Тақырыптық бақылау. 8 класс. «Жай сөйлем. Айтылу мақсатына қарай» І нұсқа


Одағай сөз қатысқан лепті сөйлемді табыңыз



бет5/7
Дата27.10.2022
өлшемі30,48 Kb.
#155138
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
tem kont 8kl zhay soylem ayt mak karay
11111111111111
1.Одағай сөз қатысқан лепті сөйлемді табыңыз. А) Ойпыры-ай, балаңның мінезі қандай жаман еді. В) Көрсетпе көз жасыңды. С) Жүр, жарысайық. Д) Балам, жөнінді айтшы. Е) Амал нешік, пешенеме жазғаны осы шығар.
2. Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді табыңыз. А) Ол кісі қайда тұрады. В) Неге үндемейсіз ,әже, барамыз ба? С) Ол жерге неге отырасың. Д) Ойбай, сен былай тұр. Е) Мен күні бойы жұмыста болдым ғой.
3. Бұйрықты сөйлемді табыңыз. А) Сен менен аулақ жүр. В) Біреу көп үшін, көп біреу үшін. С) Жеріміз біздің неткен бай. Д) Сүйіндік жігіттері он шақты күнде Омбыға келіп қалды. Е) Қазір қай жерде тұрасыз.
4. Лепті сөйлемді табыңыз. А) Түу, сіз қызық екенсіз В) Көмірсіз тырп етіп көрші С) Қас сұлуда мін болмас Д) Қалқам, көсеген көгерсің Е) Бардың ғой, ә
5. Хабарлы сөйлемді табыңыз. А) Ал сосын В) Ойсыздарға қосылма С) Неге бұғасың Д) Қайдағы жау Е) Жел де жоқ
6. Лепті сөйлемді табыңыз. А) Мына көгалға бауырынды төсеп жатсаң В) Зәуре оны ұқпайды С) Бәтір-ай, сұмдық болмаса игі еді Д) Қарағым, мына баланы риза қылшы Е) Мүмкін, күн ашылар
7. Лепті сөйлемді табыңыз. А) Үйге ерте қайттым. В) Ертерек кел С) Ертерек келсеңдер қайтеді Д) Екеуінде жеңіп кетті Е) Қанша тырыссам да, ойпырмай, ерте келе алмадым
8. Хабарлы сөйлемді табыңыз. А) Сары торы В) Доңыз деген қандай жиіркенішті С) Сүт тез қайнаса ше Д) Әкем картопты алды Е) Келетін болса, хабар бер
9. Бұйрықты сөйлемді табыңыз. А) Әзіл айтсаң да, әділ айт В) Дос-жараңның қадірін жалалы болғанда, білерсің С) Сабыр түбі- сары алтын Д) Екі жердегі екі- төрт Е) Оны неге білмейсің, ә
10. Хабарлы сөйлемді табыңыз. А) Жыбырлаған бір нәрселер В) Әттең, ерте қайтсам ғой С) Шырайдың жасалу жолы қандай Д) Жаздық киіміңді ки Е) Айтысу үшін тапқырлық керек

11. Одағай сөйлем қатысқан лепті сөйлемді тап.
А) Ойпырым-ай,балаңның мінезі қандай жаман еді.
В) Көрсетпе көз жасыңды. С) Жүр,жарысайық
Д) Балам,жөніңді айтшы Е) Амал нешік,пешенеме жазғаны осы болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет