Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар



бет102/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

Қылмыстың тікелей объектісі жекеше күзет қызметшілерінің өз функцияларын заңға сыйымды жүзеге асыруын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың қосымша тікелей объектісі-жекелеген азаматтардың денсаулығы, қауіпсіздігі және олардың жеке басының басқа да мүдделері болып табылады. Қылмыстың объективтік жағы жекеше күзет қызметі басшысының немесе қызметшісінің лицензияға сәйкес өздеріне берілген өкілеттіктерін өз қызметінің міндеттеріне қарамастан, күш қолданып немесе оны қолданамын деп асыра пайдалануы арқылы сипатталады. Өкілеттіктерді асыра пайдалану дегеніміз-тұлғаның жасауға тиісті емес және құзыретіне кірмейтін іс-әрекеттерді жасауы. Өз қызметінің міндеттеріне қарамастан асыра пайдалану іс-әрекеті жекеше күзет қызметінің іс-әрекетінің міндеттері және мақсатымен байланысты бекітілген құрылтай құжаттарының бұзылу жағдайына әкеп соғады. Өкілеттікті асыра пайдалану іс-әрекетті күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалса, онда қылмыс аяқталған деп саналады.
Күш қолдану дегеніміз-денсаулыққа жеңіл, орта дене жарақатын салу, ұстау, оның еркін жүріп тұруына кедергі келтіру әрекеттері жатады. Күш қолданамын деп қорқытуға өлтіремін, ауыр дене жарақатын түсіремін, не болмаса басқа да қауіпті әрекеттер істеймін деген қорқытулар жатады.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналық. Қылмыстың субъектісі-арнаулы. Олар жекеше күзет қызметі басшысы немесе қызметшілері. Осы баптың екінші бөлігінде қылмыстың ауырлататын түрі- қару немесе арнаулы құралдар қолданып немесе ауыр зардап келтірген әрекет көрсетілген. Ауыр зардапқа адамның өлуі, ауыр дене жарақатын алуы, көп адамның дене жарақатын алуы жатады. Бұл жерде кінә нысаны орын алған зардап жөнінде абайсыздық болуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет