік қызметте әрбір клиенттің талғамын сенімді және жоғарғы сапалы қамтамасыз банк қызметінің жүйесін, Қазақстанның экономикасының тұрақты дамуын жақсарту.

Клиенттерге қызметкөрсету кезінде сервис деңгейін жоғарлату және жеке тұлғаларды жалпы несиелендірудің дамуы банктің басты мәседесі болып табылады.

Қазақстан Республикасының үкіметі Қазақстан халық банкі ғаламдық қаржы дағдарысы кезінде отандық экономикаға қаржылай көмек көрсету бойынша бірқатар шараларды жүзеге асыратын  негізгі серіктестерінің бірі ретінде таңдады. Қаржылық нәтижелердің көзқарасынан банк қызметін талдау мақсаты активтік және пассивтік операциялар облысында саясаттың жүргізілуі бойынша банк бағдарламасында мәліметтерді топтастыру негізінде банктің табыстылық қорлары өсу болып табылады.

Қазақстанның үлгісінда коммерциялық банктердің шығындары мен кірістерін бағалау қаржылық жағдайын талдау тәжірибесіне сәйкес үлкен ерекшелікпен анықталады. Мақсаттық бағыт бойынша олардың рейтингтік бағалау топтарына, банк көрсеткіштерінің бірін тұрғызу бойынша немесе нормативтердің есебін беделді бағалауларға бөлуге болады. Алгоритмдердің әдісі әртүрлі.

Зерттелген банктің шығынын кірісінің пайда болу көзінің топтастырылуын қарастырайық. Сол үшін кесте 10 құрайық.

Кесте 10

«Қазақстан Халық банк» АҚ- ның шығындары мен кірісінің динамикасы 2016 – 2018 жылдар аралығында (мың теңге).



№ р/с

Көрсеткіштер

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

Абсолюттік

ауытқулар



гр.4-гр.3

гр.5-гр.4

1

2

3

4

5

6

7

1

Пайыздық кірістер

 

 

 

 

 

 

Клиенттерге ұсынылған несие бойынша пайыздар

23 044 439

29 749 318

48 630 057

6 704 879

18 880 739

 

Қарыз бағалы қағаздар бойынша пайыздар

1 110 697

3 774 899

4 884 924

2 664 202

1 110 025

 

Банкпен ұсынылған құралдар және несиелер бойынша пайыздар

345 804

1 526 766

1 028 572

1 180 962

-498 194

 

РЕПО операц.б/ша пайыздар

0

55 318

459 011

55 318

403 693

10 кестенің жалғасы



 

Барлық пайыздық несиелер

24 500 940

35 106 301

55 002 564

10 605 361

19 896 263

 

Қарыз бағалы қағаздарды шығару бойынша пайыздар

2 083 414

8 577 577

14 994 640

6 494 163

6 417 063

 

Клиенттердің шоты бойынша пайыздар

6 880 159

7 773 268

6 970 456

893 109

-802 812

 

Банктен алған құралдар мен несиелер бойынша пайыздар

1 939 714

1 911 084

4 075 752

 

 

 

Басқа пайыздық шығыстар

354 612

361 987

206 916

7 375

-155 071

 

Барлық пайыздық шығындар

11 257 899

18 623 916

26 247 764

7 366 017

7 623 848

3

Несие бойынша қорларды топтастырудағы доғалтуларға дейінгі таза пайыздық кіріс

13 243 041

16 482 385

28 754 800

3 239 344

12 272 415

4

Саудалық бағалы қағаздар бойынша қорытынды таза табыс

935 993

-316 992

22 153

-1 252 985

339 145

5

Шетел валюталық операциялар бойынша қорытынды таза табыс

1 207 409

1 600 977

1 556 859

393 568

-44 118

6

Инвестициялық бағалы қағаздарды салудан түскен қорытынды таза табыс

3 916 126

-47 397

19 448

-3 963 523

66 845




Бір жыл ішіндегі таза табыс.

7 978 763

8 760 761

8 689 299

781 998

-71 462

Е с к е р т п е - [15] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

Таза табыстың мөлшерін реттейді және зерттелген 3 жыл уақытын да бір деңгейде қалады, яғни 2016 жылы – 8689 млн. теңгеге, 2017 жылы 781 млн. теңгеге жоғарлады, ал 2018 жылы 71 млн. теңгеге төмендеді.

Пайыздық кірістің негізгі пайда болу көзі клиенттерге ұсынылған несиелердің пайыздық сыйақы болып табылады. 2017 жылы оның өсу деңгейі 6 704 млн. теңге, 23 044 млн. теңгеден 29 749 млн. теңгеге дейін, 2018 жылы 18 880 млн. теңгені құрап, 29 749 млн. теңгеден 48 630 млн. теңгеге өсті.

Несие бойынша пайыздық кірістердің өсуі Қазақстанның ипотекалық нарықтың дамуымен несиенің жеңілдетілген рәсімі, пайыздық ставканы төмендету есебінде несиелендіру көлемінің ұлғаюы ескеріледі.

Қарыздық бағалы қағаздар бойынша кірістердің пайызы 2016 жылы 1 110 млн. теңгеге, 2017 жылы 3 774 млн. теңгеге, 2018 жылы 4 884 млн. теңгеге өсті.

Барлық шығыстың пайыздары 2016 жылы 11 257 млн. теңгені, 2017 жылы 18 623 млн. теңгені, 2018 жылы 26 247 млн. теңгені құрады.

Таза пайыздық кірістің қарқынды өсуі несиелер бойынша шығындарды және қорларды топтастыру өте жоғары. Егер 2017 жылы оның өсуі 3 239 млн. теңгені құраса, онда 2018 жылы 12 272 млн.теңгеге, яғни алдыңғы жылға қарағанда төрт есе көп болды.

«Кірістер мен шығыстар» есебінің жиі формасына сәйкес клиенттерді несиелендіру бойынша банк қызметіне көп мөлшерде ақша түседі: банктерді ескере отырып заңды және жеке тұлғалар. 2018 жылы банктің қарызын ескере отырып клиенттерге ұсынылған қарыздар бойынша сыйақымен байланысты кірістер 5 625 233 млн. теңгені құрады, яғни кірістерден сыйақы алумен байланысты 91,8 % - ды құрады.

2018 жылы клиенттерге ұсынылған несиелер бойынша сыақы алумен байланысты маңызды кіріс 58,1 % - ға өсті, 2017 жылдағы салыстырулар 67,4 % несиелік портфельдің орташа көлемі есепті жылда ұлғаю нәтижесінде жүргізіледі, сонымен орташа өлшенген жылдық пайыздық ставкасы ол бойынша 1,25 пунктен төмендеді.

Сонымен бірге жеке тұлғаларға ұсынылған қарыздар бойынша орташа өлшенген сыйақы ставкасы бір жылда 0,84 пунктке, ал ұлттық валютада ұсынылған қарыздар бойынша 1,42 пунктке төмендеді. 2017 жылы Республика Үкіметімен алынған қорлар есебінде кіші және орта бизнесті орташа жеңілдік несиелендіру көлемі 143 млн. теңгені немесе берілген несиелер бойынша орташа өлшенген пайыздық ставкалардың өзгеруінде маңызды әсерін тигізіп, несиелік портфельдің жалпы орташа көлемінен 0,4 % - ға жуыған құрады.

Қаржылық тұрақтылықты бағалау және дамуын бағыттау үшін зерттелген банктің 2016 – 2018 жылдары оның активтік жіне пассивтік балансының құрылымына талдау жасаймыз (кесте 11).

Кесте 11


«Қазақстан Халық банкі» АҚ активтерінің динамикасы 2016 – 2018

жылдар


(мың теңге)

№ р/с

Атаулар

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

Абсолюттік ауытқу

гр.4-гр.3

гр.5-гр.4

1

2

3

4

5

6

7

1

ҚР Ұлттық Банктің шоттары мен ақша құралдары

3 761 315

4 946 900

4 012 228

1 185 585

-934 672

2

Саудаға арналған активтер

3 875 443

3 329 387

9 391 827

-546 056

6 062 440

3

Банкке ұсынылған несиелер

16 436 419

4 185 540

11 948 605

-12 250 879

7 763 065

4

Клиенттерге ұсынылған несиелер

2 675 885

28 431 845

47 151 986

25 755 960

18 720 141

5

Ойша байланысқан мекемелердің инвестициялары

342 456

400 718

917 899

58 262

517 181

6

Негізгі құралдар

1 038 789

731 821

2 044 400

-306 968

1 312 579

7

Табыс салығы бойынша талаптар

0

0

86 794

0

86 794

8

Басқа да активтер

688 588

899 859

391 624

211 271

-508 235

 

АКТИВТЕР ҚОРЫТЫНДЫСЫ

28 818 895

42 926 070

75 945 363

14 107 175

33 019 293

Е с к е р т п е - [15] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің шоттарымен ақша қаражаттары 2016 жылы – 3 761 млн. теңгені, 2017 жылы 4 946 млн. теңгені, 2018 жылы 4 012 млн. теңгені құрады. Берілген баптық көлемі бойынша банкті жақсы қаржыландыру үшін қажетті деңгейде ұсталады.

2016 жылы банктің сауда үшін арналған актвитердің көлемі 2017 жылы 3 329 млн. теңгеге, 2018 жылы 9 391 млн. теңгеге ұлғайды.

Екінші деңгейлі банктердің несиелендірілуі 2016 жылы 12 436 млн. теңгеге, 2017 жылы 4 185 млн. теңгеге, 2018 жылы 11 948 млн. теңгеге қысқарды. Көптеген банктер халықаралық деңгейге шығып және өте төмен сыйақы ставкасы бойынша халықаралық несиелік мекемелерден несие алуының артықшылығымен түсіндіріледі. Бұл Қазақстанның банктік жүйесінің және Қазақстан Республикасының коммерциялық екінші деңгейдегі банктердің дамуымен ескеріледі.

Қазақстанның барлық банктерінде сияқты «Қазақстан Халық банк» АҚ-да клиенттерді несиелендіру көлемінің ұлғаюы үрдісі бағаланады. Оның өсу деңгейі 2017 жылы 27 755 млн. теңгені, 2018 жылы 18 720 млн. теңгені құрады. 2018 жылы несиелендіру қарқынының төмендеуі банктің қаржылық қорларымен түсіндіріледі. Сонымен қатар банктің қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін клиенттерді несиелендіру құқығының деңгейіне сүйену қажет.

2018 жылы қарыз көлемі 2017 жылмен салыстыру бойынша абсолюттік көрсеткіші 15 764 845 мың теңгені немесе орта өлшенген пайыздық ставка 17,11 % - дан 15,90 % - ға төменеу кезінде 1,31 есеге ұлғаяды.

Сонымен бірге кіші және орта бизнес субъектілеріне қарыз беру көлемін төмендетеді: абсолюттік көрсеткіші 828.940 мың теңге немесе 1,04 есеге, сонымен орташа өлшенген пайыздық ставка 17,86 % - дан 17,63 % - ға дейін төмендеді.

Несие бойынша пайыздық саясаты банктің жалпы несиелік саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

2018 жылы қысқа мерзімді несиелердің беру көлемі 2017 жылмен салыстырғанда абсолюттік көрсеткіште 1.567.147 мың теңгеге немесе 1,06 есеге, сонымен қатар орташа өлшенген пайыздық ставка 17,68 % - дан 15,75 % - ға дейін төмендейді.

2018 жылы ұзақ мерзімді несиелерді беру көлемі 2017 жылмен салыстырғанда абсолюттік көрсеткіште 17.331.992 мың теңгеге немесе 1,78 есеге, орташа өлшенген пайыздық ставка 16,35 % - дан 16,00 % - ға дейін төмендеді. Сондай – ақ берілген несиенің жалпы көлемі 2016 жылмен салыстырғанда абсолююік көрсеткіште 15.464.507 мың теңгеге немесе 1,45 есеге, сонымен қатар орташа өлшенген пайыздық ставка 17,65 % - дан 16,11 % - ға дейін төмендеді.

Валютада несиені беру көлемі бір деңгейде, яғни бір қалыпты қалды және 2017 жылы абсолюттік көрсеткіште 300.338 мың теңгеге немесе 1,02 есегеұлғайды және орташа өлшенген пайыздық ставка 15,99 % - дан 15,26 % - ға дейін төмендеді.

Негізгі қаражаттардың өсуі банктің техникалық жабдықтарын айтады. 2018 жылы банктің негіздемесін жетілдіру, құрал – жабдықты және филиал желісін кеңейту басталды, сондықтан негізгі қаражаттың өсуі 1 312 млн. теңгені құрады. 2018 жылдың 1 қаңтар (яғни 2018ж.) жағдайына бойынша топтастыруға жататын банктің дебиторлық қарызы, сонымен қатар 2 458 813 мың теңгені құрады:


  • Сенімді (трастталық) мекемеге берілген қаржылық актиертер 2 301 732 мың теңгені;

  • Басқа алдын – ала төлемдер – 12 247 мың теңгені;

  • Салық бойынша есептер және бюджетке басқа да міндетті төлемдер – 87 062 мың теңгені;

  • Кепіл бойынша дебиторлар – 2 110 мың теңгені;

  • Банк жұмысшыларымен есептер – 7 059 мың теңгені;

  • Капиталдың салымы бойынша дебиторлар – 31 844 мың теңгені;

  • Банк қызметі бойынша басқа да дебиторлар – 5 178 мың теңгені құрады.

Жыл ағымында сенімсіз дебиторлық қарыз бойынша 45 138 мың теңге сомасында провизиялар құрылды.

Дебитордың жағдайсыздығымен пайдалылықтың болмауына байланысты проыизия есебінде 43 515 мың теңге баланстан тыс шоты енгізілді. 2017 жылы дебиторлық қарыз бойынша провизиялардың қалдығы 1 623 мың теңгені құрады.

Басқа банктерде орналастырылған салымдардың жалпы сомасы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінде «НОСТРО» есебінде 1 885 164 мың теңгені және басқа банктерде 4 011 195 мың теңгені құрды. Шетел банктер корреспондентінде және Қазақстн Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған, ОЭСР мүшелерінің «НОСТРО» корреспонденттік шоттарының қаржылық жағдайы сенімді болып саналады. Есептік жыл ағымында «Қазақстан Халық банк» АҚ- ның жедел салымдарын қаржылық жағдайы тұрақты болып есептелетін Қазақстанның басқа банктерінде орналастырылады. «Қазақстан Халық банк» АҚ- ның жеке капиталының және міндеттерінің динамикасын 12 кестеде көрсетілген.

Кесте 12

«Қазақстан Халық банкі» АҚ- ның жеке капиталының және міндеттерінің динамикасы 2016 – 2018 жалдар

(мың теңге)



№ р/с

Атаулар

2016 жыл

2017

жыл


2018 жыл

Абсолюттік ауытқулар

гр.4-гр.3

гр.5-гр.4

1

2

3

4

5

6

7

 

МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ КАПИТАЛ

 

 

 

 

 

I

МІНДЕТТЕМЕЛЕР

 

 

 

 

 

1

Банктің құралдары және несиелері

8 774 189

12 445 554

13 259 334

3 671 365

813 780

2

Клиенттер құралы

12 178 559

19 890 455

41 587 415

7 711 896

21 696 960

12 кестенің жалғасы

3

Қарыз бағалы қағаздардың шығарылуы

1 524 423

2 709 722

3 002 576

1 185 299

292 854

4

Басқа да қаржылық құралдар

1 305 614

1 702 755

1 945 780

397 141

243 025

5

Төлеуге арналған дивиденттер

0

0

473 190

0

473 190

6

Табыс салығы бойынша міндеттемелер

15 869

15 715

40 852

-154

25 137

7

Басқа да міндеттемелер

270 545

159 094

189 514

-111 451

30 420

 

ҚОРЫТЫНДЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

24 420 443

37 395 046

61 078 424

12 974 603

23 683 378

II

КАПИТАЛ:

 

 

 

 

 

1

Акционерлік капитал

3 077 500

3 700 000

10 362 696

622 500

6 662 696

2

Эмиссиондық кіріс

25 168

26 274

21 113

1 106

-5 161

3

Негізгі құралдарды бағалаудағы қорлар

12 840

8 531

3 605

-4 309

-4 926

4

Бөлінюеген табыс

1 282 944

1 796 219

3 917 793

513 275

2 121 574

5

Аз бөлігі

0

0

561 732

0

561 732

 

БАРЛЫҚ КАПИТАЛ

4 398 452

5 531 024

14 866 939

1 132 572

9 335 915

 

МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ КАПИТАЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

28 818 895

42 926 070

75 945 363

14 107 175

33 019 293

Е с к е р т п е - [15] әдебиет негізінде автормен құрастырылған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет