Тақырып: Пәнге кіріспе. Медициналық білім беру саласында ішкі ағза ауруларын зерттеудің маңызы. Дәлелденген медицинаға түсінік



бет6/10
Дата07.02.2022
өлшемі27,99 Kb.
#97328
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
3лаб 1
1619678337
Биологиялық өлім (кәдімгі өлім) - ұлпаларда зат алмасу тоқтап, ағзаның мүлдем өліленуі.
Этиология деп аурудың себептерін зерттейтін ғылымды атаймыз. Оның екі негізгі түрлері бар: сыртқы факторлар және ішкі факторлар.
Сыртқы факторларға бірнешe себептер жатады:
1.Физикалық себептер: суыну, қызыну, ауаның тым ылғалдануы, атмосфералық қысымның өзгеруі. Бұлар бронхит, пневмония,
гломерулонефрит ауруларына әкелуі мүмкін.
2.Химиялық себептер - түрлі химиялық дәрілердің ағзаға тигізетін әсері. Олар зауыт, фабрика жұмысшыларында кездеседі. Химиялық себептерге қатты, сұйық, ұнтақ тәріздес, бу тәріздес улы заттар жатады.
3.Механикалық себептер: жарақаттану, мидың шайқалуы, сүйектің сынуы, буынның тайқуы.
4.Биологиялық себептер: ауру тудыратын қоздырғыштар (вирустар, микробтар, кокктар) шыбын, маса, құрттар.
5.Тамақтанудың бұзылуы - көп тамақтану да, семіруде ауруға әкеледі. Аз тамақтанса гипо-, авитаминоздарға әкелуі мүмкін.
6.Психогендік факторлар: ұрыс-керіс, эмоциялар жүйке жүйесінің жұмысын төмендетеді, инфаркт, гипертониялық ауру, асқазан жарасын тудырады.
7.Әлеуметтік факторлар: жұмыс істейтін орын мен қоршаған ортаның (отбасының) жағымсыз әсерлері де денсаулық көрсеткіштерін төмендетеді. Ал силикоз, асбестоз, антрокоз сияқты аурулар мамандық арқасында пайда болады.
Ішкі факторлар: 1. Тұқым қуалаушылыққа бейім болу факторы. Бұл факторға атадан балаға ген арқылы берілетін аурулар жатады.
Мысалы: демікпе, су самыр. Бірақбұл ауруларды алдын алу шаралары арқылы болдырмауға болады.
Патогенез - аурудың даму механизмін, ағымын және соңын зерттейтін ғылым. Патогенезді оқудың практикалық маңызы өте зор. Аурудың патогенезін біле отырып, аурудың дамуына әсер етуге болады. Ол үшін дәрілердің көмегімен процестің кез-келген буынын өзгертуге болады.
Клиника дегенміз - ауру белгілерінің көрінуі.
Аурудың бip белгісін симптом деп атаймыз. Бірнеше симптомдар жинағын синдром деп атаймыз.
Симптомдар субъективті және объективті болып бөлінеді. Объективті симптомдар жалпы қарау, пальпация, перкуссия, аускультация кезінде байқалады. Мысалы: ісіктер,бауырдыңүлкеюі, жүректегі шуылдар.
Субъективті симптомдар пациенттің сезіну қабілетіне байланысты дамиды. Олар пациенттің санасына патологиялықөзгерістерінің салатын iзi болып табылады. Мысалы: әр түрлі локализациялық аурулар, жүректің айнуы, бас айналу.
Синдром деп бip-біріне тығыз байланысты дамитын бірнеше симптомдар жинағын атайды. Олар ұлпалар мен жүйелердегі патологиялық өзгерістерді көрсетеді. Мысалы: ісік синдромы (ісіктер, асцит, анасарка, терінің бозаруы немесе көгеруі);бронхоспазмдық синдром (жөтелу, демігу, аускультацияжасағанда естілетін сырылдар); шок синдромы (әлсіздік, терінің бозаруы, жіп тәріздес пульс, АҚ, төмендеуі).
Диагноз деп медициналық терминмен айтылатын аурудың қысқа түйінін атайды.
Диагностика деп аурудың тексеру тәсілдерін оқытатын ғылымды атаймыз. Бұл термин ішіне пациентті зерттеу де, диагнозды анықтау да кіреді.
Диагностика үш бөлімнен тұрады: 1. Дәрігерлік диагностикалық техника - пациентті зерттеудің әдістемелерін оқытады. 2. Семиология - ауру симптомдарының диагностикалық маңызы мен механизмін оқытады. 3. Диагноз әдістемесі ауруды дұрыс тану үшін қажетті ой-өpic ерекшелігін оқытады.
Диагностикалық техниканың жалпы жоспары
Науқастың шағымдарын жинаған ауру тарихы мен өмір тарихын дұрыстап талдаған жөн. Екіншіден, пациенттің морфологиялық ерекшеліктерін есепке алу керек (түр-тұлғасын, ішкі мүшелер ерекшеліктерін). Үшіншіден, пациенттің функционалдық ерекшеліктерін тексерген дұрыс. Оны функционалдық әдістермен зерттейді. Төртіншіден, жүйке жүйесі мен иммунологиялық статусынын ерекшеліктері қаралады. Байқалған симптомдар мен синдромдарды ескере отырып, зақымдалған орынды, оны тудырған себепті, патологиялық процестің мәнін тереңдетіп зерттеу жүргізу керек. Диагноз қоюға клинико-зертханалық және аспаптық әдістер көмек көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет