Тақырыптық бақылау. 8 класс. «Жай сөйлем. Айтылу мақсатына қарай» І нұсқа



бет1/7
Дата27.10.2022
өлшемі30,48 Kb.
#155138
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
tem kont 8kl zhay soylem ayt mak karay
11111111111111

Тақырыптық бақылау. 8 класс.
«Жай сөйлем. Айтылу мақсатына қарай» І нұсқа.

  1. Хабарлы сөйлемді табыңыз.

А) Ал сосын. В) Ойсыздарға қосылма. С) Неге бұғасың Д) Қайдағы жау Е) Жел де жоқ.

2. Сұрау есімдігі арқылы жасалған сұраулы сөйлемді табыңыз
А) Қар жауса ше? В) Балам, аманбысың? С) Бұл сен бе? Д) Жағдай қалай? Е) Мынау сен шығарсың?

3. Бұйрықты сөйлемді табыңыз
А) Егіс көлемін ұлғайт В) Тіл қандай С) Сен енді бала емессің Д) Ал Жамал ше Е) Бұл- тарихи жер

4. Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөйлем қалай аталады?
А) Лепті В) Сұраулы С) Хабарлы Д) Бұйрықты Е) Атаулы

5. Сұраулы сөйлемді табыңыз
А) Қарағым, тоқтай тұршы В) Пай-пай, шабысының қаттысын-ай С) Сен жазып келген шығарсың Д) Дала айдай жарық Е) Мектептің кең залы

6. Одағай сөз қатысқан лепті сөйлемді табыңыз
А) Ойпырым-ай, балаңның мінезі қандай жаман еді. В) Көрсетпе көз жасыңды. С) Жүр, жарысайық. Д) Балам, жөніңді айтшы. Е) Амал нешік, пешенеме жазғаны осы болды.

7. Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді табыңыз
А) Ол кісі қайда тұрады. В) Неге үндемейсіз, әже, барамыз ба? С) Ол жерге неге отырасың. Д) Ойбай, сен былай тұр Е) Мен күні бойы жұмыста болдым ғой.

8. Бұйрықты сөйлемді табыңыз
А) Сен менен аулақ жүр. В) Біреу көп үшін, көп біреу үшін. С) Жеріміз біздің неткен бай. Д) Сүйіндік жігіттері оншақты күнде Омбыға келіп қалды. Е) Қазір қай жерде тұрасыз.

9. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз
А) Жарайсың,қалқам?! В) Енді мені ұрайын деп пе едің?! С) –Ешкімге сенуші болма- деп айқайлады. Д) – Рас па!- деп бажырая қарады. Е) Тәйт. Тыныш отыр.

10. Дауыс ырғағы арқылы жасалған лепті сөйлемді табыңыз.
А) –Жасасын, Қазақстан! В) –Жолдастар, тынышталыңыздар! С) –Мынау дегенің әдемі ғой! Д) –Шіркін, орманның таза ауасын-ай! Е) –Бәрекелді! Бәрекелді! Жарадың,қалқам!
11. Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлемді қандай сөйлем дейміз?
А)хабарлы сөйлем. В)сұраулы сөйлем. С)лепті сөйлем. Д)бұйрықты сөйлем Е) Тұрлаулы сөйлем



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет