Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Қылмысты саралау және оның маңызы



бет2/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

2 Қылмысты саралау және оның маңызы

ҚР ҚК 4-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау, яғни Кодексте көзделген қылмыс не қылмыстық теріс қылық құрамының барлық белгілері бар іс-әрекеттер қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады.
Қылмыс жасаған тұлғаға жаза қолданудың мүмкіндігі құқықтық көзқарас тұрғысынан алғанда, қылмысты жасаған сәттен бастап пайда болады.
Нақ осы уақыттан бастап, қылмыстық құқықтық қатынастар пайда болады. Алайда, жазаны нақты түрінде қолдану үшін қылмыстық құқықтық қатынасты ресми түрде жасақтау және қылмыстық процесуалдық нысанда рәсімдеу қажет болады: оның пайда болуына алып келген заңи фактіні анықтау; құқықтық қатынастың субъектісін анықтау; оның мазмұнын айқындау, яғни оның қандай қылмыстық құқықтық нормада қарастырылғанын белгілеуге тура келеді.
Аталған міндеттер анықталған қылмыстық құқықтық қатынастарды белгілі бір қылмысты саралау жолымен, процесуалдық құжаттарда бекітетін анықтама, тергеу, сот органдарымен жүзеге асырылады.
Қылмысты саралау құқықты қолданудың аса маңызды құрамдас бөлігі болғанымен, ол оның бірден-бір көрінісі болып табылмайды. «Құқық нормасын қолдану» ұғымы төменде көрсетілгендерді қамтиды: а) істің оқиғалық мән-жайларын талдау; б) тиісті норманы қарастыру немесе таңдап алу; в) тиісті норманы кірістіретін заңи бастауларының мәтінінің дұрыстығына (түп нұсқалығына) көз жеткізу; г) норманың мәнісі мен мазмұнын айқындау; д) норманы түсіндіру; е) шешім қабылдау және осы шешімді бекітетін актіні шығару.
Осы тұрғыдан алғанда саралау (квалификация) нақты жасалған қауіпті әрекеттің белгілеріне сайма-сай келетін бірден-бір қылмыстық құқықтық норманы таңдап алу және осы таңдауды заңи актіде (сот үкімі, ұйғарым, қаулы) бекіту болып табылады.
«Квалификация»- термині латын тілінен аударғанда (qualis – сапа, facere - жасау) әлде бір нәрсенің сапасын, бағасын, жарамдылық дәрежесін анықтау дегенді білдіреді, яғни белгілі бір құбылысты оның сапалық белгілеріне, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты әлдеқандай топтарға, дәрежелерге, сыныптарға жатқызу болып табылады. Қазіргі уақытта квалификация терминінің орнына саралау деген сөзді қолданып жүрміз. Аталған сөздің біз қызығушылық танытып отырған құбылыстың ішкі мазмұнын қаншалықты дәл ашатындығына талдау жасамай-ақ біз де осы сөзді қолданғанды жөн санадық. Қылмысты саралау дегеніміз - оған заңи баға беру, берілген қылмыс түрі үшін жазаны қарастыратын қылмыстық заңның бабын айқындау болып табылады. «Қылмысты саралау дегеніміз берілген нақты іс-әрекеттің қылмыстық заңмен қарастырылған әлдеқандай қылмыс құрамының белгілеріне сәйкестігін анықтау болып табылады».
Құқықтық білімдердің энциклопедиялық сөздігінде берілген анықтамада қылмысты саралау анықтамасы және оның түсіндірмесі барынша дәл және ақиқат болып табылады. Ол бойынша «Қылмысты саралау дегеніміз жасалған іс-әрекет белгілерінің қылмыстық заңда қарастырылған белгілі-бір қылмыс құрамына дәл сәйкестігін тиісті процессуалдық актіде анықтау және бекіту».
Аталғандарды нақтыласақ а) қылмысты саралау кінәлі тұлғаға жаза мөлшерін тағайындау және жасалған қылмыстың өзге де құқықтық салдары үшін негіздеме. б) қылмысты саралау қылмыстық сот өндірісінде заңдылықтың сақталуы үшін үлкен маңызға ие болады; в) қылмысты саралау жасалған қылмыстың осы іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заңмен қатаң сәйкестікте саралануы тиістігін білдіреді.
Қылмысты дұрыс сараламау үкімнің күшін жою немесе өзгерту үшін негіз болып табылады. Саралау барысында жіберілген қателік жазаның түрі мен мерзімінің дұрыс тағайындалмауын туындатып ғана қоймайды, сонымен қатар бірқатар басқа да құқықтық салдардың негізсіз туындауына алып келеді (сотталғандық, түзету мекемесінің түрін және түзету колониясының режимін анықтау, рақымшылық жасауды қолдану немесе қолданбау, мүлікті тәркілеу, кейбір азаматтық-құқықтық салдар).
Кінәлі адамға жазаның мөлшерін дұрыс анықтау іс-әрекетті дұрыс саралауға айтарлықтай тәуелді.
Мысалы абайсыздықтан кісі өлтірген адамға әділетті, жасаған іс-әрекетіне сәйкес жаза тағайындау мүмкін емес, егер оның әрекеті қателіктің салдарынан қасақаналықпен адам өлтіру ретінде сараланатын болса. Себебі ҚК-тің 104 бабы бойынща яғни абайсызда қазаға ұшыратқаны үшін үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген, ал ҚК-тің 99 бабының 1 бөлімі бойынша сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, ал 99 баптың 2 бөлімі бойынша он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осы мысалдың өзінен-ақ қылмысты дұрыс саралаудың қандай маңызға ие болатындығын байқауға болады.
Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы өте жоғары. Ол заңдылық, кінәлілік, әділеттілік және ізгілік қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді және заң алдындағы теңдікке нақты қол жеткізілуіне кепілдік береді. Қылмысты дұрыс саралау жасалған іс-әрекетті оның ауырлығы мен қоғамдық қауіптілігін ескере отырып оны қылмыс ретінде мемлекет тарапынан теріс бағалаудың негіздемесі болып табылады, сол себепті де заңды және әділетті жазаны тағайындаудың маңызды алғы шарты болады. Қылмысты дұрыс саралау оны қылмыстың онша ауыр емес, орташа ауырлықтағы, ауыр және аса ауыр (ҚР ҚК-нің 11-бабы) болып табылатын санаттарының біріне жатқызуға мүмкіндік береді. Қылмыстың осы аталған саттарының біреуінің қатарына жатқызылуымен қылмыстық құқықтың қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуді дифференциялау, соттылықтың жойылуының мерзімдері сияқты көптеген мәселелері тікелей байланысты болады. Қылмысты дұрыс саралау қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен қарастырылған қылмыстарды тергеудің процесуалдық тәртібін, тергелуі ретін, соттылығын, тергеу мерзімдерін, бұлтартпау шараларының түрлері сияқты көптеген мәселелердің шешілуіне тікелей себепші болатындығы ескерер болсақ, оның маңызы түсініктірек болады деп ойлаймыз. Қылмысты дұрыс саралау сонымен қатар аса үлкен криминологиялық маңызға да ие болады. Ол статистикалық есептеулерде қылмыстылықтың жай-күйін, құрылымын және қарқындылығын дұрыс көрсетуге мүмкіндік береді, ал бұл болса өз кезегінде қылмыстылықпен күресуде негізді болжамдарды құрастырып оған тосқауыл қою және оның алдын алу бойынша шарларды жасақтап жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сайып келгенде осының бәрі азаматтардың мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан тиімді де пәрменді қорғауға мүмкіндік берері даусыз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет