Тақырып: «Босану және босанудан кейінгі қан кетумен күресу жолдары»



бет1/8
Дата25.09.2023
өлшемі1,83 Mb.
#182410
  1   2   3   4   5   6   7   8

Тақырып: «Босану және босанудан кейінгі қан кетумен күресу жолдары»


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Мамандығы: Жалпы дәрігерлік тәжірибе
Пәні: Акушерия және Гинекология ЖТД
Орындаған: Жарылқасын Г.С
Тексерген: Кунаков Н.Н
Тобы: 706
Ақтөбе 2016

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Жүктілік және бала босану кезіндегі қан кетулер ауыр асқынулар болып есептеледі және оның ана өліміне жетелеуі мүмкін. Акушерлік қан кетулердің ерекшелігі оның бала босану үдерісіне байланысты шаршау, ауыру факторы фонында дамуы, бала босану жарақаттануларымен, босанудың ауыр асқынуларымен жиі бірге жүруі болып табылады. Бұл факторлар организмдегі патофизиологиялық өзгерістердің ауырлығын өзара қиындатады және геморрагиялық шоктың дамуына ықпал етеді.

Қазіргі таңдағы акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету саласында өзекті мәселелердің бірі ана мен бала өлімі болып табылады. Бұл көрсеткіш төмендегідей елдерге тән:

  • Туу көрсеткіші жоғары;
  • Тұрғындардың репродуктивті және соматикалық денсаулық деңгейінің төмендігі;
  • Жоғары халық саны;
  • Тұрғындарға төмен деңгейде медико-санитарлық көмек көрсету;
  • Емдік-сауықтыру мекемелерінің төмен деңгейде құралдармен жабдықталуы.

Патологиялардың ішіндегі аналар өліміндегі үлесі де зор, перинатальді асқынулар ішінде де маңызды орын алады. Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі аса ауыр әрі жиі кездесетін асқынуларды акушерлік қан кетулер деп атайды. Жоғалған қан мөлшерінің маңыздылығы қандағы гемоглобиннің бастапқы мөлшеріне байланысты. Қазақстан республикасында акушерлік қан кетулер әрбір 20-шы жүктілік пен босанудың ағымын ауырлата түседі. Қазақстанда осы асқынудың жиілігі соңғы жылдарда тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Күнделікті жұмыста 1000-1200мл көлемдегі қан жоғалту ауқымды болып саналады. Қазақстан Республикасында 2010 ж. акушерлік қан кету ана өлімінің – 11,9% , 2011 ж. – 26,9%, Ана өлімі зерттеуі бойынша 2013 жылы – 52 адам санын құраса, ал 2013 жылы – 49 адам санын құрады. Ана өлімінің жарты­ сына жуығы босанғаннан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде орын алады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет