Тақырып: «Босану және босанудан кейінгі қан кетумен күресу жолдары»



бет2/8
Дата25.09.2023
өлшемі1,83 Mb.
#182410
1   2   3   4   5   6   7   8

Патологиялардың ішіндегі аналар өліміндегі үлесі де зор, перинатальді асқынулар ішінде де маңызды орын алады. Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі аса ауыр әрі жиі кездесетін асқынуларды акушерлік қан кетулер деп атайды. Жоғалған қан мөлшерінің маңыздылығы қандағы гемоглобиннің бастапқы мөлшеріне байланысты. Қазақстан республикасында акушерлік қан кетулер әрбір 20-шы жүктілік пен босанудың ағымын ауырлата түседі. Қазақстанда осы асқынудың жиілігі соңғы жылдарда тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Күнделікті жұмыста 1000-1200мл көлемдегі қан жоғалту ауқымды болып саналады. Қазақстан Республикасында 2010 ж. акушерлік қан кету ана өлімінің – 11,9% , 2011 ж. – 26,9%, Ана өлімі зерттеуі бойынша 2013 жылы – 52 адам санын құраса, ал 2013 жылы – 49 адам санын құрады. Ана өлімінің жарты­ сына жуығы босанғаннан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде орын алады.

ЖҮКТІЛІКТІҢ ЕРТЕ МЕРЗІМІНДЕГІ АКУШЕРЛІК ҚАН КЕТУЛЕР

ЖҮКТІЛІКТІҢ ЕРТЕ МЕРЗІМІНДЕГІ АКУШЕРЛІК ҚАН КЕТУЛЕР

Өздігінен болған түсік – жүктіліктің 22 аптасына дейінгі өздігінен үзілуі немесе жүктіліктің салмағы 500г кем, бойы 25см қысқа, тіршілік етуге қабілетсіз ұрықтың туылуымен аяқталуы. 15-44 жастағы әйелдер арасындағы барлық жүктілікке шаққандағы оның жиілігі 15-20% және де 20 жасқа дейінгілерде 12%, 20 жастан асқандарда - 26% жетеді. Өздігінен болған түсікке себепші факторлары: ұрықтың хромосомды аномалиялары, имплантация ақаулары, инфекциялық аурулар, жатыр ақаулары, иммунды қайшылықтар және т.б.

Жатырдан тыс жүктілік – ұрықтанған аналық жұмыртқасының имплантациясы мен дамуы жатыр қуысынан тыс жерде орын алады. Барлық жүктіліктердің 1-2% қамтиды, барлық босануларға қатынаста – 0,8-2,4% жиілікпен кездеседі. Эктопиялық жүктілік ана өлімінің жүктіліктің ерте мерзіміндегі себепшісі ретінде 10-15% құрайды.

ЖҮКТІЛІКТІҢ КЕШ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАН КЕТУЛЕР

ЖҮКТІЛІКТІҢ КЕШ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАН КЕТУЛЕР

Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сыдырылуы (ҚОПМБС)– плацентаның нәресте туылғанға дейін жүктілік және босану кезінде толық немесе жартылай жатыр қабырғасынан ажырауы. Бұл патологияның кездесу жиілігі 0,8- 0,9% құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет