Тақырыптардың соңында бақылау сұрақтары берілген. Оқу құрал қазақ тілінде оқитын биологиялық факультеттердің студенттеріне арналған



бет33/36
Дата25.10.2022
өлшемі6,06 Mb.
#154840
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
микр лаб жаңа
Balnur Serik SIB-49,лекция Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, 1636122179, Роза презентация экология, О мерах по дальнейшему совершенствованию этических норм
Сурет 24. Ламинар - бокс
Денитрификация
Микроорганизмдердің жүргізетін нитраттар мен нитриттердің молеку-лярлы азот түзіле отырып қайта қалпына келу процесі денитрификация деп аталады. Нитраттардың моекулярлы азотқа дейін қалпына келуі 2 ке-зеңнен өтеді: HNO3→HNO2→ HNO→H2O→ N2
Денитрификация топырақтағы азот қорының жайылуына әкеліп соға-ды, сондытан халық шаруашылығына зиянды процесс деп есептеледі. Дени-трификациялаушы бактериялар – факультативті анаэробтар. Аэробты жағдайда денитрификаторлар органикалы заттарды ауа оттегімен тотық-тырады, ал анаэробты жағдайда органикалық заттардың тотығуын дегидра-ция жолымен сутегінің нитраттарға және нитриттерге берілуі арқылы жүр-гізеді. Бұл процестер келесі реакция теңдеуімен схемалық түрде берілуі мүмкін: 5С6Н12О6 + 24КNO3→24КHCO3 + 6CO2 + 18H2O + 12N2
Денитрификациялаушы бактериялар
Денитрификациялаушы бактериялар органикалық заттарының мөлше-рі жоғары болатын ылғалды әлсіз аэрацияланған топыратарда тараған. Ең белсенді денитрификаторларға төмендегі бактериялар жатады:
Pseudomonas aerigonosa – ұсақ таяқшалар (мөлшері 1,0-1,5 мкм), жеке немесе қосарланып біріккен, қозғалғыш, 1-2 полярлы талшығы болады. Культура ортаны бояйтын жасыл-көк пигмент түзеді; Pseudomonas fluor-escens – ұсақ таяқшалар (мөлшері 1,0-2,0мкм), қозғалғыш, 3-4 полярлы тал-шығы болады. Культура жасыл-сары пигмент түзеді; Ashromobacter stu-tzeri – мөлшері 2,0-4,1 мкм болатын таяқша тәрізді клеткалар, қозғалғыш, перитрих.
Материалдар мен құрал – жабдықтар: Сұйық Гильтая ортасы бар пробиркалар, топырақ, қандауыр,спирт шамы, парафин және вазелин майы, заттық шынылар, микробиологиялық ілмешек, пинцит, микроскоп, фуксиннің немесе генцианвиолеттің 1%-ті сулы ерітіндісі, дифениламин, консентрлі күкірт қышқылы, барий хлоридінің 10%-ті сулы ерітіндісі, мырыш-иод-крахмал, Несслер реактиві, фарфор палеткалары.
Жұмыс барысы:
Денитрификациялаушы бактерияларды жинақтау үшін екі ерітіндіден тұратын Гильтая қоректік ортасын пайдаланады:
1 ерітінді (г/250 мл дист. Су)
KNO2 – 2,1
Аспарагин – 1,0

ІІ ерітінді (г/50 мл дист. Су)


KH2PO4 – 2,0
MgSO4 – 2,0
CaCl2 – 2,0
FeCl3 – іздері
Лимонқышқылы натрий – 5,0
І және ІІ ерітінділерді қосады, орта көлемін дист. Сумен 1000 мл –ге дейін жеткізеді және рН 7,0 болу керек. Ортаны үлкен пробиркаларға қалың қабат етіп құяды және автоклавта 0,5 атм-да 20 минут стерильдейді. Қоректік ортасы бар пробиркаларға топырақ түйіріп қосады, тығыз жау-ып, термостатқа 30-350С температураға қояды. Анаэробты жағдайлар-ды қамтамасыз ету үшін сұйықтықтың беткі қабатын стерильді бейтарап вазе-лин немесе паравин майының жұқа қабатымен жабады.
7-10 тәуліктен кейін ортаны алып тексеру керек. Пробиркадағы сұйық-тықтардың лайлануы, газдардың (СО2 жәнеN2) бөлінуі байқалады. Сирек емес лимон қышқылы бар ортада пробиркадағы сұйықтықтың жа-сылдануы байқалады, Pseudomonas aerigonosa бактерияларының дамыға-нын білдіреді. Пробиркадағы сұйытықтан дифениламинмен болатын сапалы реакциядан және мырыш-иод-крахмал реактивімен нитрат пен нитриттердің жойылуын және Несслер реактивімен ортада аммиактың пайда болуын тексереді. Әдетте 6-7 тәуліктік инкубациядан кейін нитрат-тар мен нитриттер үлгілері кері реакция береді, ал аммиак үлгісі оң болады, бұл нитраттардың аммиакқа дейін қалпына келун дәлелдейді.
Пробиркадағы сұйықтықтан жинақтаушы жұғынды дайындайды, боя-йды және оларды микроскоптайды. Микроскоптың көру кеңістігінде спора түзбейтін, жеке орналасқан немесе қысқа тізбек түрінде біріккен көптеген ұса таяқша тәрізді клеткалар көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет