Тақырып: «Көлік құралдарының аялдау және тұрақтау орындары.»


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет6/17
Дата03.04.2023
өлшемі0,66 Mb.
#173547
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ПДД поурочки

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:





  1. Басып озуды бастамас бұрын жүргізуші қандай жағдайларға көз жеткізуге міндетті?

  2. Рельссіз көлік құралын сол жағынан басып озуға рұқсат етіле ме?

  3. Жүргізушісі солға бұрылуға белгі берген жəне маневрді орын- дауға кіріскен көлік құралын оң жағынан басып озуға рұқсат етіле ме?

  4. Қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына (жағына) шығумен басып озуды аяқтағаннан кейін, жүргізуші бұрын жүріп келе жатқан қозғалыс жол жолағына қайтып оралуға міндетті ме?

  5. Басып озатын көлік құралының жүргізушісіне қозғалыс жылдамдығын көтерумен немесе өзге де əрекеттермен басып озуға кедергі жасауға рұқсат етіле ме?

  6. Қандай жағдайда көлік құралының жүргізушісі басып озуын аяқтағаннан кейін, бұрынғы қозғалыс жолағына қайтып оралуға міндетті?

  7. Озғызатын көлік құралының жүргізушісіне жылдамдығын көтеруге рұқсат етіле ме?

  8. Реттелетін жол қиылысында басып озуға рұқсат етіле ме?

  9. Қарама-қарсы жол жолағына шығып, жол қиылысында басып озуға рұқсат етіле ме?

  10. Бағытын өзгертетін басты жолмен қозғалып, реттелмейтін жол қиылысында басып озуға рұқсат етіле ме?

  11. Жаяу жүргіншілер өтпесінде көлікті басып озуға рұқсат етіле ме?

  12. Теміржол өтпесінен өту кезінде көлікті басып озуға рұқсат етіледі ме?

  13. Басып озып немесе айналып өтіп жатқан көлік құралын басып озуға рұқсат етіле ме?

  14. Өрде қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып басып озуға рұқсат етіле ме?

  15. Жолдың шектеулі көрініс бөлігінде басып озуға рұқсат етіле ме?


Күні: 06.04.2023
Тақырып: «Темір жол қиылысынан өту. Қала сыртындағы

жолдарда жүру ережелері.»


Көлік жүргізушісі жол қиылысында оңға немесе солға бұрылған кезде, Ереженің
5.9 жəне 18.2-тармағын ескере отырып, жол- дың жүріс бөлігін кесіп өтетін жаяу жүргін- шілерге, велосипед жолымен жүріп келе жатқан велосипедшілерге жол беруге міндетті (13.1-сурет).
Көше қиылысына немесе жүріс бөлігі өткеліне, егер жүргізушіні аялдауға мəжбүр ететін тығылыс болса, көлік құралдарының көлденең бағыттағы қозғалысы үшін кедергі келтіруге тыйым салынады (13.2-сурет).
Жүргізушіге шолуды шектейтін, ілеспе бағытта қозғалатын көлік құралының алдына түсуге тыйым салынады (13.3-сурет).
Егер көше қиылысында немесе оның алдында көлік құралы аялдаса, онда көрші жол жолағымен қозғалып келе жатқан басқа көлік құралдарының жүргізушілері мұның қауіпсіз
екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана қозғалысты жалғастыра алады.
Қозғалыс кезектілігі бағдаршамның немесе реттеушінің белгілерімен айқындалатын көше қиылысы реттелетін болып есептеледі. Жұмыс істемей тұрған бағдаршамның жыпылықтаған сары белгісі кезінде немесе реттеуші жоқ
болса, көше қиылысы реттелмейтін болып есептеледі жəне жүргізушілер реттелмейтін көше қиылыстарын өту Ережелерін жəне көше қиылысында орнатылған басымдылық белгі- лерін басшылыққа алады (13.4-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет