Тақырып Дебиторлық борыш есебі. Сабақтың мақсаты



бет4/8
Дата02.02.2023
өлшемі55,82 Kb.
#167208
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дебиторлық борыштар есебі
Асои 7
1

2

3

4

1

Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға тиеп жіберілген тауарлар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, материалдар, көрсетілген қызметтер:

  • Өз бағасына;

  • Қосылған құнға салынған салық сомасына

2120-2130


2120-2130

6010,6210


3130

2

Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешек борыш сомасы есеп айырысу шотына келіп түсті.

1030

2120-2130

4

Келісілген бағасы бойынша ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар үшін жалға алушылардың берешек сомасы.

2120-2130

6210

5

Келісілген бағасы бойынша ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар үшін есептелген пайыз (процент) сомасы.

1270

6120

6

Алынған қарызға, кредитке есептелген пайыз сомасы

1270

6120

7

Акция дивидендіне есептелген пайыз сомасы

1270

6120

8

Есептелген дивиденд және пайыз ретіндегі борыш сомасы есеп айырысу шотына келіп түсті.

1030

1270



2.3.Жал төлемдері бойынша дебиторлық борыштар есебі
Жалға беруші активтерді қаржылық жалға беру, тәуекелділік пен экономикалық пайданы да арендаторға беру болып табылады. Осыған байланысты жалға берушінің балансында жалға беру төлемақылары бойынша дебиторлық қарыз мөлшері көрсетіледі, ол жалға берілген таза инвестиция мөлшеріне тең. Жалға берудегі таза инвестицияның көлемі жалпы инвестициядан қаржылық табысты алып тастау арқылы анықталады. Жалға берілген жалпы инвестицияның мөлшері, жалдау құнының төменгі сомасы және соған тиесілі жалға берілетін активтердің кепілдік берілмейтін қалдық құнынан тұрады.
Мысалы, жалдау құнының төменгі сомасы жалдау келісім шарты бойынша 1 250 теңге, ал активтің жалға беру кезеңінің соңында кепілдік берілмейтін құны 100 мың теңге болғанда, онда жалға берілетін жалпы инвестицияның сомасы 1 350 теңгеге тең болады. Жоғарыда айтылғандай, кепілді емес қалдық баға дегеніміз ол жалға берілген активтің жалға беруші кепілдік бермейтін қалдық құны. Мүліктің кепілдік берілмейтін құнының мөлшері, арендатордың активтері қалай пайдаланғанына байланысты, соған орай жалға беруші жалға беру кезеңі аяқталған кезде, оның бағасына кепілдік бере алмайды. Егер активтің кепілдік берілмейтін бағасы азаятын болса, айырмасы табыс есебінде танылады.
Жалға берушінің бухгалтерлік есебінде төмендегідей бухгалтерлік проводка жасалады (жалдау ақысын төлеу графигіне сәйкес):
Дт 2180
Кт 2410 жабдықтың құнына 10 000 мың теңге;
Кт 4420 сыйақы сомасына 2 500.0 мың теңге;
Жалға берудің бастапқы жылында:
Дт 2180
Кт 2160 алғашқы жалдау ақысының сомасына 2 500 мың теңге;
Дт 1030
Кт 2180 жалдау ақысының сомасына 2 500 мың теңге.
Бірінші жылдың соңында сыйақы бойынша табысы есептеледі:
Дт 4420
Кт 6010 сомасы 937.5 мың теңге және әрі қарай жыл сайын, жалдау мерзімі аяқталғанша төлемақы графигі осылай толтырылып отырады.
Негізгі құралдар жалға алынғанда немесе жалға берілгенде бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар:

Операциялар мазмұны

Дт

Кт




Кәсіпорынның баска занды немесе жеке тұлғаларға қысқа мерзімге жалға берілген негізгі құралдарына

2111-2417
тиісті аралық
шоттары

2111-2417
тиісті аралық
шоттары

15000

Қысқа мерзімге жалға берілген негізгі құралдар үшін келісімшарт бойынша есептелген есепті кезеңнің жал төлемі сомасына

  • келісілген құнына

  • ҚҚС

1260
1260



6260
3130



2000
240



Қысқа мерзімге жалға берілген негізгі кұралдарға есептелген амортизациялық аударым сомасына

7450


2421-2428



5000



Қорытынды:
Басқа заңды және жеке тұлғалардың кәсіпорынға қарызы дебиторлық борыш болып табылады.
Алынуға тиісті шоттар төлеу мерзіміне сәйкес немесе борышты өтеу мерзіміне қарай ұзақ және қысқа мерзімді болып екі түрге бөлінеді. Олардың есебі сәйкесінше, жұмыс шоттар тізбегінің 1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек» және 2100 «Ұзақ мерзімді дебиторлық борыш» бөлімшелерінде жүргізіледі. Қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес, дебиторлық борыш тек өзімен байланысты кіріспен бірге танылады.
Егер дебиторлық борыш келісім-шартта көрсетілген мерзімде немесе төлеу мерзімі бекітілмеген жағдайда қажетті қалыпты уақытта өтелмесе және қажетті кепілдемемен қамтамасыз етілмесе күмәнді талап болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет