Тақырып Дебиторлық борыш есебі. Сабақтың мақсаты


СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар



бет7/8
Дата02.02.2023
өлшемі55,82 Kb.
#167208
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дебиторлық борыштар есебі
Асои 7
СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, дебиторлық борыш және оның есебін меңгеріп, практикалық дағды қалыптастыру.
Есеп 1.
Алынуға тиісті вексельдер бойынша бухгалтерлік өткізбе құру
2002 жылдың 31 желтоқсанында «Алтын Орда» корпорациясы «Бірлік» компаниясына 91844 теңгеге қызмет көрсеткен және оның 36000 теңгесі бірден төленген. Қалған төлем сомасын 18000 теңгеден төрт бөліп, жыл сайын 31 желтоқсанда төлеу келісілді. Вексельдер бойынша болжамды пайыздық ставка 11%‑ды құрайды.
Тапсырма:
«Алтын Орда» корпорациясы қызмет көрсеткенде, көрсетілген қызмет бойынша төлем қабылдағанда және пайыздық кіріс алғанда төменде берілген мерзімдерге қандай бухгалтерлік өткізбе құрайды?
а) 31 желтоқсан 2002 жылы;
б) 31 желтоқсан 2003 жылы;
в) 31 желтоқсан 2004 жылы;

г) 31 желтоқсан 2005 жылы;


д) 31 желтоқсан 2006 жылы.
Есеп 2
Компанияның кеңселік жабдықты сатып өткізу операциялары бойынша
Тіркеу журналына келесі операцияларды тіркеңіз:

    1. Клиентке тауар қолма-қол ақшаға берілді, сомасы- 5000 ш.б. Өткізілген тауардың өзіндік құны 4000 ш.б.

    2. Құны 500 ш.б. тұратын тауар қайта қайтарылды (№1 опер). Клиентке ақшасы қайтарылып берілді. Қайтарылған тауардың өзіндік құны 400 ш.б. Тауар ТМҚ шотына кіріске алынды.

    3. Клиентке 20000 ш.б. тауар несиеге сатылды. Өткізу шарты 2/10, n/30. Өткізілген тауардың өзіндік құны 15000 ш.б. өқрайды.

    4. Несиеге сатылған тауар үшін клиенттен төлем қабылданды. (жеңілдікті пайдаланған, №3 опер. қараңыз). Клиент төлемді жеңілді өз күшінде болған мерзімде жасаған. Жеңілдікке бухгалтерлік өткізбе беруіңіз керек.



Әдістемелік нұсқау. Студенттер мыналарды назарына алып ескерулері керек:
1. Дебиторлық борышты тану барысында бухгалтерлік есептіңе есептеу қағидасы орындалады.
2. Дебиторлық борыш өзімен байланысты кіірспен бірге танылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет