Тақырып: «Көлік құралдарының аялдау және тұрақтау орындары.»



бет3/17
Дата03.04.2023
өлшемі0,66 Mb.
#173547
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ПДД поурочки

Күні: 08.12.2022
Тақырып: «Интервал және арақашықтық. Қозғалыс жылдамдығы.»

Жүргізуші көлік құралын белгіленген шектеуден аспайтын жылдамдықпен, мұндайда қозғалыс үдемелігін, көлік құралы мен жүктің ерекшелігін жəне жай-күйін, қозғалыс бағытындағы көрінуге қатысты жол жəне метеорологиялық жағдайларды ескере отырып жүргізуі керек. Жылдамдық жүргізушіге Ереженің талаптарын орындау үшін көлік құралының қозғалысына тұрақты түрде бақылау жасауына мүмкіндік беруін қамтамасыз етуі керек.


Қозғалысқа жүргізуші анықтай алатындай кедергі жəне (немесе) қауіп туған жағдайда, ол көлік жылдамдығын тоқтатуға дейін азайтып немесе қозғалыстың басқа қатысушылары үшін қауіп төндірмей, кедергіні айналып өтуге шаралар қолдануға тиіс.
Елді мекендерде 60 шақ./сағ. артық емес, ал тұрғын аймақтар мен аула аумақтарында 20 шақ./сағ. аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.
Елді мекендерден тыс жерлерде мынадай қозғалыс жыл- дамдықтарымен қозғалуға рұқсат етіледі:

    • жеңіл автомобильдерге жəне рұқсат етілген жоғарғы салмағы 3,5 т. аспайтын жүк автомобильдеріне автоарналарда – 110 шақ./сағ. артық емес, қалған жолдарда 90 шақ./сағ. артық емес жылдамдықпен;

    • халықаралық жəне ерекше шағын автобустарға жəне мото- циклдерге 90 шақ./сағ. артық емес жылдамдықпен;

    • басқа автобустарға, тіркеме сүйреткен кезде жеңіл авто- мобильдерге, рұқсат етілген максималды салмағы 3,5 т. артық жүк автомобильдеріне автоарналарда – 90 шақ./сағ. артық емес, басқа жолдарға – 70 шақ./сағ. артық емес.

Көлік құралдарының жылдамдығы:



    • жүк автомобилінің шанағында жолаушыларды тасыған кезде – 60 шақ./сағ;

    • механикалық көлік құралдарын сүйреткен кезде – 50 шақ./сағ.;

    • қауіпті, ауыр салмақты жəне ірі көлемді жүктерді тасымалдау шарттарын келіскен кезде белгіленген көлемнен аспауға тиіс.

10.4-1. Елді мекендерде жəне елді мекендерден тыс жерлерде жол жағдайлары үлкен жылдамдықпен қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін болса, автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерінде жеңіл автомобильдердің қозғалыс жылдамдығын 120 шақ./сағ. дейін,
автобустардікін 110 шақ./сағ. дейін (3.24 тиісті белгісін орната отырып) көтеруге болады.
Жүргізушіге:

    • көлік құралының техникалық сипаттамасында анықталған ең жоғарғы жылдамдықтан арттыруға;

    • көлік құралында белгіленген «Жылдамдықты шектеу» айырым белгісінде көрсетілген жылдамдықтан асыруға;

(Осы жерде бұдан кейін айырым белгілері Негізгі Ережелерге сəйкес көрсетіледі).

    • қажеттілік болмаған кезде өте аз жылдамдықпен қозғалып, басқа көлік құралдарына кедергі тудырмауға;

    • егер бұл жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін талап етілмесе, қозғалысты кенеттен тежеуге тыйым салынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет