Тақырып: Философия, оның пәні және функциялары. «Философия» пәнінің негізгі бөлімдері



бет11/31
Дата26.01.2022
өлшемі144,83 Kb.
#129844
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
Байланысты:
Та ырып Философия, оны п ні ж не функциялары. «Философия» п ні
Д ріс Ойлау м дениетіні алыптасуы ойлауды философиялы т рі , 782cf7a434bf915abf79e4508bfe6537b64d59de
Эфестік Гераклит (б.д.д VI ғ-дың 2 жартысы мен V ғ-дың 1 жартысы). Ежелгі грек материалисі (бастапқы логикалық мектептің өкілі). 1.Дүние негізі – от деп санады. 2. Диалектиканың өзекті заңы қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңын тұжырымдады. 3.Дүние тоқтаусыз қозғалыс пен өзгеріс үстінде екенін алғаш айтты. (бір түскен суға екінші рет түсу мүмкін емес) 4.Табиғаттағы заттар айналысы мен тарихтың циклділігін жақтады. 5.Дүниедегі салыстырмалылықты мойындады («Теңіз суы адам үшін лас болғанымен балық үшін таза», «Адамның бірдей қылығы мен әрекеті жағдайға қарай бірде жақсы болса, бірде жаман»). 6.Әлемдік ақыл, Логос – бәрін қамтитын, бәріне енетін Құдай деп сенді. 7. Адамдағы және Әлемдік жан – материалды деп түсінді. 8. Қоршаған дүниені танудың сезімдік (материалистік) түрін жақтады. Барлық процестердің қозғаушы күші – күрес екенін айтты: («соғыс( күрес) – барлығының әкесі әрі анасы»). Пифагор – (б.д.д VI ғ. екінші жартысы мен V ғ. басы). Ежелгі Грек философы және математигі. Пифагор және оның жолын қуушылардың пікірінше: Дүниенің диалектикалық бірлігін бейнелейтін «протокатегорияларды» табуға көрсетуге тырысты. (Жұп – тақ, жарық-қараңғы, түзу – қисық, оң-сол, ер - әйел, т.б). Ғұмыр тарихы. Пифагор (б.д.д 580-500) – Иониядағы Самос аралында туылып, Египетпен Вавилонда ұзақ өмір сүріп, кейбір деректер бойынша Үндіде болып, содан кейін Ұлы Грецияға, Кротон қаласына келіп өз мектебін – Пифагорлік Одақты – ғылыми философиялық және саяси қауымдастықты құрған ежелгі грек философы. Пифагорға «Пифагор теоремасын» дәлелін тапқандығы және математиканы эмпириялық ғылымынан теориялық ғылымға айналдыру еңбегі жатқызылады. Пифагор сонымен қоса астрономияға да үлес қосты. Негізгі еңбектері. Еңбектерінің аты да сақталмаған. Философиялық көзқарастары. Түпнегіз. Пифагорда «Ежелгі Грецияның ең бірінші идеалисі» деп санауға болады. Өйткені болмыстың түпнегізі ретінде ол идеалды мәнді – сандарды (тұтас натуралды сандарды) атайды.Элеаттықтар– қазіргі Италияның жерінде орналасқан ежелгі грек полисі Элейдегі философиялық мектептің (біздің дәуірімізге дейін VI – V ғ.ғ. ) - өкілдері: Парменид, Элейлік Зенон, Самостық Мелисс. Элеаттықтар:1.Таным мәселесін зерттеді 2. Сезімдік таным (пікір «Докса») мен жоғары рухани идеалистік танымды қатаң жіктеді, ажыратты: 1. Монизмді жақтады – көптүрлі құбылыстардың бір ғана бастапқы негізден тарайтынын тұжырымдады; 2.«апорияларды» - парадокстарды негіздеді. Ксенофан.Ғұмыртарихы. Ксенофан (шамамен б.д.д 565-473 жылдар аралығы) – Атомистер– (б.д.д V ғ.) материалистік сипаттағы мектеп өкілдері Демокрит, Левкипп: әлемнің бөліндейтін ұсақ кірпіштерден –«атомдардан» («атомос»- неделимое»: «том»-«бөліну», «а»-«қарсы») құралатындығын айтты. Демокрит флософиясындағы материалистік бағыттың негізін қалаушы болды. Демокрит ілімінің басты қағидалары: 1.Дүние материалды; 2.Материалды дүние атомдардан құралады; 3.Атом – ұсақ бөлшек, дүниенің «алғашқы кірпіші» 4.Атом бөлінбейді; 5.Атомдар түрлі көлемге (өте ұсақ немесе өте ірі, тағы басқа) және түрлі формаға ие (дөңгелек, сопақша, қисық формада, т.б) болады. 6.Атомдар арасында бос кеңістік бар; 7.Атомдар үздіксіз айналыс үстінде: заттар, тірі организмдер тіршілік етеді, ыдырайды, олардың атомдарынан келесі материалды дүние заттары мен жаңа тірі организмдер пайда болады, содан соң қайтадан ыдырайды; Осылай мәңгі айналыс жалғаса бермек. 8.Атомдар үздіксіз, мәңгі қозғалыс үстінде. 9.Атомдарды сезімдік таным арқылы көру мүмкін емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет