Тақырып: Туризмнің рөлі. Туризм


Тақырып: Туризмнің артықшылықтары мен кемшіліктері



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата17.05.2023
өлшемі432,52 Kb.
#176971
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Туризм туралы мәтіндер

Тақырып: Туризмнің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Қазақстанда туризмнің даму мәселелері
Мәтінмен жұмыс
Мәтінді (Туристік кластеры) оқып, сұрақтарға жауап беріңіз 
1.
Туристік ресурстар деген ұғымды түсіндіріңіз. 
2.
Картадан ҚР туристік кластерлерді анықтап, атап шығыңыз. 
3.
Не себептен 1, 2, 3 кластерлерде туризмді дамытуға болады?
4.
Осы кластерлерде туризмнің қандай турлерін дамытуға болады? Дәлелдеңіз. 
http://studopedia.su/20_11518_kIrIspe.html
 
4.Туристік кластеры 
 
Туристік ресурстар дегеніміз белгілі-бір территориядағы (аумақтағы) туризмді 
қалыптастырып, дамытуға мүмкіндік беретін табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік-
экономикалық нысандардың жиынтығы. Туристік ресурстарды табиғи, тарихи-мәдени 
және әлеуметтік-экономикалық деп екі топқа бөліп қарайды. Бұл топтарды туристік 
ресурстар жағдайын анықтайтын (табиғи және әлеуметтік-экономикалық) факторлар 
ретінде де қарастыруға болады. Бірінші топқа көрікті табиғи орындар (ландшафтар), 
рекреациялық орындар, тарихи-мәдени және табиғи (табиғат ескерткіштері) экскурсиялық 
нысаналар, климаттық көрсеткіштер (температура, радиация), теңіз, көл және мұхит 
жағаларының болуы мен олардың адамдардың демалысы үшін жарамдылығы жатады. Бұл 
жерде рекреация деген ұғымның мағынасын айта кету керек. Рекреация — адамдардың 
демалысы мен емделуін қамтамасыз ету арқылы олардың рухани және дене күшін 
қалпына келтіріп, дамыту, денсаулығын нығайтуға мүмкіндік беретін жағдайлар. 
Рекреациялық ресурстарға табиғат компоненттері: климат жағдайы, жер бедері, 
минералды және термальды бұлақтар және өсімдік жамылғысы жатады.
Бірінші кластерге Алматы қаласы, яғни жақсы дамыған туристік аймақ болып 
есептелді. Аймақта инфрақұрылым жағдайы, туристік ресурстар, туристік әлует, туристік 
өнімдерге жоғары сұраным, географиялық бірлікте өзара байланысты кәсіпорындар саны 
жеткілікті. 
Екінші кластерді Астана қаласы, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы, 
Оңтүстік Қазақстан облыстары құрады. Бұл аймақтарда туризмнен түскен кіріс деңгейі 
басқалармен салыстырғанда жоғары болғанмен, көрсетілетін қызмет пен жұмыс көлемі 


жағына 
кейбір 
аймақтар 
көрсеткіштерінен 
төмен. 
Аймақтар 
туристерге 
тартымдылығымен, тиімді географиялық орналасуымен, маңызды туристік әлуетттің 
болуымен сипатталады. 
Үшінші кластерді, біздің талдауымыз нәтижесінде Маңқыстау облысы, Ақмола 
облыстары құрады. Аталған аймақтар есептеу нәтижесінде сандық көрсеткіштер арқылы 
төмен деңгеймен бағаланғанмен, маңызды туристік ресурстары бар болып есептеледі. 
Дегенмен, бұл аймақтарда туризмді дамытудың үлкен келешегі бар және бұл мәселенің 
негізгі шешу жолы қаржыландырудың, инфрақұрылымды дамытудың көп көлемін 
қажетсінеді. Қазақстан Республикасының басқа аймақтары туристік әлуетке ие болғанмен, 
оларды дамыту қазіргі жағдайда дұрыс жолға қойылмай отыр деген тұжырым жасауға 
болады. Қазіргі уақытта Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Алматы қаласы, Алматы облысы, 
Солтүстік Қазақстан облыстарында туристік кластерді дамыту 
Жалпы туристік ресурстарға баға берген кезде территориялардың (аумақтың) табиғи-
эстетикалық жағына, олардың тартымдылығы мен қайталанбастығына көңіл бөлу керек, 
өйткені олар аумақтың туризм бойынша функционалдық сапасын анықтайды. Бұл жерде 
қолайлы климаттық жағдайлардың рөлі жоғары және аумақ табиғатының аз өзгеру 
жағдайы ерекше орын алады. 
Туристік ресустарға қатысты келесі ұғым — туристік мүмкіндіктер. Туристік 
мүмкіндіктер дегеніміз белгілі-бір территориялардағы туризмді қалыптастырып дамытуға 
мүмкіндік беретін, бірақ әр түрлі себептермен қазіргі жағдайда пайдаланылмай жатқан 
орындар мен факторлардың жиынтығы. Туристік ресурстардың таралуына байланысты 
оларды аудандастыру жүргізіледі. Туристік аудандастыру — аумақтағы туризмге 
байланысты географиялық ақпараттарды жүйелендіруге және ол аумақтағы туризмнің 
даму заңдылықтарын анықтауға байланысты жеке аудандарды анықтап, бөлу. Туристік 
аудандастыру аумақтың барлық бөліктеріндегі туризмнің жағдайы, факторлары және 
болашағы жайлы толық түсінік алуға, оларға байланысты жеке аумақтық ерекшеліктерді 
бір-бірімен салыстыруға және бұл мәліметтерді туризмді жоспарлау мен басқаруда 
пайдалануға мүмкіндік береді. Туристік ресурстардың, туристік нысандардың таралуы 
дегеніміз олардың басқа объектілермен және бір-бірімен салыстырғандағы белгілі-бір 
аумақтардағы орналасу реті мен жиілігі болу жағдайы. Туристік аудандастыру кезінде әр 
түрлі таксономикалық рангадағы аумақтық бірліктер бөлініп шығарылады. Олар 
маңыздылығы жағынан жалпы мемлекеттік (республикалық), дүние жүзілік және 
жергілікті болуы мүмкін. Ондай аумақтық бірліктерге —туристік-рекреациялық
зоналар, 
туристік аудандар немесе орталықтар жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет