Тақырып Кіріспе. Биологияның оқыту мен тәрбие теориясы дамуының бағыттарын анықтайтын факторлар. Дәріс тезистері. Кіріспе



бет3/8
Дата07.02.2022
өлшемі58,15 Kb.
#94473
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Оқыту әдістері жайлы

Ұғымдардың түрлері.
күрделі

қарапайым



жалпы биологиялық


арнайы

локальды



Қарапайым, бастауыш ұғым, білімнің 1 элементінен құралады.
Арнайы ұғымдар бір курс көлемінде ғана қарастырылады.
Арнайы ұғымдардың арасында локальді ұғымдар кездеседі, олар тек бір тақырыптың немесе бірнеше сабақтың көлемінде ғана қарастырылады, мысалы, ботаникада “фотосинтез, өсімдіктердің минералді қоректенуі...”.
Жалпы биологиялық ұғымдар бүкіл әлемге және бәрі тірі ағзаларға байланысты заңдылықтарды қарастырады. Жалпы биологиялық ұғымдар бөлек биология курстарындағы ұғымдарды қорытындылайды.
Жалпы биологиялық ұғымдар: жасуша - тіршіліктің қарапайым бірлік өлшемі, ағзалардың құрылысы мен қызметінің бірлігі, ағзалармен қоршаған ортаның өзара байланысы, ағза өзін-өзі реттеуші жүйе ретінде, зат алмасу және энергия өзгеруі, ағзалардың көбеюі, дүниенің эволюциялық дамуы, биологиялық жүйе және тірі материяның ұйымдасу деңгейі.
Жалпы биологиялық ұғымдар арнайы ұғымдардан құралады және мектеп биологиясының әр курсында қарастырылады.
Оқыту үдерісінің міндеті - жоспарлы түрде ұғымдарды құрастыру және дамыту. Ұғымдарды меңгеру үдерісінде жаттығулар мен биологияда байқау мен тәжірибеге байланысты есептерді шешудің маңызы зор. Ұғымдардың дамуы тәжірибелік дағдылардың пайда болуымен және дамуымен байланысты.
Дағдыларды бірнеше топқа бөлуге болады: морфологиядан- мүшелерді бөлшектеу және анықтау; систематикадан- өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау және салыстыру; анатомиядан - микроскоппен және ұлғайтқыш әйнекпен жұмыс істей білу, препарат даярлау; физиологиядан - тірлік процестерін байқау, тәжірибе қою; экологиядан - ағзалардың бейімделу түрлерін, экологиялық белгілерін анықтау.
Дағдылардың дамуы ұғымдардың дамуымен қарапайым әдістерден күрделі әдістерге қарай байланысып қатар жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет