Тақырып:Қозу физиологиясы



Дата15.02.2023
өлшемі3,92 Mb.
#168817
Байланысты:
Қозу физиологиясы
Презентация (9)ипмд(14), Презентация (9)ипмд(14), микро, 524-1-1003-1-10-20180915, Новый документ

Тақырып:Қозу физиологиясы


Kazakh National Women's Teacher Traning University

Жоспар:

Физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік


Адам организмі екі түрлі қалыпты жағдайда болады:
физиологиялық тыныштық
Физиологиялық белсенділік.

Физиологиялық тыныштық


тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай,
денесін босатып
демалып, ояу жатқан қалпын айтады.
адам көзін жұмып
Осындай қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары әсер етсе, организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық белсенділікке ауысады.
Организмнің қандай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл организмнің қызмет атқаратын жағдайын физиологиялық белсенділік дейді. Физиологиялық белсенділік кезінде зат алмасу артады, бірнеше мүшелер, мүшелер жүйесі қызметін күшейтеді.

2. Сыртқы және ішкі орталардың әсері - тітіркендіргіштер


Адам денесіндегі көпшілік тірі клеткалардың тітіркену қасиеті болады.
Тітіркену деп сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін айтады. Сыртқы және ішкі орталардың әсерін тітіркендіргіштер деп атайды. Тітіркендіргіштерді төртке бөледі:
физикалық,
химиялық,
физико-химиялық,
биологиялық.

Физикалық тітіркендіргіштер


түрлі механикалық
шаншу
қысым
температура
электірлік әсерлерді айтады.

Химиялық тітіркендіргіштерге


тамақтың құрамындағы
органикалық
бейорганикалық заттар
дәрілер
улы заттар
қышқылдар
сілтілер тәрізді заттардың әсері жатады.

Физико-химиялық тітіркендіргіштерге


ерітінділердегі заттардың парциалды қысымы, осмостық қысымы, иондардың және түрлі заттардың концентрациясы жатады.
Биологиялық тітіркендір гіштерге
макро
микроорганизмдердің
әсері жатады.

Тітіркендіргіштердің әсерінен тітіркене алатын ұлпаларды тітіркенгіш ұлпалар деп атайды. Оларға


жүйке,
бұлшықет,
без ұлпалары жатады.
Олар тітіркендіргіштердің әсеріне қозумен жауап береді.
Қозу
аталған ұлпалардың жұмыс қабілеті. Қозу кезінде бұл ұлпалардың электрлік және биохимиялық қасиеттері өзгереді, ұлпалар қызмет атқарады, олардың қызметі күшейеді.
Сыртқы ортаның кейбір тітіркендіргіштері әсер еткенде қозғыш ұлпалардың қозуы бәсеңдейді немесе мүлде тоқтап қалады. Мұны
тежелу деп атайды.
Тежелу де қозу тәрізді тірі ұлпалардың белсенді қызмет атқару күйі. Бірақ тежелу кезінде жеке мүшелерде немесе организмде бұрын басталған қызмет баяулайды, я болмаса мүлде тоқталады.
Тірі ұлпалардың электрлік қасиетін
биоэлектрлік құбылыс дейді.
Көп клеткалы организмдерде сыртқы және ішкі орталардың мәліметтерін қабылдап, сақтап, талдап, бір жерден екінші жерге жеткізу, қажетіне қарай қайтадан жаңғырту тарихи даму барысында қалыптасқан электр сигналдары арқылы іске асады.
Электр күшін тудыратын энергия клетка мембранасының ішкі және сыртқы жағында орналасқан
оң (+) зарядты натрий, калий, кальцийдің катиондарымен
түрлі теріс зарядты (-) аниондарға байланысты.
Олардың бір-біріне градиенттік қатынасы (мембрананың иондық тартқыш) деп аталатын арнайы молекулалық құрлымының қызметіне негізделген. Энергия көзі саналатын иондық тартқыш-аденозинүшфосфор қышқылы (АТФ) ферменттердің әсерінен ыдырау кезінде пайда болатын энергияны жұмсайды.

3.Қозғыштықтың кезеңдері және өлшемдері


Қозғыштық дәрежесін анықтау үшін бірнеше параметр қолданылады.
Қозу табалдырығы,
әсердің пайдалы уақыты,
хролаксия,
лабилділік,
аккомодация жылдамдығы.
Қозу табалдырығы деп қозу процесін тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз өлшемін айтады.
Әсердің пайдалы уақыты тітіркендіргіштің әсері оның күшіне ғана байланысты емес, әсердің ұзақтығына да байланысты болады.
Хролаксия деп тінді қоздыратын екі реобазаға тек күш әсерінің ең қысқа уақытын (ОҒ) айтады.
Аккомодация жылдамдығы (аккомодация бейімделу). Аккомодация жылдамдығы тінді қоздыратын тітіркендіргіштің үдеу қарқынының ең аз (минимум) уақытымен өлшенеді.
Лабильділік (тұрақсыздық ) белгілі тіннің қозғыштық дәрежесін көрсетеді. Қозу барысында мембрананың потенциалы әрекет потенциалына айналады. Тірі организмде көптеген потенциалдар кездеседі (электр тоғы).
Мембраналық потенциал дегеніміз – протоплазма потенциалымен жасушаның сыртқы бетіндегі потенциалдар арасындағы айырмашылық. Тірі жасушаның қайсысында болсын мембраналық потенциал болады. Жасушаның тіршілігі жойылған сәтте мембраналық потенциал жойылады.
Қозу процесі пайда болған сәтте туатын потенциал
әрекет потенциалы (ӘП).
Қозуды өлшем мембрананың қызметі жүйкеге ұзақ уақыт күшті химиялық тітіркендіргіштер әсер етсе оның қозғыштық қасиеті, лабилділігі төмендейді. Оны парабиоз деп атайды.
Парабиоз грек сөзі (рага - жуық, жақын, bіоs - өмір, тіршілік) Өмір мен өлім арасындағы жағдай деген мағынаны білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет